1 «Стиль» стилистиканың негізгі орталық ұғымы



бет7/8
Дата25.05.2023
өлшемі46,52 Kb.
#97560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Текстовый документ OpenDocument

Ізденімдік оқылым- берілген материалдың /текст, шығарма, кітап т.б./ ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды, сілтемені, көрсеткішті т.б. іздеп тауып, пайдалана білу. Біріншіден, мұндай оқу жылдамдықты қалайды, екіншіден, көлемді текстен әркім өз қажетін таңдап алуға мүмкін болатын тапқырлықты қажетсінеді.
Ізденімдік оқылымда оқырман кітап пен тұтас материалды түгел оқып не қарап жатпайды, тек өзіне керектісін мазмұннан, жоспардан, схемадан т.б. іздестіріп, тауып алады және нені іздеп табу керектігін алдын ала біледі.
Академиялық мәтіннің тілі. Қазіргі заманғы кәсіби коммуникацияның стилі мен лексикасы 1 Жұмыстың құрылымы – Академиялық мәтіннің қажетті элементтері (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі). . Мәселенің қойылуы. Өзектілігі. Жаңалығы. Жұмыстың шегі. Тілдік мәнмәтін тапсырмасы. Жұмыстың құрылымын сипаттау 3 Қорытындыда не жазу керек? Өз жұмысын бағалау. 4 Ғылыми мәтінді жазу үстінде жиі кездесетін қателіктер. Жұмысты редакциялаудың қажеттігі. Ғылыми зерттеулер әдістемесі. Төмендегі сұрақтарға жауап беру: 1) Ғылыми әдіс дегеніміз не? 2. Жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер: сипаттау, салыстыру (салғастыру), жіктеу, талдау және жинақтау. Жиі қолданылатын әдістер: статистикалық, эксперимент, әлеуметтік сауал жүргізу (әлеуметтану, математика, психология). 2) «Студентке ғылыммен айналысудың қажеттілігі бар ма?» тақырыбында ҚазГЗУ студенттерінің арасында сауал жүргізу. Алынған жауаптарды жүйелеп жіктеу

Педагогикалық зерттеу әдістері
Жоспар
1.Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру

    2.Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
    Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру. Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс. Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы. Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады. Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды. Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды. Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема. Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары. Зерттеу мақсаты, объекті жəне деніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Ғылыми жаңалылық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде əлі белгісіз, педагогикалық əдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық жəне практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді. Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нəтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, əдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар жəне т.б. дайындауға арқау болуында. Жаңалылық тиектері, теориялық жəне практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір-бірімен ауысып барады, сондай-ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына да тəуелді келеді. Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалық- жұмыстар орындауды қажет етеді. Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тəжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мəнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нəтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ əлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді. Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мəні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мəнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталды-теориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау. Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық жəне гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады. Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нəтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу. Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.

Плагиаттан сақтану


Жоспар
1.Плагиат түсінігі және плагиаттықтан сақтану жолдары.
2.Парафразға анықтама және оның қолданылуы.
Плагиаттық жасамау жазып отырған тақырып туралы толық мәлімет алуға, ойды қорытындылауға, жүйелеуге тақырыпты талдауға үлкен ықпалын тигізеді. Плагиаттықтан сақтану үшін өзге еңбектерден алынған басқа авторлардың сөзіне, оларға жасалған қорытындыға және парафразға қашанда талапқа сай сілтеме берілуі қажет.Сол себепті, плагиат жасамау үшін мына амалдарды орындаған абзал:

Сілтеме жасау - басқа бір автордың пікірін қолдану үшін үнемі сол авторға сілтеме жасауды ұмытпау керек. Сілтеме дегеніміз - өзге автордың ойын немесе сөзін алған әдебиетті, яғни материалды көрсету.

Төл сөзді қолдану - мәтіннен керекті деген ақпаратты өзгертпей сол күйінде тырнақшаға алу арқылы қолдану. Кейде ол тура сілтеме жасау деп те аталады.
Парафраз жасау - автор сөзін мағынасын сақтай отырып, өз сөзімен қайта жазып шығу. Қазақ тілі ережесі бойынша өзгенің сөзін мағынасын өзгертпей қайталау «төлеу сөз» деп аталады. Бұл әдіс студент үшін өзге автор ойын толық түсінуге көмегін тигізеді.
Қорытынды жасау - студенттің оқыған, көрген немесе тыңдаған дәрісінің мазмұнын үсінгендігін көрсетеді. Бұл – академиялық жұмыстың басты мақсаты. Ол үшін өзге авторлардың пікірлеріне сілтеме жасай отырып еңбектің қысқаша мазмұнын беруге болады.
Сонымен қатар, өзге авторлардың сөзін тікелей қолдану барысында тыныс белгілерді дұрыс қолдану қажет. Әдетте, автор сөзін сол күйінде ,яғни т өл сөз ретінде алу барысында тырнақша ашылады. Бұл өзге автор сөзімен жазушы (студенттің) сөзін ажыратуға көмектеседі.
Үнемі өзге авторлардың сөздерін идеяларын қолданғанда сілтеме жасап отыру қажет. Идея авторына сілтеме жасамау плагиаттық деген сезім тудыруы мүмкін.
Зерттеу жұмысын жазуды бастамас бұрын тақырып жайында жазылған еңбектерге шолу жасау керек. Сол себепті алдымен ғылыми әдебиеттер мен құжаттарды мұқият тыңдап алып жүйелеп алу қажет. Қолданылатын материалдарды жұмыста плагиат талаптарын сақтай отырып қолдану үшін төл сөз және қорытындыны қолданылу жолдарын жақсы білу қажет. Бұл аталғандардың барлығында сілтеме қажет, ал төл сөз талданған жағдайда міндетті түрде сілтеме алынған бет көрсетілуі тиіс.
Қорытынды мәтінді оқу арқылы ондағы негізгі деген оймен ғана беруге бағытталады. Оның негізгі мақсаты – бір автордың еңбегіндегі негізгі ойды ықшамдап, өз сөзімен жеткізу. Бұл әдіс сөздік жағынан шектеу қойылған шағын еңбектер жазу барысында қолданған өте ыңғайлы, мәселен, шағынэссені жазу барысында жиі қолданылады.
Қорытынды мен парафраз жасаудың өзара ұқсастықтары бар. Екеуінде де автор өзгенің сөзін өз сөзімен береді, бірақ парафраз бір сөйлемді немесе параграфты төлеу сөзге айналдыруға негізделсе, қорытынды тек тұтас бір мәтіннің немесе тұтас бір беттің негізгі деген ойды ғана беруге бағытталады. Сол себепті, қорытындыға сілтеме жасалғанда ақпарат алынған бет көрсетілмейді, тек әдебиетке сілтеме жасалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

2 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 446 бет.


3 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 328 бет.
4 Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995. – 180 бет.
5 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы \оқулық\. – Алматы: Санат, 1994. – 320 бет.
6 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы (синтаксис). – Алматы: Мектеп, 1966. – 320 бет.
7. Омарбеков С. Н.Сауранбаев және қазақ тіл білімі // Алматы: Кенже-пресс, 2000.
8 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). 2-басылуы. – Алматы, «Санат», 1995. – 176 бет.
9 Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1975. – 164 бет.
10 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі \морфология\. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 бет.
11 Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. – Қарағанды: ҚарМУ, 1998. – 159 бет.
12 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 бет.
13 Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Зерттеунама. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 230 бет.
14 Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1982. – 351 бет.
15 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Рауан, 1991. – 174 бет.

Педагогикалық ғылым саласындағы жаңа тақырыптарға талдау жасау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет