1-сұрақ Python тілінің атқаратын қызметі мен қолданылуы,қысқаша даму тарихы


- Сұрақ Жолдарға пайдаланылатын функциялар мен әдістер



бет17/23
Дата29.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#144594
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Программа теория жауаптары (1) (2)

29- Сұрақ
Жолдарға пайдаланылатын функциялар мен әдістер
Python программалау тілінде жолдар өзгермейтін тізбектер категориясына жататын болғандықтан, барлық функциялар мен әдістер тек жаңа жол құрады. Тілдің жүйесіне орнатылған функциялар мен әдістерді: жолдың регистрін өзгерту, жолдың бөлігін іздеу және оны алмастыру, жолдарды жіктеу, жолдарды туралау, жолдарды тізімдерге түрлендіруге арналған деп бөлуге болады. Жолдарға пайдаланылатын функциялар мен әдістердің бірқатарына мысалдар келтірейік.
s.isidentifier() - жолдың Python тілінің идентификаторы екенін анықтайды. Егер s жолы Python тілінің идентификаторы (айнымалы аты, функция, класс және т.б.) болса, ақиқат мәнін, кері жағдайда жалған мәнін береді.
S.lower() - жолды төменгі регистрге көшіреді.
S.isdigit() – жолдың цифрлардан тұратынын анықтайды, егер жол бос болмаса және цифрлардан тұратын болса, ақиқат мәнін береді, кері жағдайда жалған мәнін береді. Жолдың бөлігін шаблонмен алмастыруды қарастырайық. Оның форматы:
S.replace(шаблон, алмастыру)
Төмендегі мысалда «ұнатпаймын» сөзі «ұнатамын сөзіне алмасуы тиіс.S.zfill(width) функциясын қарастырайық. Мұндағы width айнымалысы жалпы символдар санын көрсетеді. Егер жолдың алдында таңба болатын болса, онда ол сол жақта қалады. Мысалдан көріп отырғанымыздай, 65 санының алдына үш ноль орналастырды. Жолды толтыруға арналған келесі функция
S.ljust(width, fillchar=” ”)
Мұндағы l (left) солға қарай дегенді білдіреді, дәлірек айтқанда, берілген символдар сол жақта қалады, ал қойылатын символдар оң жақта орналасады. Көріп отырғанымыздай, 15 саны символдардың саны, 'Well done' тоғыз орын алып отыр, сондықтан алты леп белгісі қойылды. S.strip([chars]) – жолдың оң және сол жақ шетіндегі символдарды өшіреді. S.strip() әдісі S.lstrip([chars]) және S.rstrip([chars]) шақыруымен бара – бар. Chars әдісі символдың басындағы және соңындағы бос орындарды өшіреді. Мысалы, мысал. Берілген жолдағы әріптің кездесетін орнын анықтау қажет. Атап айтқанда, бастапқы және соңғы орнының индексін табатын программа құрайық. Ол үшін екі параметрлі функция жазу қажет, ол ізделінді символды және тұтас жолды қамтиды. Жолда әріп кездеспеген жағдайда кортежді (None, None) беру керек, егер жолда ізделінді символ бар болса, онда оның бастапқы және соңғы индексін экранға басып шығару керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет