1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар



бет35/51
Дата18.10.2023
өлшемі271,68 Kb.
#117887
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
социология.лекции.2020 г.

Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар: ішкі және сыртқы себептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер жатса, ішкі себептерге-махаббат, эмоциялық-сезімдік, қамқорлық, ауызбірлік, т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін.
Ажырасудың негізгі себептері: 1/ жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі; 2/ арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан; 3/ үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы; 4/ жұбайлық опасыздық; 5/ балалы болғысы келмеушілік; 6/ жыныстық кемшілік.
Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдай, қыз бен жігіттің білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, күйеудің, қыздың ата-аналарының теріс әсерлері және т. б.
Қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады: 1) отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы; 2) бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы және 3) отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы.
3. Мәдениетті әлеуметтану тұрғыдан түсіну. Қоғам дамуының әрбір кезеңі өзіндік ерекшеліктермен анықталып отырады. Экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени және т.б. деңгейлер қоғам мүшелеріне тиісті ой мен пікір, көзқарас қалыптастырады. Мұның өзі әлеуметтік дамуға ықпал етіп қозғалысқа келтіреді. Сондықтан оқиғалар, саяси шешімдер, саяси партиялар мен олардың жетекшілері бұқараға түрлі деңгейдегі пікірлер тудырады. Осы күрделі құбылыс кейде жеке адамдар, қайраткерлер, ұйымдар мен әлеуметтік топтар, ұлттар және т.б. арасында кикілжің, араздасу, шиеленістерге соғып та отырады.
«Мәдениет» деген ұғым латын тілінде «Cultura» сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты. Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани. Адамдар күнделікті өмірде мәдени құбылыстарды әр түрлі түсінеді.
Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы дейді., екіншілері – қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениеттілігі туралы әңгіме қозғайды. Үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білуімен, кішіпейілділігімен, өзін-өзі ұстай білуімен, құқықтық жауапкершілігімен ұштастырады.
Қазіргі уақытта мәдениеттің 900-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның мынадай екі анықтамасын көрсетуге болады.
1.Мәдениет–адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбектерінің іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және қоғамның ілгері дамуына әсер ететін, адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімнің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы.
2.Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды атайды.
Сонымен, мәдениет дегеніміз, жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік процестермен бірге қайнасуы болып табылады.
Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.
Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениеті, экологиялық мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті, т.б. түрінде көрініп отырды. Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сыр күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз күш. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстардың жеке көрінісі болады.
Жастар әлеуметтануы мен қоғам. Қоғам ұғымының мәні мен түсінігі. «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әртүрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2)театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3)Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
4. Қоғам деген не, оның адам өміріндегі рөлі мен орны,қазіргі кезде қандай көзқарастар қалыптасты деген сұрақ социологиялық ғалымдар үшін басты сұрақ болып келген. Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.Ғылыми әдебиеттерде қоғамның мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны көп.Әрине, олардың барлығы бірдей қоғам деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен бұл анықтамаларда ортақ сипаты белгілер бар.
Қоғам ұғымына анықтама бермес бұрын “табиғат”, “қоғам” деген жалпы ұғымдардың мазмұнын, арақатынасын қарастырып алған жөн.
Қоғам-табиғаттың құрамдас бір бөлігі дедік. Сонымен бірге табиғатпен тепе-тең нәрсе ретінде қарауға болмайтынын да ескеру керек:бірінші жағдайда “табиғат” ұғымының шегіне жетсек аса кең мағынада алып,адам ой-санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүретін объективтік шындықты, бүкіл дүниені білдіру тұрғысында қолданамыз.Бұл тұрғыдан қарағанда, қоғам-табиғаттың бір бөлігі болады. Ал екінші мағынадан алғанда, “табиғат” әлдеқайда тар мағынада қарастырылып, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесін білдіру үшін қолданылады.
Белгілі югословиялық социолог Д.Маркович мынандай анықтаманы ұсынады:адам дегеніміз “өзінің табиғатқа деген жасампаздық қатынасында өзін еркін,әрекетшіл өзін басқа адамдармен бірігіп әрекет етіп,өзінің биологиялық және әлеуметтік болмысын қамтамасыз ететін субъект ретінде көрсететін қоғамдық жануар”
К. Маркс “қоғам-адамдардың өзара қарым –қатынасының нәтижесі” деген анықтама берген.Адамдар арасындағы айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежедегі берік қарым-қатынасы бар бірлестік. Күнделікті тұрмыста “қоғам” ұғымы түрліше мағынада қолданылғанымен,бірақ социологияда”қоғам ” деп төмендегідей сипаттамалары бар жиынтықты айтады.



Социология қоғамның әлеуметік құрлысымен тығыз байланысты. Социология теориялардың басым көпшілігі қоғамдық құбылыстардың өзгерісі мен дамуын мойындайды. Қоғам туралы идеалистік теориялардың бәріне ортақ нәрсе сол,олар қоғам дамуының қозғаушы күшін идеялардан, формалардан іздейді.


Объективтік –идеалистік социология қоғамның қозғаушы күшін”жоғары” идеядан немесе абсолюттік идеядан іздейді.Енді бір идеалистік теориялар ол күшті қоғамдық сананың айрықша формаларынан, мәселен “халықтың рухани күшінен”,”коллективтік санадан” т.б іздейді.
Қоғамдық –экономикалық формация ұғымы қоғам дамуының жеке сатыларындабірқатар нақты қоғамдардың ұқсас белгілерін терең зерттеп. Жалпылаудың нәтижесінде тұжырымдады. Осының негізінде бес қоғамдық –экономикалық фармация атап көрсетіп,олардың тарихи даму өткеннен болашаққа қарай,төменгіден жоғары қара, ескі сападан жаңа сапаға өту арқылы жүреді.Қоғамның дамудың бұл жолы социологияда әлеуметтік прогресс деп аталады. Ал егер керісінше керітартпа реакцияшыл күштер де әрекет етіп,әлеуметтік жаңалықтарға кедергі жасауы мүмкін. Мұндай құбылыстарды әлеуметтік регресс деп атайды.
Әлеуметтік погресс пен регресті бір бірінен айыру үшін оның критерийі қандай және критерий оъбективтік сипатта ма,соны анықтай білу керек.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, “қоғам” ұғымына мынадай жалпы анықтама беруге болады:Қоғам-өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысудың тарихи қалыптасқан формасында біріккен адамдар жиынтығы.
Қоғам бір текті емeс, оның ішкі құрлысы және толып жатқан әлеумттік құбылыстары мен процестері бар.Оның құрамдас элементтерін құрайтындар мыналар: адамдар, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар,әлеуметтік институттар мен ұйымдар т.б. Социологияның міндеті қоғамның осындай құрлысын ашын көрсетіп, оның ғылыми классификациясын жасап беру болып табылады.

5. Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет