17. Шыңғыс хан және Моңғол империясының құрылуы. Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері, Есугей баһадүрдің отбасында туған ежелгі ру басшысы.[1] Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан ( бала кезіндегі аты Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді.
18. XIV-XV ғғ. Ортағасырлық қалалар. Ақ Орда мемлекеті (XV ғасырдың басы-XIII ғасырдың аяғы). Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел. 14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібірден Сырға дейін созылып жатты. Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейіттер, үйсіндер, қарлұқтар. Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ. Ақ Орданың астанасы - Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы. Ақ Орда моңғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым.
Алтын Ордада – негізінен Бату ханның ұрпақтары, Ақ Ордада Орда-Еженнің ұрпақтары билік құрды. Әйтсе де, Бату ұрпақтарына аз мөлшерде вассалы болған Орда Ежен ұрпақтары өз мемлекеттерін тәуелсіздікке жеткізді. Ақ Орда феодалдық мемлекет еді. Алайда, оның қол астындағы жерлерде қоғамдық дамудың дәрежесі біркелкі болған жоқ. Ақ Ордаға қарасты отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Ал көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған аймақтарда көшпелі мал шаруашылық өндірісінің өзгешелігіне сай патриархалдық – феодалдық қарым-қатынас басым болып отырды.