1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет52/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Жұмыскерлерді басқарудың негізгі бағыттары

  1. Жұмыскерлерді іріктеу – өз бизнесіңіз үшін адамдарды таңдай білу қажет.

Сіздің кәсіпорныңызда кімнің немен айналысатынын түсіну, лауазымдық нұсқаулықтарда міндеттерін жазып көрсету қажет.
Осыдан туындата отырып, осы жұмысты жақсы орындауға қабілетті адамдарды іріктеу.

  1. Даму – жұмыскерлерді оқыту

  2. Негіздеу – адамдарды тиімді еңбекке ұмтылдыруды үйрену.

  3. Жұмыскерлердің есебін жүргізу – барлық жағдайда ҚР еңбек заңнамасының талаптарын сақтау.

Жұмыскерлердің есебі мыналардың көмегімен жүргізіледі:

  • Еңбек шарттары

  • Ұжымдық шарт

  • Жұмыскерлердің жеке істері

  • Жұмыс берушінің актілері (бұйрықтары)

  • Жұмыс уақытын есептеу табельдері.

Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орында- уға, еңбек тәртібен сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасы- ның заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
Еңбек шарттарының сипаттық белгілері осы шартқа қол қойған жұмыскердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы және жұмыскердің азаматтық-құқықтық шарттар үшін, мысалы, мердігерлік шарты немесе тапсырма шарты үшін сипатты болатын жекелеген тапсырмаларды немесе бір реттік тапсырыстарды орындау тәртібінде емес, жұмысты тұрақты негізде орындау міндеті болып табылады.
Еңбек шартының 2 түрі бар.
Жеке еңбек шарты – бұл жазбаша нысанда жасалатын жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы екі тарапты келісім, ол бойынша жұмыскер нақты мамандық бойынша жұмысты орындауға міндеттеледі.
Ұжымдық шарт – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін оқшауланған нор- мативтік құқықтық акт.
Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары еңбек шартымен бекітіледі. Еңбек шарты тараптардың әрқайсысы үшін біреуден, 2 данада толтыры- лады. Еңбек шартында тараптардың құқықтары мен жауапкершіліктері жазылады.
Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:

  • Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау

  • Жұмыскердің еңбегін уақытылы төлеу (еңбекақының ең төменгі деңгейінен төмен емес)

  • Оған демалыс күндерін беру (аптасына бір немесе екі)

  • Оған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру (24 күнтізбелік күннен кем емес)

  • Сырқаттанған күндеріне ақша төлеу Жұмыскердің негізгі міндеттері:

  • Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау

  • Қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Еңбек тәртібін сақтау

Бизнесті сауатты құқықтық сүйемелдеу фирма ішінде де және сыртқы контрагенттермен де тиімді бизнес-процестер құруға кепіл болып табылады. Өз кезегін- де, электронды мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болатын әртүрлі электронды алаңдар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет