1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Білім және әлеуметтік теңсіздік. Денсаулық және медицина



бет44/51
Дата25.11.2023
өлшемі208,33 Kb.
#127403
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

9 тақырып. Білім және әлеуметтік теңсіздік. Денсаулық және медицина

1. Білім беру әлеуметтануы: негізгі мәселелері.


2. Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің қайта қалыптасуы.
3. Әлеуметтік теңсіздік
4. Денсаулық және медицина әлеуметтануы
1. Білім беру үдірісінің сан қырлылығы оны әртүрлі ғылымдармен оқып үйренуді жүктейді.Әлеуметтік философия, негізінен білім беруді ерекше қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың өзара байланысындағы пайда болуы мен дамуын зерттейді. Педагогика білім беруді ерекше білім беретін және тәрбие беретін сапалы үдірісте қарастырып, қоғам өмірінің ауыспалы шақтарымен байланыстыра отырып, оқып үйренудің әдістемелік және дидактикалық негізгі әдістерін ашуға тырысады. Олардан ерекше, сонымен қатар экономикалық, психологиялық білім беруден, әлеуметтану білім беруді ерекше әлеуметтік институт ретінде ондағы қоғамның негізгі жүйелерімен өзара байланысын – экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани тұрғысынан зерттеп, - және тұлғаның әлеуметтенуіндегі, оның тәрбиеленуіндегі орнын анықтайды. Білім беру әлеуметтануы қоғамдық ұдайы өндірістер жүйесінде білім берудің ролі мен орның түсіндіріп, экономикамен, руханилықпен, демографиямен және басқада қоғамдық үдірістермен оның өзара байланысын, қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның мәдениетінің қозғалысымен, өсіп келе жатырған ұрпақты тәрбиелеу мен оқып үйретуде мұғалімнің қоғамдық ролі мен әлеуметтік орнын анықтайды.
Әлеуметтік білім берудің өз алдына пән ретінде қалыптасуы Э.Дюркгеймнен бастау алады, яғни атап көрсеткендей білім берудің негізгі функциясы - ұрпақтармен өсіп келе жатырған оқытушы иелік етіп отырған мәдениеттің құндылығы. Білім беру әлеуметтануының қалыптасуына айтарлықтай үлесін қосқан К.Маркс, Дж.Дьюн, Т.Парсонс, Р.Коллинз, П.Бурдье, А.Турэн және басқада XIX-XXғ. атақты әлеуметтанушылары.
Әлеуметтану өзінің қазіргі дамуы денгейінде білім беруді төрт негізгі және өзара байланысқан формада қызмет ететін көп қырлы сапа жүйесінде зерттейді:
1.Жеке адамдарда қалыптасқан үдіріс ретінде білім берудің барлық тармағын (қатысушылар, студенттер), оның өмір сүріп және әрекет етіп отырған әлемі туралы білім жүйесін өзіне қамтыған.
2.Қоғамдық сананың өркениеттік-мәдениет үдірісінің өлшемі ретінде.
3.Тұлғаны әлеуметтендіру, оны тәрбиелеудің күшті факторы ретінді.
4.Тұлға санасының, оның дамуы мен тәжірбиелік жүзеге асуының өзіне тән феноменологиясы ретінде.
Қазіргі қоғамымызда өркениеттің индустриалдық типінен постиндустриалдыққа, ақпараттыққа өтудің жүзеге асырылуында білім берудің әлеуметтік ролі мен мәні тез артып, оның функциялар жиынтығы айтарлықтай ұлғайуда. Білім беру білімді игерудің жемісі мен үдірісі, оқу 26 орындарындағы дағдылары мен игеруі немесе өзін өзі біліммен қаруландыруы ғана емес, қоршаған ортадағы орнының ұғынып, адам дамуындағы жан жақты үдірісі. Немістін белгілі философ-экзистенциалисі М. Хайдеггердің пікірінше, нағыз білім беру адамдардың рухани дүниесін тұтастықта қамтуға, рухани құндылықтар мен мәдениет тарихының барлық байлықтарын қайта жаңғыртып және ұстап тұруға, ақиқат пен болмыстын құпиясын сақтауға,оның мәнің ашуға арналған. Білім беру қызметтерін әлеуметтік тұрғыдан зерттеу үшін білім беру жүйесінің негізгі құрылымдық компоненттерін бөліп алған айтарлықтай маңызды. Әдетте білім берудегі игеру мен білімді беру, дағдылары мен шеберлігі тәрізді үдірістер өзара байланысқан екі құрылымдық компоненттерді бөліп көрсетеді. Олардың біріншісі, күтілетін нәтижені, базисті, оқып үйрену үдірісін қалыптастырса, нәтижесінде білім алушылар тек білім ғана емес, мәдениеттің де элементтерін игере алады.
Білім беру жүйесінің екінші маңызды компоненті тәрбиелеу үдірісі. Тәрбие өз кезегінде, мақсатты бағытталған әрекеттер үдірісінде мәдениет пен білім құндылықтарын игеру арқылы тұлғаны дамытуға, әлеуметтік әдістер, міңез құлықтың стандарттарын бойына сіңдірте отырып жеке адамды қоғамдық және мәдени қызметтерге, белсенді еңбек етуге дайындау үшін қажет.
Білім берудің құрылымын әдетте жалпы, кәсіптік, жоғарғы білім беру, техникалық және гуманитарлық білім беру, өз бетімен білім алуы тәрізді болып бөлінеді. Жалпы білім беру оқып үйретудің көлемі мен ұзақтығына байланысты үш денгейден тұрады – бастауыш, негізгі және орташа; кәсіптік білім беру – кәсіпке дейінгі (кәсіптік бағыт алу, іріктеу) және орташа кәсіптік дайындық (кәсіптік техучилищелер); жоғарғы білім беру – жоғары квалификациялы мамандарды дайындау әртүрлі ғылым, техника, мәлениет, денсаулық сақтаудың және т.б салалары үшін; ересектерге білім беру - өз бетімен білім алу.
Білім беру оқып үйрету формасына байланысты күндізгі (стационарлық), кешкі және сырттай бөлінеді. Діни білім алуларына байланысты дүнияуи (дін орындарының ықпалдарына байланысты) немесе конфессионалды (дін орындарының бақылауында).
ХХ ғасырдың 50-жылдарының ортасында орын алған ғылыми-техникалық революция білім берудің үздіксіз жүйесін қалыптастырды. Оның қалыптасуындағы негізгі шарттар; мәдени және техникалық білімдердің кең таралуы, әлеуметтік экономиканың және әлеуметтік мәдениеттің құбылмалы даму шарттары тек жастарды ғана емес ересек буындағыларды да дайындауды қажет етуі; азаматтар контингентің арттыру үшін қосымша жалпы білімді алу тілегі; білім беру жүйесінің барлық сатыларындағы жоғары квалификациялық кадырларды көтеру мен кәсіпқойларды дайындау қажеттілігі. Үздіксіз білім беру жүйесі индивидтің өмір бойғы кәсіптілігін арттыру үдірісі ғана қамтып қоймайды. Осы ретте білім берудің негізгі дайындығы квалификацияны арттыру және қайта дайындаумен толықтырылып белгілі бір өндірістін негізінде кәсіптік оқып үйренуді игеру.
Білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын оқый отырып, әлеуметтану білім беру қызметінің негізгі әлеуметтік функцияларына, яғни олардың мазмұның, ерекшелігін және пайда болу формаларын түсіндіре отырып бірінші дәрежедегі мағынаны береді.
Білім беру жүйесінің ең басты әлеуметтік функцияларының бірі өсіп келе жатырған ұрпақтарға жинақталған білімді беру.
Екінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі, әлеуметтік әдістін сабақтастылығымен қамтамасыз ету.
Үшінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі иелік етіп отырған мәдениеттің құндылықтарын игеру.
Төртінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі тұлғаның қабілетін ашу және ары қарай дамыту.
Бесінші білім беру жүйесінің маңызды функцияларының бірі тұлғаның әлеуметтену үдірісінде орын алады, яғни оның рухани, интеллектуалдық және әлеуметтік потенциалының дамуында және жинақталуында.
Алтыншы білім беру жүйесінің маңызды функцияларының біріқоғамдағы әлеуметтік мобилділікке айтарлықтай ықпалын тигізу мен біршама жоғары әлеуметтік статусқа ие болуда индивидтің қозғалысына жәрдемдесу.
2. Қоғамдағы білім беру жүйесінің реформаланған күрделі үдірісі терең әлеуметтік-экономикалық және саяси трансформацияны басынан кешіп отыр, солардың бірі Қазақстан. Бұл үдірістерде екі маңызды фактор шешуші әрекет етеді. Олардың біріншісі – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуында, арнайы ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру қажеттілігі, яғни қоғамдағы әлеуметтін, экономиканың және мәдениеттің өрлеуі негізінде қазақстан халқының интелектуалдық-рухани саласындағы потенциалын қалыптастыру.
Екінші фактор білім берудегі түбегейлі өзгерістер – нарықтық қатынастын дамуы, жастарды тәрбиелеу мен оқып үйретуге сапалы жаңа талаптарды ұсына отырып, білім беру жүйесінің әртүрлі салаларында біліктілігі жоғары мамандарды дайындау.
Осы екі фактордың өзара байланысы білім берудің құрылымы мен мазмұнына айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Оқып үйренудің мазмұнындағы өзгерістер барлығынан бұрын екі әртүрлі бағыттағы тенденцияларды тудырады.
Олардың бірі әлеуметтану жүйесінің әртүрлі салалары мен денгейлеріне компьютерлизациялау мен математизациялауды қосады: мектеп оқушылары мен студенттерді көп жылдық әдіспен сыналған дәстүрлі құралдармен оқып үйретудегі – оқытушы мен профессордың ауызша және баспа сөздеріне – компьютерлік класстар, теледидарлық лабораториялар, лингафон кабинеттері және басқада жаңа оқу құралдарымен біршама кең көлемде толықтырылуда. Осымен қатар, бір уақытта білім беру жүйесінің денгейі мен барлық салаларын гуманитаризациялайтын тенденциялардың көлемі ұлғайуда. Оның жүзеге асуы тек мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында гуманитарлықәлеуметтік кезеңдермен оқытумен ғана шектелмей, оқу орындарында гуманистік бағыттағы ортаны орнату, яғни көп ұлттар мен әлемдік мәдениеттің ұйытқысы болатын тұлғаны қалыптастырып, әртүрлі денгейде білім беру арқылы мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Білім беруді гуманитаризациялау мақсаты жаңа құндылықтарды бойына сіңдірте отырып адамдардың әлеуметтік және рухани еркін тұлға екендігін сездірту, яғни идеалдарды таңдау құқығына ие болуы, дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуы, саяси ұстанымының болуы. Ғылым, техника және шығармашылық өнер салаларында өз қабілеттерін жүзеге асырып, өмірге деген дұрыс баға беруі.
Қазақстанда білім беру аясы бір ғана және тұтас мемлекет саясаты негізінде жүзеге асады.
1. Жастар үшін білім берудің барлық түрі қол жетімді;
2. Оқыту формасын еркін тандау үшін жағдайлар жасау;
3. Жалпы адамзаттық құндылықтардың басым болуы;
4. Оқыту мен тәрбие беру негізінде ұлттық-мәдениеттің орын алуы.
5. Ғылым, мәдениет және білім берудің даму денгейінің әлемдік бағытпен сайкес келуі.
6. Дамушы елдердің әдістерін пайдалану мен үйрену, олардың жетістіктері мен стандарттарын шығармашылыққа қабылдау.
7. Гуманизм, тұлғаның қызығушылықтарын арттыру, оның қабілетін дамытып, еркін өзін өзі жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсыну.
8. Қоғамдық тәжірибемен байланыста болып, білім берудің өнеркәсіп орындары, ғылым, техника және мәдениетпен өзара байланысына кепілдік ету, нарықтық эконмикаға сай тұлғаны өмір сүрудің кез келген әртүрлі формаларына дағдыланатындай етіп әлеуметтендіру.
9. Сауаттылықтың өрісін кеңейтіп, білім берудің үзіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Осындай жағдайдағы білім берудің болашақ гуманизациялануы оқып үйретудің қазіргі методы мен формаларына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Техникалардың тез орын ауыстырудағы осындай жағдайы оқып үйренудің дистанттық формасына алып келеді, яғни адамзат өмірінің барлық кезеңінді біліммен айналысуға. Кәсіптік қабілеттін ерте дамуы мен көрінуі және оқып үйренудің кешенді жүйесіне енуі мектеп қабырғасындағылардың жоғарғы оқу орындарына, жоғары оқу орындары түлектерінің өндіріс орнына жедел бейімделуіне алып келеді. Осы барлық реформалық жаңа еңгізулер білім беру жүйесі қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттырады, қазіргі қоғамымыздағы экономикалық, саяси және рухани тұрғыдан ерекше әлеуметтік институт ретінде дамуға мүмкіндік береді.

3 Әлеуметтік теңсіздік деген не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет