Жасқа байланысты адам денесінің құрылысы мен қызметін зерттеудің пәрменді дамыған мерзімі
1960-1980 жылдар. Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс алу, газ
алмасу, асқорыту, зәр шығару ерекшеліктері, жүрек-қантамырлары жүйесінің өсіп дамуы толығымен
зерттелді.
Мектеп гигиенасы ғылымының қалыптасуы мен дәуірлеуі ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш
және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап
жүйеге келтірумен байланысты.
Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзімі ХХ ғасырдың 70-90 жылдары.
Балалар мен жастардың өсіп дамуына, денсаулығына, мүшелер жүйелерінің қызметіне оқыту
барысындағы сабақ кестесі, еңбек мөлшері, күн кестесі, тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: