1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет32/51
Дата18.10.2023
өлшемі271,68 Kb.
#117887
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
социология.лекции.2020 г.

Отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады. Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни үлгі түріне) байланысты болады. Тарихи ерлі-зайыптылардың моногамдық (бірнекелік) және полигамдық (көпнекелік) түрлері болған.
Ерлі-зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда-некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізінде құрылады) сияқты категориялар да болады.
Отбасының билік құрылымы демократиялық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасының рөлдік (атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже-нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға және т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.
Әдет-ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқаратын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.
Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз. Неке-бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұрақтылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғанан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау-жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін. Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы ықтимал. Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу-бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара силастығы және т. б. Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б. Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісін айтамыз.
Дау-жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балалармен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшпелілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгілі бір келісімге келуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет