1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Әлеуметтік зерттеулер



бет14/51
Дата18.10.2023
өлшемі271,68 Kb.
#117887
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
социология.лекции.2020 г.

3 тақырып. Әлеуметтік зерттеулер

1.Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәліметтерді реттеу және оны қорытындылау.


2. Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері.
3. Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі. Бақылау
4. Сұрау мен мәліметтер жинау
5. Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі

Жалпы әлеуметтанымдық зерттеулер кешенінде оның бағдарламасын жасау басты міндет. Себебі зерттеу бағдарламасының сапасы, құрылымы ондағы талаптар мен тиісті ережелер дұрыс әрі нақтылы нәтижелер береді. Осыған орай аталған тақырып оқу курсының басты міндеттерді қамтитын бөліміне жатады.


1. Қоғам өмірін зерттеуді әлеуметтанымдық қырынан қарастыру белгілі әлеуметтанымдық зерттеулер жүйесі арқылы жүзеге асады. Мұнда теориялық және эмпирикалық процедуралар (ережелер, талаптар) арқылы жаңа әлеуметтанымдық білім алынады. Соның нәтижесінен зерттелген объекті жағдайына байланысты нақтылы теориялық және әлеуметтік проблемалар шешіледі.
Әлеуметтанымдық зерттеулерді жүргізу жан-жақты әрі терең дайындықты қажет ететін көп қырлы күрделі жұмыс. Алдымен тиісті ақпараттарды жинауға кірісу үшін әлеуметтанушы маманға түрлі әдістемелік құжаттар жасау қажет. Онда зерттеудің ғылыми негізделген барлық элементтері мен зерттеудің процедуралары болуы тиіс. Осы құжаттардың ішінде ерекше орында әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы тұрады. Оның сапасы мен мазмұнына барлық зерттеу жұмыстарының тиімділігіне байланысты екендігіне назар аудару міндетті нәрсе.
Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы – ғылыми – практикалық қызметтің кезеңдерге бөлінген бағдарын қамтыған зерттеудің жобасы, әрі теориялық құжат. Жалпы жағдайда бағдарлама құрылымы екі бөлімнен тұрады: методологиялық және әдістемелік.
Методологиялық бөлім мынадай элементтерді біріктіреді:
1) проблеманы тұжырымдау, зерттеудің мақсаты мен нақтылы міндеттерін анықтау;
2) объекті мен зерттеу тақырыбын анықтау;
3) объектіні жүйелі талдау;
4) негізгі түсініктерді талдау;
5) гипотезаларды анықтап қоя білу және тұжырымдау.
Бағдарламаның екінші әдістемелік бөлімі – зерттелетін нәрсенің анықтамасын, алғашқы ақпараттарды жинау әдістерінің сипатын, алынған материалдарды талдаудың логикалық схемасын дайындау және қажетті инструментарийларын көрсету болып табылады. Одан өзге бағдарлама ұйымдастыру міндетін де атқарады. Ол зерттеу процедураларының бірізділігін анықтайды және зерттеу барысының тиісті кезеңдерін бақылау болып саналады.
Әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасының бастапқы пункті болып проблемалық жағдай (ситуация) есептеледі. Ол адамдардың тұтынымы жайлы білімдердің, түсініктің практикалық және теориялық нәтижелері жайлы, оның жолдары, құралдары, әдістері, қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру жағдайының арасындағы қарама-қайшылық ретінде де көрінеді. Кейбір кездерде бұл іс-әрекетке қатынасушылардың өткір пікір алшақтығын араздық немесе келіспеушілігін көрсетіп белгіленген мақсаттың іске асуына қиындық тудырады.
Проблемалық жағдайды зерттейтін ғылым тиісті фактілерді жинап, белгілі білім жүйесін пайдалана отырып ғылыми проблеманы тұжырымдап топтауы тиіс. Ол проблемалық жағдайдың ғылыми бейнесінің формасын көрсетеді әрі зерттеуге жататын мәселе ретінде анықталады. Былайша айтқанда, ғылыми мәселені анықтай білу нені зерттеу қажеттілігінің өрісіне шығуды белгілейді. Қолға алынған проблема өзінің шешілуі арқылы қарама-қайшылығы бар әлеуметтік процестерді реттеуге бағытталған техникалық құралдар мен практикалық іс-қимылдың жасалуына жол ашады.
Проблемалық талаптар әлеуметтік ақиқаттың түрлі жағдайларында көрініс береді. Сондықтан да әлеуметтанымдық зерттеулерде проблемалар зерттеушіні қызықтыратын зерттеу процесін қамтыған көлемімен анықталады (мысалы: тар шеңбердегі және еңбек ұжымы, аймақтық деңгейдегі ірі әлеуметтік топтар, қоғам мүддесін қамтыған үлкен мақсаттар т.б.).
Әлеуметтік қайшылықтардың күрделілігінен, қоғамдық тұтынымдар деңгейінде оларды іске асырудан әрі осы бағыттағы білімнің ғылыми және практикалық нақтылығына ғылыми проблеманың күрделілік деңгейі анықталады. Сондықтан да оны тұжырымдағанда проблемалық жағдайдың дәл бейнеленуі ерекше маңызды. Әлеуметтанушы осы кезеңде нағыз ақиқат пен өзекті мәселені оның сипаты мен белгілі қасиеттерін дәл анықтауы қажет. Онымен қоса алға қойылған проблемаларды өте кең етіп алмаған жөн. Мұндай жағдай мәселені шектен тыс күрделендіріп жинайтын ақпараттар сапасын төмендетіп жібереді.
Кез-келген әлеуметтанымдық зерттеу – ол не үшін өткізіледі, қорытындысында не аламыз, яғни, зерттеудің мақсатын анықтауға жауап болуы тиіс. Бұл дегеніміз өзіміз күткен қорытынды нәтижелер моделі болып табылады. Соған орай нақтылы және дәл белгіленген мақсат жаңа білім жүйесін жасауға зерттеудің барысын бағыттап отырады.
Бағдарламаның методикалық бөлімінің маңызды құрамдас тарауы-зерттеудің міндеттерін анықтау. Олар әлеуметтанымдық зерттеулерді мақсатына сәйкес белгіленеді де оны жүзеге асырудың қажетті құралы ретінде әрі зерттеу процедураларының көмегімен мақсатқа жету мүмкіндіктерін нұсқап отырады.
Зерттеудің міндеттері негізгі және негізгі емес (қосымша) болып бөлінеді. Негізгі міндеттер зерттеудің орталық проблемаларын шешуге бағытталса, негізгі емес (қосымша) міндеттер проблемаға байланысты емес әдістік мәселелерді, жұмысшы гипотезаларды тексеруге арналады.
Ғылыми проблеманы тұжырымдау оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау зерттеудің нақтылы объектін таңдап алуға көмек жасайды. Олар: әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік процесс немесе әлеуметтік қатынастар ретінде болып өздерінде қарама-қайшылық мазмұнын көрсетіп тұруы керек. Сайып келгенде, объект болып проблемалық жағдай (ситуация) тудыратын және оны иеленуші барлық әлеуметтік процестер саналады.
Түрлі әлеуметтанымдық зерттеулердің бәрінің объекті біреу ғана болуы мүмкін. Мәселен, еңбек ұжымы, әлеуметтік топ, факультет студенттері көптеген әлеуметтанымдық зерттеулерге объект бола алады. Себебі оның бәрі қандай проблеманы қарастыруымызға байланысты: бос уақытты пайдалану, құқықтық мәдениет және сана, әлеуметтік белсенділік және т.б..
«Объект» дегеніміз қарама – қайшылықтарды өзіне біріктірсе «зерттелу пәні осы қайшылықтарды баса көрсететін объектінің қасиеттерін, белгілерін бейнелейді, яғни «әлеуметтік қайшылықтардың полюсын » алға тартады. Егерде, зерттеу объекті ретінде ғылыми ұжым алынса, онда оның пәні (анықтайтын мәселесі) болып құрылым, бағыттары, мүдделері, осы ұжымның қасиеттері және т.б. саналады.
Анығына келгенде әлеуметтанымдық зерттеулердің объекті мен пәнін анықтау теорияда айтылғандарға қарағаннан анағұрлым қиын мәселе.
Сонымен негізгі түсініктерді эмпирикалық анықтау нәтижесі арқылы әлеуметтанушы алғашқы мәліметтерді іріктеу мен талдау әдістерін топтастыруды жасайды.
Түсініктер ережелерін жүргізудегі басты шарттар-зерттеудің негізгі анықтамалары мазмұнындағы жеңілдетуді қамтамасыз ететін оның барлық түрлерінің тұтастығы мен бірлігін мүлтіксіз сақтауды қажет етеді.
Айтылған проблемалардың, зерттеулердің көрсетілген процедуралармен бірге жемісті шешілуіне бара-бар гипотезалар топтастыру ықпал етеді. Жалпы айтқанда гипотезаларды қоя білу кез-келген зерттеуді жүргізудің заңды талабы.
Гипотеза - дегеніміз талданатын фактілер, құбылыстар, процестерді дәлелдеп немесе теріске шығаруды түсіндіретін ғылыми негізделген болжау, жорамал болып саналады. Әлеуметтанымдық зертеулерде олар маңызды методологиялық құралдар ретінде оны біртұтас логикалық – танымдық процес етіп біріктіреді. Соның нәтижесінде оған жалпы бағыт береді әрі оның қарапайым фактілерді жинау процесіне айналып кетпеуіне ырық бермейді. Мұнда ескеретін мәселе-ол ғылыми гипотезаны жасау тек зерттелетін объектіні алдын-ала талдау нәтижесінде ғана пайда болады.
Әлеуметтанымдық зерттеулерде гипотезаларды қоя білу бірнеше талаптарды қажет етеді. Біріншіден- гипотезалар анық, дәл тұжырымдалып теориялық жағынан негізделген болуы тиіс. Сонда ғана олар дәлелденген ережелер мен фактілерге қарама –қайшы бола алмайды. Екіншіден- гипотезалар зерттелетін проблемамен барабар болуы қажет, яғни, проблема шеңберіне сай мәнді қамтығаны орынды. Үшіншіден- зерттеудің барысында тексеруге және бақылауға қолайлы болғаны дұрыс. Төртіншіден- логикалық талдау олардың ішкі қарама-қайшылығы жоқтығын анықтауы да міндетті нәрсе. Соған орай, барлық зерттеудің мәні осы талаптардың қатаң сақталуына байланыстылығын көрсетеді.
Бағдарламаны жасауда гипотезаларды құрау процесі 3 сатыдан өтеді. Оның бірінші сатысында алғашқы ақпараттар жиналады. Мұнда зерттелетін проблема мен объект туралы теориялық және эмпирико – практикалық міндеттер алынады. Екінші сатысында объектіге байланысты сипаттама, проблемалық жағдай факторлары, проблеманың шешу тәсілдері, зерттеудің міндеттері тұрғысындағы жұмыс гипотезалары ұсынылады. Ал, соңғы үшінші сатысында гипотезаларды топтастыру іске асырылады. Мұнда зерттеуші гипотезаларды негізгі және негізгі емес (қосымша) етіп анықтайды және оларды белгілі жүйеге түсіреді.
Әлеуметтанымдық зерттеулер практикасында гипотезаларды жіктеу, топтастыру, жүйелеудің түрлі тәсілдері қолданылады. Зерттеудің міндеттеріне сай негізгі гипотезалар анықталады. Олар негізгі міндеттерден келіп туады. Онымен қатар негізгі емес міндеттерден-негізгі емес гипотезалар пайда болады. Гипотазаны тұжырымдаумен негізгі методологиялық жұмыс аяқталады. Енді әлеуметтанушы маманға бағдарламаның екінші әдістемелік тарауын жасау кезегі келіп тұрады. Бұл жұмыс ішінара іріктеу, жинақтау процедураларын анықтаудан басталады. Сондықтан әлеуметтанымдық зерттеулерде объект басты және ішінара іріктеу ретінде анықталатынын бөле көрсеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет