1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Сұрау мен мәліметтер жинау



бет42/51
Дата18.10.2023
өлшемі271,68 Kb.
#117887
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Байланысты:
социология.лекции.2020 г.

Сұрау мен мәліметтер жинау өте жиі қолданылатын әлеуметтанымдық әдіс болып табылады. Ол зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі. Зерттеуші өзіне керекті құбылыстар жайлы сұрақтарды ауызша жазбаша түрде қоюы мүмкін. Ауызша сұрақтар еркін түрде немесе алдынала жазылып қойылған сұрақтар түрінде қойылуы мүмкін. Егер сұралуға тиісті адамдардың саны көп болса, онда сұрақтар алдынала жазылып қойылады.Қоғамдық құбылыстарды зерттеген кезде сұрау әдісін қолданғанда көбінесе анкета тарату әдісі, интервью мен тест әдістері жиі қолданылады.Алдынала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдісі жиі қолданылады. Анкета тарату жолдары түрліше болады. Анкеталарды почта арқылы жеткізуге болады немесе баспасөзде жарияланып, оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайыруына өтініш білдіріледі. Алайда зерттеуші анкеталарды тікелей өзі таратуы да мүмкін.
Интервью дегеніміз белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жолымен мәлімет жинау әдісі. Интервью әдісімен үлкен әлеуметтік топты зерттеу қажет болғанда, сол топтың ішінен бірнеше адам әңгімелесу үшін іріктеп алынады /анкета таратқанда да осылай жасалады/.
Іріктеу қарапайым және күрделі болады. Қарапайым іріктеуді қолданғанда әлеуметтік топтың ішінен кез келген /мәселен, әрбір оныншы/ адам іріктеп алынады. Күрделі іріктеу кезінде әлеуметтік топқа жататын адамдар бірер белгісі бойынша /мәселен, жасына, мамандығына т.б. қарай/ кіші топтарға бөлініп, әңгіме осы топтардың өкілдерімен жүргізіледі.
Экстенсивті интервью кезінде зерттеуші алдынала өзірленген бірнеше сұрақ қояды, ал интенсивті кезінде әңгіме мұлдем еркін түрде жүреді, ешқандай алдынала өзірленген сұрақ қойылмайды.
Тест. Алдағы уақытта болуға тиісті бір жағдайға байланысты жеке адамдардың қандай ой-пікірде екенін білу үшін мәліметтер жинаудың құралы ретінде тест қолданылады. Тест көбінесе белгілі бір ретпен тізіліп қойылған сұрақтар немесе пікірлер түрінде болады да оған жеке адамдардың көзқарасы қандай екені анықталады. Тестілеу негізінен жеке адамдарға ғана қолданылатын әдіс болғандықтан, психология ғылымы үшін маңызды болады да, әлеуметтану үшін мүлдем дерлік маңызы жоқ десе де болады, өйткені әлеуметтану әлеуметтік, адамдық қатынастарды біртұтас түрінде зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет