№1 Субтест. Психоәлеуметтік жетілгендік деңгейін зерттеу.
Тестілік әңгімелесу С.А. Банков бойынша.
Әңгімелесу сұрақтары:
1.Өзіңнің аты-жөніңді айт.
2.Әкеңнің, шешеңнің аты-жөнін айт. (ата-аналарға қатысты сұрақтарды алдын ала үлкендерден әкесі, шешесі бар екендігін,олардың бала
тәрбиесіне қаншалықты қатысатындығын біліп барып қойған дұрыс).
Шешең (әкең) кім болып істейді?.
Сен қайда тұрасың, өзіңнің мекен-жайыңды айт.
Сен ұл баласың ба, әлде қыз баласың ба?
Сен өскенде кім боласың:апай әлде ағай?
Сенде аға,(апа), іні, (қарындас, сіңлі) бар ма?
Сен неше жастасың?
Бір жылдан соң, екі жылдан соң нешеге келесің?
Қазір таңертең, әлде кешкі уақыт (күндіз немесе таңертең)?
Сен ертеңгілік тамақты қай уақытта ішесің: кешке ме, әлде таңертең?
Түскі тамақты таңертең, әлде күндіз ішесің бе?
Қайсысын ерте ішесің-түскілік, әлде кешкілік тамақты?
Қазір жылдың қай мезгілі- қыс,көктем, жаз немесе күз?
Сен неге олай деп ойлайсың?
Қай уақытта шана тебуге болады- қыста әлде жазда?
Қар неге жазда емес, қыста болады?
Дәрігер, мұғалім, пошташы не істейді?
Мектепте қоңырау парта, портфель не үшін керек?
Сенің өзіңнің мектепке барғың келе ме? Неліктен?
Мектепте оқушылар жауап бергісі келгенде қай қолын көтереді?
Сен сурет салғанды жақсы көресің бе?
Мына қарындаштың, баудың, көйлектің, т.б. түсі қандай?
Өзіңнің оң қөзіңді, сол құлағыңды көрсет. Көз, құлақ не үшін қажет?
Сен қандай аңдарды білесің?
Қандай құстарды?
Не үлкен: сиыр әлде ешкі?
Құс әлде ара?
Қайсысының аяғы көп: иттің әлде қораздың?
Қайсысы артық: 8 әлде 5, 5 әлде3? 6 дан 9 ға дейін,5 тен 3 ке дейін сана.
Біреудің затын байқамай сындырып алса не істеу керек?
Жауаптардың бағасы
Бір пункттың барлық ішкі сұрақтарына берілген дұрыс жауап үшін бала
тек 1 балл ғана ала алады (бақылау сұрақтарын ескермегенде).
Пункттың ішкі сұрағына дұрыс бірақ толық емес жауап үшін бала 0,5
балл ала алады.
Барілген сұраққа сәйкес және жеткілікті толық жауаптар дұрыс деп
есептелінеді,мысалы: "Әкем Костенко атындағы шахтада инженер болып
істейді". "Иттің аяғы қораздыкіне қарағанда көп, өйткені итте 4, ал қоразда 2
аяқ бар". Қатемен берілген жауаптар: "Шешем Айжан", "Әкем жұмыста
жұмыс істейді". Сол тәрізді егер бала жыл мезгілдерін, олардың белгілерін
шатастырса, "көп-аз" ұғымын көрнекі мысалсыз берсе, қате жауап болып
саналады.
Бақылау сұрақтарына: 4, 7, 10 , 14, 22 пункт-сұрақтары жатады, Олар
былайша бағаланады: 4 - тұрған жерінің атауы мен толық мекен-жайын
айтқаны үшін- 2 балл; 7 -егер бала өзінің қанша жаста екендігін есептей алса
- 1 балл; 10 - белгісі бойынша негізделген жауап үшін (ең кемінде үш белгі
бойынша) - 2 балл, 3 белгіге дейін- 1 балл; 14 - әрбір мектеп
атрибутикасының қолдануын дұрыс айтқаны үшін - 1 балл; 22 - әр дұрыс
жауап - 2 балл.
15 пункт 14 және 16 пункттармен біріктіріле бағаланады. Егер бала 14 п.
бойынша 3 балл жинап және 15 п. немесе 16 п. дұрыс жауап берген болса,
онда мектепте оқуға оң ықыластану бар болғаны (14-16 п. бойынша 4 балл
жинау қажет) .
Әңгімелесу нәтижелерінің бағасы
Нәтижесі 15 балдан төмен балаларды одан әрі психологиялық зерттеуге
ұсыну қажет. "Мектеби- жетілген" балалар болып барлығы 24- 25 балл
алғандар, "орташа- жетілген" балалар болып 20-24 балл, және
"жетілмегендер" болып 15-20 балл алғандар саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |