1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту



бет44/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

84. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын белгілеу. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Біздің еліміз екі ірі мемлекет - Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан. Сондықтан да бұл елдермен шекара сызығын белгілеуге, оның тиянақты орындалуына ерекше мән берілді. Қазақстандық делегация мүшелері барлық мәселеде өз көзқарастарын берік ұстанды және келіссөз жүргізуші тараптардың ұсыныстары мен дәйектеріне құрметпен қарады.

Есеміз кетпеді, еңсеміз түспеді


1991 жылға дейін Қытайға қатысты келіс­сөздерді осы елмен шекаралас жатқан бұрынғы одақтас республикалар өкіл­дерінің қатысуымен құрылған Кеңес өкі­метінің делегациясы жүргізіп кел­ген бо­латын. Ал 1992 жылдан бастап Қазақ­стан шекара мәселесімен айналы­сатын өз делегациясының құрамын бекі­тіп, Қытаймен шекараға байланысты келіс­сөз­дерді тәуелсіз ел ретінде қолға алды. Елі­міз дипломаттарының білік­тілігі мен іскерлігінің арқасында Қазақ­стан 1992-2005 жылдар аралығында Азия құр­лы­ғындағы алып Қытаймен мемле­кеттік шекарасын барлық периметрі мен өлшем­дері бойынша нақтылап алуға қол жеткізді.
Шекара шетін мәселенің бірі болған­дықтан Мемлекет басшысы ең алдымен Қытай Халық Республикасымен мем­лекеттік шекараны делимитациялау туралы шешім қабылдады. Кейін бел­гі­лі болғанындай, құжаттарды зерттеп, оларға талдау жасағанда Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік шекара ор­на­тудың бұрыннан келе жатқан аса қиын да күрделі тарихы бар болып шықты. Сон­дай-ақ, Қазақстан-Қытай шекарасы үш ғасыр бойы қалыптасып келген екен. Оның алғашқы құжатты ресімдеуі 140 жыл­дан астам бұрын басталған, ол кезде Қа­зақстан Ресей империясының құрамын­да болғаны белгілі. Ал 1860 жылғы Бей­жің қосымша шарты мен 1864 жылғы Чу­гучак хаттамасы бұл жұмыстың негізін қа­лаған. Содан кейін 1881 жылы Петербург шарты бекітілген, бұл үдеріс Орталық Азия шектерінде Ресей-Қытай шекарасы орнауымен аяқталған.
Ал шекара сызығының өтуі туралы уағдаластыққа екі кезеңде қол жеткізілді. Оның алғашқысы 1994 жылдың сәуірінде ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің премьері Ли Пэннің Алматыға сапармен келуіне байланысты. Осы сапар барысында Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекараларының екі даулы учаскесінен басқа шекараның бар­лық өту сызығы бойынша келісімге қол қойылды. Жер аумақтарына қатысты кез кел­ген сәтте жанжал туу мүмкіндігін бәсең­деткен шекара туралы бұл алғашқы келісім­нің біздің ел үшін маңызы ерекше бол­ды. Екінші уағдаластық даулы деп ата­лып кеткен учаскелер - бұрынғы Талды­қорған облысындағы Сарышілде өзені ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы­ның Шағаноба асуына қатысты (Бұл учас­келерге жеке тоқталамыз).
Жалпы, екі ел арасындағы шекараны де­лимитациялау туралы келіссөздер алты жыл бойы жүргізілді, ал демаркациялау 2002 жылы толық аяқталды. Құжаттарға қара­ғанда, жүргізілген келіссөздерге Ресей империясы мен Қытай арасында ХIX ғасырда жасалған сегіз шарт пен хат­тама негіз болған. Делимитациялау жұ­мыс­тарын алты жұмыс тобы 1992 жылдың шілде айынан бастап 2001 жылдың желтоқсанына дейін іске асырды және 2002 жылы Бейжіңде Қазақстанның сол кездегі Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан Цзясюан екі ел үкіметтері арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы хаттамаға қол қойды.
Шындығына келгенде, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараның ше­ген­делуі - Елбасымыздың нағыз ерлікпен парапар сындарлы сыртқы саясатының же­місі. Екінші жағынан, Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР-дың сол кездегі Төрағасы Цзян Цзэминьнің өзара достығы және Мемлекет басшыларының бір-біріне деген шынайы сенімділігі. Реті келіп тұр­ғанда мына жайды айта кетейік. Сол жыл­дары Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанда, екі ел­дің шекара мәселесі жөнінде келісімге келуі мүмкін емес деген пікірлер де ай­тылған болатын. Ал ғасырлар бойы мойын­далмай келген біздің аумақтық тұтасты­ғымызды алып Қытайдың мойындап, Ше­ка­ра туралы шартқа қол қойғаны әлемдік қоғамдастықты қайран қалдырды. Өйткені, Қазақстан Республикасы - бұрын­нан Қытаймен шекаралас жатқан 15 мем­лекеттің ішінде Қытай үкіметінің келі­сімімен шекара аумағының 100 пайы­зын тиянақтап, ара-жігін ашып алған бірден-бір мемлекет. Сондай-ақ, Қытай­дың тарихта өзімен шекаралас жатқан елдердің ешқайсысымен шекараға байланысты келісім жасауға ешқашан мүдделі болмағаны тағы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет