1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Әлеуметтанулық білімнің құрылымы



бет3/51
Дата25.11.2023
өлшемі208,33 Kb.
#127403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

3.Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Социология ғылымы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгейлерінің түрліше болуына байланысты оның құрамы күрделі және көп деңгейлі болып келеді. Ол осы құбылыстар мен процестерді жалпы қоғам деңгейінде, шағын әлеуметтік қауымдастардың ықпалдастығы деңгейінде, жеке адамдардың өзара қарым-қатынастары деңгейінде зерттеу жүргізеді. Сондықтан социология ғылымын келесі құрамдас бөліктерге бөліп қарастыруға болады:
1.Социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциология түріндегі жалпы теориялық социология;
2.Арнайы әлеуметтік теориялар мен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтардың социологиясы, қала социологиясы, ауыл социологиясы, білім социологиясы, саясат социологиясы, мәдениет социологиясы, насихат социологиясы, еңбек социологиясы, конфликт социологиясы т.б.) қамтитын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттейтін орта деңгейдегі социология;
3.Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттейтін микросоциология.
Социология ғылымының мұндай құрылымы жалпылықтың ерекшелігін және жекеліктің бір-бірімен өзара қатынасын анық көрсетеді.
Социология ғылым ретінде теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерінің органикалық бірлігіне, өзара әсеріне негізделеді. Теория мен эмпирика – олар заманауй социологиялық білімнің негізгі екі элементі. Теория – ол практикалық тәжірибелерді талдап-қорыту мен қоғам және ой ойлау табиғаты заңдылықтарын көрсетуші ілім. Эмпирия – ол жалпы, адамның тәжірибесі, сезім органдары арқылы қабылдау. Социология тарихында ХХ-ы ғасырдың басына дейін эмпирикалық және теориялық зерттеулер дербес түрде қатар жүріп келді. Әлеуметтік өмірді эмпирикалық зерттеулер, әсіресе өмір сүру жағдайлары, қалалардағы еңбек ету жағдайлары т.б. тек 17-18 ғасырларда дами бастады. Тек ХХ-ы ғасырдың басында көрнекті француз социологі Э.Дюркгеймнің еңбегінің арқасында дамыған форма ретінде осы екі бағыт бірікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет