1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Американ социологы Н.Смелзердің



бет49/51
Дата18.10.2023
өлшемі271,68 Kb.
#117887
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
социология.лекции.2020 г.

Американ социологы Н.Смелзердің анықтамасы бойынша, «профессионал» термині адамның өз ісін жақсы білетіндігін және сүйетіндігін білдіреді.
Кәсіп таңдау өмірден үзіп алынған бір сәттік акты, эпизод немесе өмір бөлшегі емес, бұл тұлғаның балалық шағынан бастап еңбек ғасырын аяқтағанға дейінгі жүйелі дамуының нәтижесі.
Бұл-күрделі процесс, ол тұтасымен бүкіл тұлғаны қамтиды. К.Маркс адамның кәсіп таңдауы оның басқа тірі өмір сүрушілер арасындағы үлкен артықшылығы, бірақ ол сонымен бір мезгілде бүкіл өмірді жоятын, оның бүкіл жоспарларын быт-шыт қылатын, оны бақытсыздыққа душар ететін процесс екендігін айтты. Кәсіп таңдау процесінде индивидтің мүдделері, жеке жоспарлары, қабілеттері мен соның салдарынан индивидтің жеке жоспарлары өзгеретін оған қатысты сыртқы ахуалдар арасында қайшылықтар туындауы мүмкін. Кәсіп таңдау кезінде сыртқы шектеулер әлеуметтік қатынастардың және әлеуметтік икемділіктің, демографиялық ахуалдың сипатына, өндіруші күштер мен білім беру жүйесінің деңгейіне қарай қалыптасуы мүмкін. Қоғамның кәсіби кадрларға деген объективті сұранысы сәйкес келмесе, оларды дайындау жүйесіндегі қалыптасқан құрылым мен индивидтің субъективті жоспарлары кәсіби диспропорцияны, «дипломдар тапшылығын» тудырады.
Ресей баспасөзінің деректері бойынша, казіргі уақытта ең жақсы саналатын кәсіпке мынадай белгілі екі вакансия кіреді: қаржыгер (оның кез келген түрі) және программист. Екінші орында менеджерлер, өткізу жөніндегі менеджер, сауда өкілдері және жарнама агенттері тұрады. Белгілілігі жағынан хатшылар менеджерлерден кем түспейді, тіпті ол жылдан жылға білімдірек болып барады және қазіргі кезде олардың қандай да бір жоғары оқу орнының бітірушісі, шет тілін білуі және кеңсе техникаларымен жұмыс істей алуы тиіс болып отыр. Бір қызығы, осы тізімге барынша көп қажет етілетін кәсіп ретінде мамандардың пікірінше, болашаққа қажет кәсіп саналуда. Бұл жерде әңгіме химиктехнологтер, тамақ саласындағы мамандар туралы болып отыр. Қазіргі уақытта барынша мәртебелі (жоғары ақы төленетін) кәсіпке сондай-ақ аудитор, аудармашы, дипломат, заңгер, гувернер, дизайнер, логистик (көлік тасымалына жауап береді) кіреді.
Сауалнама нәтижесі бойынша барлық бітіруші-респонденттер үшін болашақ жұмысына байланысты мынадай жақтар барынша маңыздырақ болды (кейбіреулері бірқатар позицияларды белгіледі):
-кәсіби және қызметтік өсу перспективасы (65,8 пайыз);
-өзін-өзі көрсету мүмкіндігі (34,7 пайыз);
-жалақы мөлшері (23,3 пайыз);
Жас мамандар үшін барынша маңызы азы болашақта жұмыс істесетін ұжымы, болашақ басшысының жұмыс істеу стилі және әлеуметтік жеңілдік беруі болды.
Зерттеу процестерінде анықталғанындай, жұмыс берушілер қазіргі кезде жас маманның практикалық дайындығын, оның міндет қоя алудағы икемін және оны шешу жолдарын таба білуін, сондай-ақ дербес шешім қабылдау қабілетін (орташа 4,5) аралас мамандықты игеруін (шет тілі, кеңсе техникаларымен жұмыс істей білуі-4,3 балл) айырықша жоғары бағалайды. Көрсетілген іскерлік мінездемелерден басқа тиянақтылық, жауапкершілік, тәртіптілік, зиялылық, жалпы эрудиция және басқа қасиеттер де белгіленді.
2. Жаһандану (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді.
Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
- “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
- экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;
жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;
бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;
- аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды.
- ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
- этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген.
3. Демография (demos – халық, grapho – жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің иаңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарлау, емдеу, санитарлық. т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігерлер мен орта білімді мамандарды дайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіншіден, емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланады. Тұрғындар түсінігі – белгілі бір територияда, мемлекетте немесе облыс, аудан, қалада тұратын адамдар тобы. Тұрғандардың негізгі мінездемелерінің бірі денсаулық жағдайы болып табылады.
Жалпы демография (ерекше экономикалық) және әлеуметтік медицинаның қиылысуында аралас ғылым аймағы - медициналық демография пайда болды. Медициналық демография аймағындағы маманы, белгілі ғалым, профессор М.С. Бедный (1984) жылы «медицинская демография — халық денсаулығының жағдайы мен оың өзгеру тенденцияларына әсер ететін тұрғындар популяциясы мен әлеуметтік және табиғи факторлардың байланысын зерттейтін ғылым» деп жазды.
Тұрғындардың статистикалық зерттеуі екі негізгі бағытта жүргізіледі:
1. Халық статистикасы.
2. Халық динамикасы.
Халық статистикасы – бір уақытқа сәйкес халық санын білу, яғни халық санын бір тұрақты қалыптында жыныс, жас, әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, туған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.
Халық динамикасы – қозғалыс және халық санының өзгерушілігін зерттеу. Халық санының өзгерушілік себебі халықтың механикалық қозғалысы немесе халықтың табиғи өзгеруі болуы мүмкін.
Қазақстанда халық саны 2019 жылғы 1 маусымда 18 млн 489,7 мың адамды құрады. 2018 жылы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,3% өскен.
Демографиялық жағдайды жақсартуға арналған жұмысты бірнеше бағытта жүргізу керек:
-жанұя, әсіресе көп балалы жанұя статусын жоғарлату; -көп балалы жанұя пәтер немесе жер берілу құқығын заңды түрде орнату;
-үш-төрт балалы жанұя, жанұялы өмір салтына халықты тұрақты түрде ынталандыру;
-жанұялы өмір салты әлеуметтік қалыпты жағдай ретінде болуы тиіс;
-заңды түрде ата-аналық еңбекті мамандырылған еңбекпен теңестіру және сол үшін «жанұялық айлықты» енгізу, яғни балаларды бағып отырған әйелге жанұядағы балалар санына байланысты минималды айлық төлеу;
-демографиялық мониторингті, әсіресе екінші және үшінші туылған балалар бойынша тұрақты түрде жүргізіп отыру;
-балалары жоқ жанұялық жұптардың емделуін мемлекеттік деңгейде қаржыландыру;
-шетелдердің тәжірибесіне негізделе отырып сәбилер туылуын қаржылай ынталандыру;
-фертильді жарсағы әйелдердің емделуінің ақысыз жүйесіне үлкен көңіл бөлу.
Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050 Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты халқына жолдауында Қазақстан халқының урбанизация деңгейін жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55%-нан 70%-дай деңгейге дейін өсетінің көрсетті. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстыратын болады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.
2019 жылы қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 767,6 мың адамға жеткен. Қалалықтар Қазақстан халқының 58,2%-ын құрайды. Ауылдарда жалпы 7 млн 722,1 мың адам, яғни республика халқының 41,8%-ы тұрады.
Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс – деп насихаттаған болатын . Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде XXI ғасырдың ерекшеліктерінің бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады.
Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс.
Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда.
Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Сонымен қатар жастар субмәдениетінің және қалалық ортаның әсері ауылдық жерде шектеулі болғандықтан ауыл жатары арасында жаға ұрпақтан жаттану, аполистік, агрессивтілік секілді процестердің дамуына кедергі келтіреді.
Урбанизация үрдісі негізінен жастар категориясына әсері басқа топтарға қарағанда айтарлықтай, бұл ең алдымен модернизациялық дамуға орай олардың үлкен қалаларға жеке мақсаттарға байланысты (оқу, жұмыс т.б) қоныс аударумен тығыз байланысты. Елдегі тұрғындар нарықтық қозқалыстарға бейімделе алмауына байланысты және жұмысқа деген бәсекелестік секілді әр түрлі мәселелер орын алып отыр. Бұл мәселелерге сонымен қатар «монетизация» түріндегі әлеуметтік қызметтер; жұмыссыздық және қайыршылық деңгейдің өсуі; өмір сүру жағдайы және халықтық бөлінуі, әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымының нашарлауы, ауылдық тұрғындар қалада жұмыс іздеу тапсырысының өсуі және басқада нарықтық қоғамда жарамсыз әрекеттер қосылды. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыдан және қолдаудан айрылған аграрлық сектордың қызметі және инвестиция едәуір төмен болды. Бұл факторлардың барлығы жұмыссыздық деңгейiнің орын алуына және ауылдық тұрғындардың тұрмыс сапасының нашарлауына алып келді. Қалалар көпшілігінде алуан этносты болып келсе, ауылда бір этносты басым болып келеді. Егер, ауылды жерде дәстүрлі ұлттық мәдениеттің белгілері басым болса, ал қалада сан алуан этностардың түрлі мәдениетінің нышандарын кездестіруге болады. Қалада жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, театр, филармония, көрмелер және сол сияқты сан қилы мәдениетті құру және тарату құралдарының бай қоймасы шоғырланған болса, ал ауылды жерде бұл мүмкіншіліктер шектеулі. Қай заманда, қай қоғамда да тарихи дауылдардың, төңкерістер мен сілкіністердің ауыртпалығын ауыл тартты.
Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың – өзекті мәселелерінің бірі ауыл мен қала мәселесі. Осы ауыл мен қалаға қатысты негізгі мәселе қоғамымыздағы урбанизация процесі. Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан қоғамының дамуында урбанизация құбылысына үлкен мән беру керек. Урбандалудың қазіргі әсерінен елімізде үлкен – үлкен қалалық агломерация пайда бола бастады, ал кейбір ауылдар халықтан босап қалды. Бұл мәселеге мемлекетте араласып, реттеу тетіктерін іске қосқаны жөн болар еді. Қазақстан жері кең байтақ, ал онымен салыстыра қарағанда халқының саны аз. Мұның өзі халықтың қайта қоныстану үлгілерін жоспарлауды қажет етеді. Ауыл мен қаланың өзара байланысын жан-жақты зерттеу орынды. Әсіресе стихиялы түрде жүріп жатқан осы процесске мәдени-әлеуметтік, әлеуметтік-философиялық тұрғыдан талдау жасау алда тұрған маңызды шаралардың бірі. Қазақ қанша қалалық мәдениетті бойына сіңіргенімен оны өзінің менталитетіне сәйкестендіріп қабылдауы қажет. Ал дәстүрлі мәдениет ошағы – ауыл.
4. Әлеуметтік қозғалыс - әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты және өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдардың, топтар мен ұйымдардың қозғалысы.
Әлеуметтік қозғалыс - әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты немесе өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдар, топтар және ұйымдар. Мысал ретінде, иммигранттардың құқығын қорғау үшін Уолл-стрит көшесін басып алуды және жергілікті мектептерді жақсарту үшін жаппай наразылық білдіруді айтуға болады.
Әлеуметтік қозғалыстар бір-бірінен қатты ерекшеленуі мүмкін. Кейбіреуі қоғамды өзгерткісі келеді, енді бірі адамды өзгертуге тырысады. Бір топ экстремалды (мысалы, қарулы қарсы тұру немесе жарылыс күші бар отты қару қолдану) әдістерге сүйенеді, тағы бірі заң шығарушыларға ықпал етуге немесе білім беру кездесулерін ұйымдастыруға көп күшін жұмсайды. Екі әдісті де қолданатындар бар.
Әлеуметтік қозғалыстардың түрлерін ажырату үшін әлеуметтанушылар олардың енгізуге тырысатын өзгерістерінің ауқымы мен мақсатына мән береді. 1-кестеде көрсетілгендей, балама қозғалыстар кейбір тұжырымдар мен әрекеттерге өзгеріс енгізуге бағытталған. Мысалы, бірнеше топ мемлекет бойынша қоғамдық бақшада жүмыс істеу үшін немесе соған адамдар тарту үшін жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олардың айығу қозғалыстары жеке сенімдер мен тұжырымдарды түбегейлі өзгертуге бағытталған. Мысалы, жасырын маскүнемдер тобының мүшесі болашақта өмірге, ішімдікке деген көзқарасын және ортасын өзгертеді деп болжанады. Керісінше, реформистік қозғалыстар (жануарлардың, азшылықтың және әйелдердің қүқығы үшін күресушілер) белгілі деңгейде қоғамды өзгертуге ынталы, ал революциялық қозғалыс қоғамды түбегейлі өзгерткісі келеді. Мысалы, «Талибан» ұйымы Ауғанстанда теократия құру үшін күресті, ал Коммунистік партия капиталистік жүйені жоюға ұмтылады.
Ұжымдық мінез-құлық сияқты әлеуметтік қозғалыс та қалыптасқан жағдайды өзгертуге ұмтылады. Сол себепті олар бір-бірімен байланысты болады. Біріншіден, халықтың көз алдында болу үшін әлеуметтік қозғалысқа ұжымдық мінез-қүлықтың қолдауы қажет. Заңсыз наразылық білдірушілер мен оларды тоқтатуға шыққан полиция қызметкерлері сияқты ешбір оқиға адамдардың назарын аударта алмайды. Екіншіден, үжымдық мінез-құлық әдетте белгілі бір уақытпен және жермен шектеледі. Алайда күндердің күнінде жағдай ушығып кетсе тағы да қайталануы мүмкін. Мұндай әрекет төменгі деңгейде болса да қоғамдық қозғалысқа септігін тигізе алады.

1-кесте


Болжамды өзгерістердің деңгейі




Ішінара өзгерістер

Негізгі өзгерістер

Болжамды өзгерістің мақсаты

Жеке

Баламалы қозғалыстар
Мысал: Қоғамдық БАҚ-тың қозғалыстары, вакцинацияға қарсы қозғалыс

Түзетуші қозғалыстар.
Мысал:Жасырын маскүнемдер, діни шіркеулер



Қоғамдық

Реформистік қозғалыстар.
Мысал: Жануарлардың құқығын қорғау қозғалысы, денсаулық сақтау саласын реформалау үшін қозғалыс



Революциялық қозғалыстар.
Мысал: «Талибан», 1917 жылы Ресей коммунистік партиясы

Балама қозғалыстар кейбір тұжырымдар мен әрекеттерге өзгеріс енгізуге бағытталған. Айығу қозғалыстары жеке тұжырымдар мен әрекетті түбегейлі өзгертуге бағытталған. Реформистік қозғалыстар (жануарлардың, азшылықтың және әйелдердің құқығы үшін күресушілер) белгілі деңгейде қоғамды өзгертуге ынталы. Революциялық қозғалыс қоғамды түбегейлі өзгерткісі келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет