Жұмыскерлердібасқарудыңнегізгібағыттары Жұмыскерлерді іріктеу – өз бизнесіңіз үшін адамдарды таңдай білу қажет.
Сіздің кәсіпорныңызда кімнің немен айналысатынын түсіну, лауазымдық нұсқаулықтарда міндеттерін жазып көрсету қажет.
Осыдан туындата отырып, осы жұмысты жақсы орындауға қабілетті адамдарды іріктеу.
Даму – жұмыскерлерді оқыту
Негіздеу – адамдарды тиімді еңбекке ұмтылдыруды үйрену.
Жұмыскерлердің есебін жүргізу – барлық жағдайда ҚР еңбек заңнамасының талаптарын сақтау.
Жұмыскерлердің есебі мыналардың көмегімен жүргізіледі:
Еңбек шарты– жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орында- уға, еңбек тәртібен сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасы- ның заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
Еңбек шарттарының сипаттық белгілері осы шартқа қол қойған жұмыскердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы және жұмыскердің азаматтық-құқықтық шарттар үшін, мысалы, мердігерлік шарты немесе тапсырма шарты үшін сипатты болатын жекелеген тапсырмаларды немесе бір реттік тапсырыстарды орындау тәртібінде емес, жұмысты тұрақты негізде орындау міндеті болып табылады.
Еңбек шартының 2 түрі бар.
Жеке еңбек шарты– бұл жазбаша нысанда жасалатын жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы екі тарапты келісім, ол бойынша жұмыскер нақты мамандық бойынша жұмысты орындауға міндеттеледі.
Ұжымдық шарт – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін оқшауланған нор- мативтік құқықтық акт.
Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары еңбек шартымен бекітіледі. Еңбек шарты тараптардың әрқайсысы үшін біреуден, 2 данада толтыры- лады. Еңбек шартында тараптардың құқықтары мен жауапкершіліктері жазылады.
Жұмыс берушінің негізгі міндеттері:
Бизнесті сауатты құқықтық сүйемелдеу фирма ішінде де және сыртқы контрагенттермендетиімдібизнес-процестерқұруғакепілболыптабылады.Өзкезегін-де, электронды мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болатын әртүрліэлектронды алаңдар бар.