1-студент (Асылхан) Қ. Аманжолов өлеңін айтады



Дата18.07.2022
өлшемі18,11 Kb.
#37720
Байланысты:
Тарбие сагаты ИЯ-35.....


1-Жүргізуші:Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

1-студент (Асылхан) Қ.Аманжолов өлеңін айтады:


Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далад аатам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұ лдалад аөскен жанда жоқ арман!

2-Жүргізуші:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

1-Жүргізуші:Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

2-Жүргізуші:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.


1-Жүргізуші:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

2-жүргізуші:1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

1-жүргізуші:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

2-жүргізуші:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

2-студент: (Аружан Ерсайынова) Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

3-студент: (Альфия) Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың


ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

4-студент: (Гулбану) 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.


Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

5-студент: (Алишер) 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.


«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!
”Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

1-Жүргізуші:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

6-студент: (Дана) 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Танидысені бар әлембүгін.

7-студент: (Гулжайна) 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.


Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

1-Жүргізуші: Қазір назарларыңызға Елбасы атындағы нысандарды ұсынамыз:


1.Н.Назарбаев атындағы Халықаралық әуежай. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан халықаралық әуежай. Ол Нұр-Сұлтан орталығынан 14 км қашықта орналасқан. Әуежай өз тарихын 1931 жылдан бері бастайды. Сол жылы бірінші әуе алаңы құрылып, 1948 жылдан бастап ауыр ұшақтарды қабылдай алатын болды. 1956 жылдан бастап әуежай тәулік бойы жұмыс істей бастады. Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспары бойынша 2030-жылға дейін күніне 1200 адам жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін жалпы аумағы 1000 шаршы метр тағы бір халықаралық әуежай салынады.
Әуежай шамамен қаладан 35 шақырым қашықтықта орналасады. Оның құрылысы Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды не Қарағанды тас жолында орналасқан Аршалы аймағында бой көтереді. Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істеуге көшетін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады. Астана Халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. ҚР Үкіметінің бұл туралы қаулысы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.
2-Жүргізуші:Н.Назарбаев атындағы Университет. Назарбаев Университетi инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.Қазақстан Республикасының Президенті 2009 жылы халықаралық деңгейдегі университет құру туралы жобаға бастамашылық етті. 2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылады, оларға шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

1-Жүргізуші: Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектеп. Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі. Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте оқушыларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Йель, Сорбонна, Лондонның экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындар бар .

2-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасының қызметі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.Жеке кітапхананың негізгі қорын Елбасының Қазақстан Республикасында және шетелде шығарылған авторлық басылымдары; Тұңғыш Президент туралы Қазақстан Республикасында және шетелде шығарылған кітаптар; Тұңғыш Президентке авторлардан сыйға тартылған қолтаңбасы бар кітаптар мен басқа баспа басылымдары; сирек, коллекциялық және сыйға тартылған басылымдар; мерзімдік басылымдар (газеттер, журналдар); анықтамалық әдебиет (энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар); биобиблиографиялық және библиографиялық көрсеткіштер мен электрондық басылымдар құрайды.
1-Жүргізуші: Назарбаев орталығы (ағылш. Nazarbayev centre) — көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі. азарбаев орталығы қызметінің негізгі мәні Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеу мен танымал ету бойынша бірыңғай және белсенді ақпараттық кеңістік құру мен одан әрі жетілдіру болып табылады.Мемлекеттік мекеменің мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеуді ұйымдастыру және өткізу, гуманитарлық-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси одан әрі қарай дамуына ықпалдасу, қазақстандық қоғамда азаматтық теңдік пен патриотизм қағидаттарын нығайтуға жәрдемдесу, қазақстандық мемлекеттіліктің тарихын, теориясы мен практикасын зерттеу әрі танымал ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мемкемелерінің, азаматтық қоғам институттарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

2-Жүргізуші: Төле би сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіл ешабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қолбастайтын ерім бар,
Атаданқалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,


бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі,
болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет