1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет34/51
Дата18.10.2023
өлшемі271,68 Kb.
#117887
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
социология.лекции.2020 г.

Отбасының демалу қызметі отбасының бос уақытты тиімді пайдалануына бағытталады, яғни олардың өзара қатынасының мәдениетін көтеруге, денсаулығын жақсартуға, күш-қуатын қалпына келтіруге жұмсалады. Бақытты отбасында ғана ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қарым-қатынасы орныға түседі.
Отбасының жазылмай жүрген тағы бір қызметі бар. Ол күнделікті өмірде ертеден қалыптасып келеді. Олар: отбасының жақсы әдет-ғұрпы, үлгі-өнегесі, ауызбірлігі, ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігі, кездескен қиындықтарды жеңе білуі, тұрмыстық салт. Бұларды ұрпақтан ұрпаққа беру, жалғастыру отбасының міндеті, оны нығайтудың шарты.
Сонымен, біз отбасының негізгі қызмет–міндеттерін қысқаша қарастырдық. Олардың іске асуы көптеген факторларға байланысты, атап айтқанда, қоғамның саяси-экономикалық, рухани жағдайларына, некеде тұрған азаматтардың білім дәрежесіне, мәдениетіне, өмір салтына, олардың құндылық жайлы түсініктеріне және т.б. байланысты.
Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің, болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере, шөберелерден тұрады.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады:
1) демократиялық; 2) традициялық немесе авторитарлық.
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1) көп балалы(үш бала, одан көп); 2) орташа (екі балалы); 3) бір баласы бар; 4) баласыз отбасылар.
Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады: 1) дәстүрлі отбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формальды болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді; 2) ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады. Негізінен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады, мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке, киноға, спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипаттама болады; 3) жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді. Бағыты екі балалы болу. Шаруашылық- тұрмыстық қажеттіліктер тең іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет