1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Әлеуметтік өзгеріс: жақында болған әлеуметтік пікірталастар



бет50/51
Дата25.11.2023
өлшемі208,33 Kb.
#127403
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

11 тақырып. Әлеуметтік өзгеріс: жақында болған әлеуметтік пікірталастар.

1. Әлеуметтік өзгерістер


2. Конфликт теориясы.
3. Конфликтінің функциясы мен бағытталуы.
4. Конфликт теориясы: технология және әлеуметтік өзгеріс

1.Әлеуметтік өзгерістер. Қоғам – барлық уақыттарда елеулі өзгерістерге ұшырап, белгілі бір бағытта дамып отырадын, ұдайы ішкі және сырқы күштердің әсерінен болатын әлеуметтік организм. Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз қоғамның белгілі бір күйден екінші күйге ауысуы. Ол әлеуметтік институттар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік қауымдар сияқты қоғамның жекеленген салаларын қамтуы мүмкін. Өзгеріс типтері әртүрлі және олар қоғамның қандай қырлары өзгеріп жатқандығына қарай ажыратылады. Себебі әлеуметтік жүйенің өзі бірқалыпты емес, ол көптеген құрамдас бөліктердің жинақталған жалпы нәтижелерінен тұрады. Олардың ішінде:


1) ақырғы нысандар.
2) нысандардың өзара байланыстары.
3) біртұтас жүйе ретіндегі нысандар қызметі.
4) шекаралар
5) жүйе салалары
6) қоршаған орта
Бастапқыда алғашқы болып көрінген құрамдас бөліктер мен өлшемдер, әлеуметтік жүйе моделі түрлері өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер төмендегідей болып келуі мүмкін:
- құрамдық
- құрылымдық
- қызметтік
- шекаралық
- әлеуметтік
- қоршаған орталық
Кейде өзгерістер оқшау сипатта болып, жүйенің басқа буындарына елеулі ықпал етпейді. Жүйе белгілі бір бөлігінде өтіп жатқан процестерге қарамастан, ауқымды өзгерістерге ұшырамай, тұтастығын сақтап қалады. Ал басқа жағдайларда өзгеріс жүйенің құрамдас бөліктерінің барлығын қамтып, оны түбірінен қайта құрады. Бұған ілеуметтік төңкеріс мысал бола алады. Радикалдық трансформацияның бұл типін жүйенің тұтас өзгеруі десе де болады. Социология ғылымында әлеуметтік өзгерістер эволюциялық және революциялық, прогресшіл және регресшіл, имитациялық және инновациялық түрлерге бөлінеді. Эволюциялық әлеуметтік өзгерістер – бұл біртіндеп жүзеге асатын бірқалыпты сандық өзгерістер. Әдетте мұндай өзгерістер өзінің даму процесінде төрт кезеңнен өтеді: мазасыздық кезеңі, көтерілу кезеңі, пішімдеу кезеңі және институттану кезеңі.
Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.
Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.
Әлеуметтік өзгерістер жоспарлы және жоспарсыз болып екіге бөлінуде. Бүгіндері қоғамымызда орын алып жатқан өзгерістерді жоспарлы өзгерістер деп айтуға болады. Жоспарлы әлеуметтік өзгерісте биліктің рөлі ерекше. Үкіметтің қабылдаған бірнеше бағдарламаларында әлеуметтік қорғау: білім беру, денсаулық сақтау, экономика, мәдениет, жұмыссыздық, ғылыми зерттеулер т.б. сияқты тақырыптарды көруге болады. Бұл бағдарламалар бұдан да керемет қоғамды қалыптастыру үшін дайындалуда.
Әлеуметтік өзгерістерді анықтау үшін әлеуметтануда бірнеше теориялар дамыған. Бұл теорияларға байланысты мысал ретінде, Марсктік қақтығыс теориясы, құрылымдық-функционалистік теорияларды айтуға болады.
Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалық даму деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз – жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ.
Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес ретінде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады.
Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.



Категориялар

Макросоциологиялар

Микросоциологиялар

Қоғам,мәдениет,әлеуметтік институттар, әлеуметтік жүйесі және әлеуметтік құрылымы,жаһандық әлеуметтік процестер.

Әлеуметтік мінезқұлық, мотивация, адамдардың қарымқатынастары, ынталандыру, топтық іс-әрекеттер.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П.Сорокин терең зерттеді. «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.


Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:
• вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі.
Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді.
Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді.
Әлеуметтік өзгерістерге әсер ететін факторлар: индустрия ( техника, технология); урбанизация
2. Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау.
Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек. Мысалы, бірнәрсені бар ынтаңмен қалай тұра, олай жасауға болмайтын жағдайлар кімде болмайды? немесе жаңадан бастап өз ісіңмен айналысқың келеді, бірақ, барыңнан айрылып қалмаймын ба? немесе қолымнан келмей қалмайды ма? деген қорқыныш кімде болмайды? Маңыздылығы бойынша екі бірдей құндылықтың біреуін таңдау керек болады т.б.
Конфликттердің осындай негіздерінің, формаларының, кезеңдерінің, мақсаттарының көптүрлілігі әсерінен конфликт түсінігі мен оның типологиясын анықтауда қиындықтар туындайды.
«Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс»
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.
Конфликтіге бір-біріне өзара зақым (моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.
Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.
Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:
- конфликтіге түсуші жақтар;
- конфликтінің пәні;
- конфликтілі жағдайдың кейпі;
- конфликтінің мақсаттары;
- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.
Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.
«Конфликтінің пәні - қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.)».
Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.
Мысалы: кез-келген ресурсты бөлу. Егер, бұл ресурсты бөлудің ережесі болып, барлық қатысушылар сол ережемен келісетін болса, онда ешқандай мәселе де, дау-дамай да туындамайды.
Егер, ереже болмаса немесе бар ережемен бір қатысушы келіспесе, ресурсты қалай бөлу керектігі туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселе уақытылы шешілмеген жағдайда ресурсты бөлу кезіндегі қарым-қатынас ережелерінің болмауы басты себеп болатын конфликт туындайды.
Конфликтілік жағдай және қандай да бір оқыс оқиға – конфликтінің туындауына алғышарт ретінде.
Екі немесе одан да көп субъектілер көзқарастарының айырмашылықтары бар екенін түсініп қана қоймай, өзара қарсы күрес жүргізгенде ғана конфликт пайда болады. Көзқарастар мен қызығушылықтардың бір-біріне қарама-қайшы келуі және екі жақтың оны саналы түрде түсінуі конфликтінің шығуына жеткіліксіз. Конфликтінің басталуына әлеуметтік жүйедегі шиеленісті жағдайдың туындауы алғышарт болады.
Болуы мүмкін шиеленісті жағдайдың шынайы, яғни, айқын көрінетін шиеленіске айналуы конфликтілік жағдайды туындататын даулы әрекеттің субъектісі пайда болғандығының айқын көрінісі.
Субъект дегеніміз - билікке, материалды немесе рухани байлыққа байланысты қарсыласына қарағанда өзінің әділетсіз қатынасын саналы түрде түсінетін әлеуметтік топ немесе индивид.
Бірақ, конфликтілік жағдайдың субъектісі конфликтінің обьектісін құрайтын өмірлік маңызы бар ресурстың жетіспеушілік фактісін индивид немесе белгілі бір топ саналы түрде түсініп немесе сезінгенде пайда болады. Оның үстіне конфликтінің пайда болуы үшін өздерінің мақсаттарына жету үшін субъекті тарапынан жасалатын активті іс-әрекет болу керек.
Конфликтінің басталуына қажетті компоненттер:
1. Конфликтінің обьектісі әсер еткен конфликтілі жүйедегі болуы мүмкін шиеленісті жағдай;
2. конфликтінің обьектісі;
3. болуы мүмкін шиеленісті жағдайдың шынайы шиеленіске айналуы;
4. осының негізінде конфликтілі жағдайдын пайда болуы;
5. қатысушы әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қарама-қайшылығын түсініп, конфликтінің субъектісін туындатуы;
6. шынайы конфликтілі әрекеттің басталуына әсер етуші жанжалдың туындауы;
7. конфликтілі әрекет.
Адамдардың көзқарастары мен кейбір оқиғаларды қабылдаудағы және бағалаудағы айырмашылықтары даулы жағдайдың туындауына әкеліп соқтырады. Егер сол кездегі жағдай ең болмаса қатысушы бір жақтың көздеген мақсатына жетуге кедергі келтіретін болса, конфликтілі жағдай туындайды. Кез-келген конфликтінің басталуына конфликтілі жағдай алғышарт болады, бірақ, барлық конфликтілі жағдай конфликтіге айнала бермейді.
Қалыптасқан қарама-қайшылықтың конфликтілі жағдайға айналуына қажет:
- конфликтілі әрекет қатысушыларына жағдайдың маңыздылығы;
- қатысушы бір жақтың көздеген мақсатына жетуге екінші бір жақтың кедергі келтіруі;
- қалыптасқан кедергіге байланысты ең болмаса қатысушы бір жақтың жеке немесе топтық төзімінің таусылуы.
Конфликтілі жағдай қарама-қарсы мақсаттарға ұмтылу, оған қол жеткізу үшін әр түрлі әдістерді қолдану, қызығушылықтардың келіспеушілігі осы сияқты т.б. қатысушы жақтардың қарсы позицияларының болуын қарастырады. Мысалы, алдағы уақытта болатын штаттың қысқартылуына байланысты өткізілетін аттестация, біліктілікті арттыруға кандидатураны таңдау.
Көп мөлшердегі конфликтілі жағдайлар тек, белгілі бір жағдайларда іс-әрекет қатысушыларының қызығушылықтарының балансы бұзылған кезде ғана конфликтіге айналады.
«Конфликтілі жағдай - конфликтінің пайда болуына жасалған жағдай. Мұндай жағдайдың конфликтіге айналуына сыртқы әрекет, түрткі және шиеленіс қажет» [4].
Инцидент(себеп) - қарсы жақтың қызығушылықтарына кедергі келтіретін, қатысушы жақтың іс-әрекеті болып табылады. Үшінші жақтың да әрекеттері индицент ретінде есептелуі мүмкін. Мысалы, басшылықпен қиын сұхбат болған кездегі жұмыстасыңның ашуды келтіретін сөздері.
Инцидент қатысушы жақтардың қалауынсыз, аяқ астынан шығуы мүмкін(ақауы бар тауардың шығарылуы) немесе қарым-қатынас орнатудың жолдарын білмеген жағдайда.
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның негізгі сипаттарын анықтап алу керек.
Конфликтінің сипаттары: қатысушы жақтар конфликтілі ретінде қабылдайтын жағдайдың болуы; конфликт обьектісінің бөлінбеуі, яғни, конфликт обьектісі конфликтілі қарым-қатынас қатысушылары арасында бөлінбеуі керек; өздерінің мақсаттарына жету үшін қатысушылардың конфликтілі қарым-қатынасты жалғастыруға деген ниетінің болуы.
Конфликтінің сипатты көрінісі қатысушы жақтар мақсаттарының айырмашылығы, нәтиже мен қарсы жақтар әрекеттерінің белгісіз болуы. Конфликтінің басталуы қарама-қарсы жаққа бағытталған іс-әрекетке байланысты. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне бағытталғанын түсініп, қарсы әрекет ететін болса, конфликт басталады, егер, ешқандай да қарсылық жасалмаса, онда бұл конфликтілі жағдай болады.
Конфликтінің басталуы мынандай шарттарға байланысты: бірінші қатысушы саналы түрде әрекет жасап, екінші қатысушыға денесіне немесе ақпарат беру арқылы зақым келтіреді; екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне бағытталғанын түсінеді; екінші қатысушы жауап ретінде қарсы іс-әрекеттер жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастап, конфликт басталды деп айтуға болады.
Сәйкесінше, егер тек бір ғана қатысушы әрекет етіп немесе екі жақ та тек ойша әрекеттер жасаса(іс-әрекеттерді жоспарлау, болатын оқиғаны болжау), онда конфликт болмайды. Конфликт тек, екі жақ та бір-біріне қарама-қарсы белсенді әрекеттер жасағанда басталады. Оған дейін конфликтілі жағдай болады.
Конфликтінің дамуы қатысушы жақтардың саны мен құрамының, кейде тіпті, конфликт себебінің біртіндеп өсуіне байланысты болады. Кішігірім конфликтілі жағдай екі субъектіні араластырады. Екі жақ өздерінің куәгерлері мен заңгерлерін қатыстырады. Одан кейін кәугерлердің қызығушылықтары қарастырылады. Сөйтіп, қатысушылардың да қызығушылықтардың да саны артады. Конфликтінің аяқталуы - конфликтінің басталуына әсер еткен себептерге қарамастан, конфликтіге түскен қатысушылардың барлық іс-әрекеттерді доғаруы.

3. Конфликтінің функциясы мен бағытталуы.


Конфликт жеке тұлғаның, әлеуметтік топ пен ұйымның өмірінде маңызды рөл атқарады. Конфликтте өзара түсіністік пен келісімнің бастамасы бар екенін, тіпті, ортағасыр мен Ежелгі дәуірдің ойшылдары байқаған.
Конфликтіге табиғатынан творчестволықпен қатар, қиратушы тенденциялар, бір уақытта мейірімділік пен жауыздық тән, оған қатысушыларға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін. Сондықтан да, конфликтінің функциясы позитивті және негативті бағытталуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет