Екiншi реттiк орама ажыратылып тұрған кездегi (Zж=, І2=0) трансформатордың жұмыс тәртiбi бос жүрiс деп аталады. Бұл жағдайда ЭҚК-тiң және токтардың тендеулерi мына түрде жазылады.
Бос жүрiс тәртібiнде трансформатордың тұтынатын қуаты Р0магниттiк өткiзгiштегi магниттiк шығындарға (РҚ+РГ) және бiрiншi реттiк орамадағы электрлiк шығындарға (І02R1 ) жұмсалады.
Бос жүрiс тәжiрибесiнен келесi шамаларды анықтауға болады
Екiншi реттік орама тұйықталған кездегi трансформатордың жұмыс тәртiбi қысқа тұйықталу деп аталады.
Бұл жағдайда ЭҚК-iң және токтардың теңдеулерi мына түрде жазылады
Қысқа тұйықталған трансформатордың орамасында номинал ток тудыратын кернеуді қысқа тұйықталу кернеуi (UҚ)деп аталады. Мұны, әдетте номинал кернеу U1Н–нің пайызы түрінде көрсетеді uҚ
(3.4)
Магниттік өткізгіштегі магниттік ағын бірінші реттік кернеу U1-ге пропорционал, ал қысқа тұйықталу тәртібiнің кернеуі uҚ U1Н кернеуінiң 10% - ынан аспайтындығынан магниттік ағын да аз, осыған сәйкес оны тудыратын токтың да шамасы аз болады, сондықтан бұл токты елемеуге болады. Сол себептен қысқа тұйықталу тәртібіндегі трансформатордың салыстырма сұлбасында магниттеушi тармақ болмайды (2.8 Сурет).