Көлбеу ұтқырлық – жеке тұлғаның немесе топтың басқа, бірақ статусы бойынша тең әлеуметтік ұстанымының бір стратификацияланған қабаты аясындағы қолданысы.
Конвергенция теориясы – екі әлеуметтік жүйелердің – капитализм мен социализмнің өздеріне жағымды белгілері мен әрқайсының жағымды қасиеттерін сәйкестендіретін, қоғамдағы одан кейінгі синтезімен жақындасушылық тұжырымы.
Конфессия– дінге сенушілік, дін, қандай да бір дінге тиесілі болушылық. Әдетте діни ілімі, табынушылығы, ұйымдасушылығы бар бірлестіктерге қолданылады.
«Көкшіл жағалылар» – АҚШ-та дене еңбегімен айналысатын жұмысшыларды білдіру үшін қолданылатын термин.
Корреляция – (өзара байланыстылық) –өзара тәуелділік, өзара сәйкестілік, түсініктердің, заттардың, құбылыстардың ара қатынасы; бір белгінің бір маңызына басқа белгінің бірнеше маңызы сай келетін, өзінің орта маңызынан қайсыбір жаққа ауытқитын ауыспалы нәрселердің байланысы.
Коммуникация – бұл бір тұлғалардан немесе топтан ақпараттың басқасына берілуі. Коммуникация әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық түрлері үшін қажетті негіз болып табылады.
Конвергенция – әлеуметтануда бұл қарама-қарсы қоғамдық жүйелердің біртіндеп жақындасуы үдерісі.
Конгениальдылық – рухты, қабілеттіліктері, ойлау бейнесі бойынша ұқсастық.