1-тақырып: Қазақ диалектологиясының жалпы мәселелері. Диалектология – тіл туралы ғылымның дербес саласы. Жоспар


Диалектология туралы жалпы түсінік



бет5/6
Дата15.03.2022
өлшемі32,89 Kb.
#27998
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-лекция

Диалектология туралы жалпы түсінік

Жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпыхалықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпыхалықтық тіл арнасымен астасып жатады да, кейбір дыбыстық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.

Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді.

Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект 2 — 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 — 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды. Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді зерттейтін саласы диалектология (диалектос – сөйлеу, сөйленіс; логос – ілім ) деп аталады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз жергілікті жерде басқаша айтылуы мүмкін. Мысалы, қоңсы — көрші, сой — тұқым, оздыру — өткізу. Әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше нұсқасы кездеседі: үлкен — дырау, нән, нәнбай, дығал, дөкей, әйдік, жоян, ноян, сомбал, шанбол, чоң, шоң.

Диалектілік ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі: шәш — шаш, айқыра — айқара, кербаз — кербез, мәртаба — мәртебе. Сондай — ақ сөз тіркестерінде де кездеседі: зыбан ұру – әлек салу, ілкі әзірде – алғашқы кезде.

Халық, я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, жалпыхалықтық әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әртүрлі болып келеді. Белгілі бір кезеңде әдеби тіл қабылдап, оның қолданылу нормасына айналып, тұрақталып, жалпыхалықтық сипат алған ерекшеліктерімен қатар, әдеби тілді қабылдамай, одан тыс қалып отыратын диалектілік ерекшеліктер, қарапайым сөздер, жаргондар, варваризмдер, кітаби тіл элементтері де бар.



Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің тармақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет