№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


  Христиан  дінінің  пайда  болу  тарихы  және  негізгі формалары.  Ислам



Pdf көрінісі
бет59/62
Дата17.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#25744
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
3.  Христиан  дінінің  пайда  болу  тарихы  және  негізгі формалары.  Ислам. 
Исламның  қалыптасуы,  догматикасы  және  тарихи  формалары.. 
Христиандықта  адам  Құдайға  «талпынбайды»,  керісінше  Құдай  мейрімділік 
пен  шапағаттылықпен  адамға  «жақындайды».  Христиандықтың  өзіне  ғана 
тән, басқа діни жүйелерде кездеспейтін қарама-қарсылығы адамзат пен құдай 
арасындағы  түсіністік  пен  елестету.  Иисус  Христостың  өзі  Құдай:  «Ең 
бірінші Сөз (кітап) болған, сосын Сөз Құдайда болды, кейін Сөздің өзі Құдай 
болды»,  осының  негізінде  Иисус  Христос  ақиқат  ілімді  ғана  бейнелемейді 
сонымен қоса жоғарғы өмірге жол сілтейді, бірақ Өзі ақиқат өмір, өйткені Ол 
–  Құдай.  Христиандық  ілім  Жаңа  Заветке  сүйене  отырып,  «дала  әлемі»  мен 
«тау  әлемі»  құндылықтарын  құдайлық  пен  адамзаттықты  белгілі  бір  шекте 
қарама-қарсы  қояды.  «Әрқандай  талпыныстар  игілік  жасау  мен  жетілу 
жолындағы  қозғалыс  пен  талпыныстар  болып  табылады;  әрқандай  игілікке 
талпыныс Құдайға талпыныс болып табылады; игілік ол Құдай,оны былайша 
айтуға  да  болады,  Құдай  ол  игілік».  Сондықтан,  адам  әлемі:  әлем,  табиғат, 
қоғам,  адамзат  тарихы,  адамның  өзі  –  «Құндылық  пен  құндылық» 


қатынасының алаңы, сол сияқты Құдайдың адаммен және адамның «Жер мен 
көкті жаратушы, адамзат баласын ұстап тұрушы мен  құтқарушы» Құдаймен 
қатынасы. 
Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да өзгеретін 
және  шектеулі  болмыстардың  себебі  мен  түпнегізі  болып  табылады,  ал 
барлық  өзгеретін  жаралыстар  Құдай  үшін  түк  те  емес  және  барлық 
жаралыстар 
өзгереді. 
Христиандық 
дүниетанымның 
орталығында 
құдыреттілік мәнге ие, шексіз, өзгермейтін, бәрін өзі білетін, трансцендентті 
жаратушы мәнге ие – Құдай тұрады. Құдай әрдайым өзінің жаратылыстарын 
жасаумен  болады,  ол  өзіндік  пікірі  жоқ  абстракция  емес,  бірақ  дараланған 
«Тірі Құдай». 
Абсолютті  және  өзгермейтін  Құдай  болмысы  әртүрлі  басқа  да 
болмыстардың барлық заттардың, процестер мен жүйелердің (көрінетін және 
көрінбейтін,  көктегі  және  жердегі)  себебі  мен  бастамасы  болып  табылады. 
Абсолютті және өзгермейтін Құдай болмысы әртүрлі басқа да өзгеретін және 
шектеулі  болмыстардың  себебі  мен  түпнегізі  болып  табылады,  ал  барлық 
өзгеретін  жаралыстар  Құдай  үшін  түк  те  емес  және  барлық  жаралыстар 
өзгереді. Христиандық дүниетанымның орталығында құдыреттілік мәнге ие, 
шексіз,  өзгермейтін,  бәрін  өзі  білетін,  трансцендентті  жаратушы  мәнге  ие  – 
Құдай тұрады. Құдай әрдайым өзінің жаратылыстарын жасаумен болады, ол 
өзіндік пікірі жоқ абстракция емес, бірақ дараланған «Тірі Құдай». 
Жаратылыс  –  жаратушымен  ерікті  сырласатын  бостандықтағы  актісі.  Әлем 
Жаратушы  арқылы  өмір  сүріп  отыр,  егер  кенеттен  Жаратушының  әлемді 
орнықтырудағы 
іс-әрекеті 
«жаратылу» 
тоқтайтын 
болса, 
онда 
«Жаратушының ықпалынсыз барлық нәрсенің тағдыры оның ішінде адамның 
да өмір сүруі мүмкін емес, өйткені «әлем Жаратушының үздіксіз жаратуымен 
өмір сүріп отыр». 
Інжіл  кітабында  адамның  пайда  болуының  екі  түрлі  үлгісі  кездеседі. 
Біріншісі,  «Қасиетті  кодекске»,  көтеріліп  бара  жатқан  «Алтыкүндік»; 
екіншіден,  адамның  пайда  болуында  «технологиялық  процесс»  деп 
сипатталатын ескірек үлгі, «Ягвистқа» көтерілуші. 
Христиандық  догмат  бойынша  адамды  Құдай  образында  және  оған  ұқсас 
жаратуы  христиандық  аппологеттердің  адамның  жоғары  мүмкіндігін 
мойындауға және оған құдайлық образдың белгілерін іздеуге алып келеді. 
Христиандықтағы діни-догматтық және философиялық түсініктегі құдайлық 
жарату  ерекше  бір  түсіндірудің  нюансы  болып  табылады.  Христиандық 
дүниетаным  бойынша  адам  мәселесін  түсіндіргенде  не  талдағанда  арнайы, 
дербес мән береді. Өйткені адам  – Құдай жаратылысы, оның табиғаты, өмір 
сүру  формасы  және  өзіндік  тұлғалық  қасиеті  өзінен  өзі  туындаған  жоқ  ол 
дара жаратушыдан бастауын алады. Сондықтан адамға Құдайдың образы мен 
үйлесімділігісіз  әлемде  өмір  сүрудің  мәні  болмайды.  Христиандықта 
адамның  өміріндегі  өзіндік  құндылықтарын  «жою,  өшіру»,  адам 
болмысының  көндігуі  мен  дезинтеграция  мүмкіндіктеріне  алып  келеді. 
Субъектіні  идеалдандыру  қажеттілігі  христиандықта  әлемнің  және  адам 
болмысының  дематериализациясына  соқтырады.  Шындығында  болмыстың 


нақтылану  нәтижесі  –  адамның  (жалпылама)  қажеттіліктері,  мүддесі,  жүріс-
тұрысы,  өмір  сүру  стилі  ретінде  болмысқа  сүйеніп  қабылдайды.  Бұл 
индивидтің  материалды  психофизикалық  ықпалдасуы,  ол  немен  бетпе-бет 
келсе  соған  қарсы  тұрады.  Сондықтан  адамның  (субъект)  «объективті 
шындыққа»  қатынасы  –  бұл  идеалды  қатынас  емес,  бірақ  практикалық 
тұрғыда  –  нақтының  нақтыға  қатынасы  рухани  ықпал  болады.  Адам 
«объективті  шындықты»  болмыс  алдына  емес  мәнге  орналастырады,  ал  ол 
оның ішінен табылады. Субъект – мәндінің ішінде (мән бұл сезімдік жүйеге, 
бостандыққа,  құндылықтарға,  жүріс-тұрысқа,  өмір  сүру  стиліне  ие) 
орналасқан  адам.  Барлық  ерекше  адамзаттық  белгілер  абсолюттің  сипаты 
ретінде  түсіндіріледі,  ал  адамдарға  олар  «Құдайлық  образбен,  үйлестікпен» 
еркін  түрде  «сыйға  тартылады».  Осындай  жағдайда  адамзаттық  қасиеттер, 
мүмкіндіктер,  белгілер  және  сипаттамалар  адамнан  «бөлініп»,  «иесізденіп», 
гипортрофтық  түрде  Абсолютқа,  «Тірі  және  ақиқат  Құдайға»  беріліп,  ұлы 
жаратушы өзінің қасиетін адамға сыйға тартады. Бұл мағынада христиандық 
дүниетаным әрдайым теоантроморфты. 
Христиандық  анропология  үздіксіз  христологиямен  байланысты.  Оның 
ішінде  христиандықтағы  «Құдай  адам  Иисус  Христос»  «Жаңа  Адам», 
жетілген  адамның  идеалды  бейнесі,  құдай  іспеттес  құдайлық  болып 
табылады,  Құдайдың  «балалық  сенім»:  менің  рахым,  мархабатымдағы 
«ғашығымның  баласы»;  Осылай  Құдай  әлемді  сүйді  өйткені  халқына,  оған 
сенушілерге  өлмейтін,  мәңгілік  өмір  сүруші  өз  баласын  берді.  Онда  Құдай 
әлемнен сынақ алу үшін өзінің баласын жібермейтін еді, бірақ әлем сол қайта 
құтқарылады.  Оған  сенушілер  сұраққа  алынбайды,  ал  сенбейтіндер  олар 
сұралады,  сыналады,  өйткені  бүкілхалықтық  Құдай  баласына  иман 
келтірмеді. 
Мұндай  жағдайда  христиандық  сенімге  сәйкес  христиандықтағы  біртұтас 
орталықтандырылған  және  генерализацияланған  құндылықтар  көрініс  беріп, 
Иисус Христос туралы адамдарға ақиқат толығымен және терең ашылады». 
Христиандықтағы адам табиғаты үш сипатта түсіндіріледі. 
Адам ата мен Хауа ананың күнә жасағанына дейінгі. 
Түсірілген адам (оның алдыңғы жағдайы). 
Иисус Христоспен қайта жаңартылған адам. 
Адам  христиандық  сенімге  сәйкес  «Жаратушы»  қолынан  пәк,  таза  болып 
шықты және өзінің «Жаратушысымен»  бірге татулықта өмір суруі бекітілді, 
бірақ шайтанның азғыруымен, қысымымен Құдайдың жеме деген жақсылық 
пен  зұлымдық  танымы  ағашының  жемісін  жеп,  күнә  жасап,  өзінің  келесі 
ұрпақтарына  дейін  құдайлық  игіліктен  айрылады.  Болмыс  бастамасынан 
үзілген  адам  ауруға,  қамқорлыққа  жат,  құмарлық  істерге,  өлімге,  ылдилауға 
әуестенеді.  Құдайға  ұқсастылық,  жасалған  күнәмен  жуылып-шайылып  жоқ 
болып, байырға құдайлық адам адамзат жетілуінің идеалы ғана болып қалды. 
Адамзат  трагедиялық,  «жыртылған»,  екіге  бөлінген,  қарама-қарсы  пікірдегі 
трагедиялық болмыс игілік іс пен күнә, рух пен нәпсі, Құдайдың игілік істері 
мен  лас  гипноздық  істер  ретіндегі  тірі  жан  болып  қана  қалды.  Бүлінген 
адамзат табиғатын қайта қалпына келтіру тек қана «»Жеке дара туған Құдай 


баласы, құдай құрбаны  – Иисус Христосқа» берілу мен бас ию арқылы ғана 
болмақ. 
«Құдай  баласының»  «әлемнің  күнәсін»  өзіне  алып,  «өліммен  өлімді  түзеп» 
ертедегі күнә жасаушы Адам атаның күнәсін өзінің азапты өлімімен нақтылы 
түрде  көрсеткен  болатын.  Иисус  Христостың  құтқару  әрекетінен  кейін 
адамдар  «жаңалықтар  жасап»,  не  «сеніп»  христиандықтар  дара  ақиқат 
бейнелі, құдайсипат қасиетті Иисус Христосқа барып тұрды. 
Адам  Құдай  бейнесімен  және  Соған  ұқсас  жасалғандықтан  оның  ерекше 
қасиеттері:  қызметі,  ақылдылығы,  еріктілігі,  ар-ұжданы  тағы  да  басқалары 
оның  тек  құдайлық  бейнесін  ғана  көрсетпейді,  олар  әр  адамның 
ерекшеліктерін алып жүретін және негізі (болмысы) – мәңгілік жанмен тығыз 
байланысты. 
Христиандық  антропология  ілім  бойынша,  адам  тән  мен  жаннның 
бірлігі.  Жан  тәнді  тірілтеді,  оны  рухтандырады,  жансыз  тән  –  мәйіт, 
сондықтан  да  Қасиетті  кітаптарда  жан  «өмір  тынысы»,  «өмір  рухы»  немесе 
«рух»  деген  анықтама  алған.  Жан  өзіне  Құдайды  қайнар  көз  қылып,  мәйітті 
тірі  жанға  айналдырып  жіберетін  ерекше  күш.  Адам  жанын  Жоғарғы 
Абсолют  материалдық  әлемнен  бөлек,  жеке,  ерікті  қылып  жасалды.  Жарату 
әдәсі-  «Құдайдың  дем  беруі».  Адам  жаны  Құдайдан  кемелділікті  алды,  ол 
оны  «Жаратушы  мен  Жасаушыға»  жақын  қылады.  Жанның  ерекше 
қасиеттері  оның  бірегейлігі  (ерекшелігі),  руханилығы  және  мәңгілігі.  Адам 
жанының  сапалық  өзгерістері  оған  берілген  «Құдайлық  сыйлардан»:  сөйлеу 
сыйы, ойлау сыйы, еркіндік сыйынан тұрады. 
Осылайша,  христологияда  адамның жасалуы,  құдайға  ұқсауы,  екі  жақтылық 
табиғаты  және  күнәхарлығы  туралы  тұжырымдар  болды.  Адамның  күнә 
жасағаннан  кейінгі  жеке  әлемі  тек  Құдайға  ғана  белгілі,  басқалар  үшін  ол 
мүлде  белгісіз,  сондықтан  әр  тұлғаның  ішкі  өмірі  оның  «адам  тәнін 
Жасаушымен» қарым-қатынасы оның соңғы тағдырын анықтайтын, шешетін 
фактор  болып  табылады.  Адам  өзінің  ойымен,  ісімен  және  өмір  сүру 
стилімен  тек  Құдайға  ғана  бағынышты.  Исламдағы  антропологиялық 
мәселелер.  «Ислам»  сөзі  көбінесе  «бойсұнушы»  деп  түсіндіріледі, 
этимологиялық  тұрғыда  өзін  беру,  өзін  сеніп  тапсыру  дегенді  білдіреді. 
Соған сай мұсылман бұл өзін Құдайға сеніп тапсырған адам. Мұсылман үшін 
Құранның рөлі қандай екенін білу де міндет. Құран исламдық ілім бойынша 
Құдайдың  Ашылуы.  Бұл  ашылуда  Құдай  сөзімен  қоса  адам  сөзі  естілмейді, 
яғни  Құдаймен  рухтанған  адамның  мүмкіншілігі  заманмен,  қоғаммен 
шектеулі,  ол  тек  осы  рухтың  жетелеуін  түсіндіруші  ғана.  Құран  Құдайдың 
Ашылуы, Мұхаммед  Пайғамбар тек оны жеткізуші. Құранда тек Құдай ғана 
сөйлейді.  Сондықтан  мұсылмандар  үшін  Құран  өзіне  арналған  Құдайдың 
сөзі. 
Ислам  бойынша  Құдай  адамдар  үшін  Өзін  Құранда,  Құдайдың  ашылу 
заңында  ашады.  Адам  «араб  тілінде,  түсінікті»  түсірілген  Құран  заңы 
бойынша  өмір  сүреді.  Ислам  –  бұл  теистік  дін.  Абсолют  әлемге 
трансцендентті,  әлемді  ерікті  түрде  жасаушы  және  оны  ерікті  қолданушы 
шексіз  тұлғалық  бастама  ретінде  түсіндіріледі.  Яғни  бұл  жаратушы  және 


тіршілік беруші бір Құдайға сенуді  уаыздайтын дін. Сонымен қоса, исламда 
Құдайды  адамның  көруі  мүмкін  емес,  адамның  Құдайтүрінде  келуі  де, 
құпияшылдық  арқылы  ізгі  хабар  алу  мүмкіндігі  де  жоққа  шығарылады. 
Исламда құпияшылдық деген ұғым да жоқ, тек құпия, жасырын ұғымдар бар. 
Құран мұсылмандарды Құдайдың құпиясына сенуге міндеттейді. 
Құранда Мұхаммед Пайғамбар жаңа хабар айтуға емес, ол бастапқы таза бір 
Құдайға  деген  сенімді  қайта  орнатуға  шақырылды  деп  айтылады.  Бұл  сенім 
әр адамда бар, оның табиғатына тән, себебі Құдай Адам Атаның балаларына 
яғни  адамзат  тегіне  берген  өсиетінде:  «сол  уақытта  Раббың  адам 
балаларының  белдерінен  нәсілдерін  алды  да  өздеріне  куә  етіп:  «Мен 
сендердің Раббыларың емеспін бе?», - ( дегенде), олар: «Ірине куәміз» деген. 
Қиямет  күні:  «Бұдан  хабарымыз  жоқ»  демеңдер.  Немесе:  «Бұрынғы  ата-
бабамыз  шерік  қатқан  еді,  біз  де  солардың  ұрпағымыз...».  Құрандық 
антропология  туралы  айтсақ  бұнда  жүйелі  түрдегі  адам  туралы  ілім  туралы 
сөз  болмауы  түсінікті,  себебі  Құран  философиялық  немесе  діни  еңбек  емес, 
дәстүрге айналған діни заңнама. 
Құрандық  антропология  үш  мәселе  төңірегінде  жоспарланады:  адам  өзінің 
Құдаймен  қатынасын  қалай  қоюы  керек,  ол  жақсылық  пен  жамандықты 
қалай ажыратуы керек және қалай ол тозақ азабынан құтқарылы алады. 
Құран  бойынша  адам  – Құдайдың  жаратқаны,  Оның  таңдаулысы,  Құдайдың 
жердегі  әміршісі  (халифы).  Бірақ,  ол  Құдайдан  жаратылған  болғандықтан 
өзінің  табиғатының  екі:  онтологиялық  (адамға  өлім  тән)  және  адамгершілік 
(адам  күнә  жасайды)  әлсідігінен  Құдайға  тәуелді.  Бұл  мәселені  қарастыруда 
үш  монотеистік  діндер  ортақ  ұйғарымда  десе  болады.  Ал  Құдай  алдындағы 
адамның статусын бағалауда біраз өзгешеліктер бар. 
Құранда адамның Құдай бейнесімен және Соған ұқсас жасалғандығы туралы 
идея  жоқ.  Нақтырақ  айтсақ  Құдай  адамды  сол  өзінің  бейнесі  бойынша 
жасаған: «Ол сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің 
сол  жақ»  (Құран  64:3).  Немесе  тағы  бір  жерде:  «Ол  сондай  Аллаһ,  сені 
жаратты  Толықтап  теңестірді.  Ол  сені  қалаған  бейнеде  құрастырды»  (Құран 
82:6-8).  Құран  Аллаһның  жаратқандарының  ішінде  адамды  ерекше 
қаситеттерімен  бөлектеп,  ерекше  орынға  қояды.  Жаратушы  адамды  Өз 
қолымен  жасап,  Өз  рухынан  дем  бергені  туралы  айтады.  Адам  Құдайдың 
құпиясымен  ерекше  ізгілікті  Аллаһтың  жаратқаны  болу  мәртебесіне  ие 
болды. Жаратушы адамға табиғи бейімділік беру арқылы оны Өзінің жердегі 
орынбасары  етті:  «Расында  да  адам  баласын  ардақтадық.  Сондай-ақ  оларды 
құрылықта  да,  теңізде  де  көліктендірдік.  Әрі  оларды  жақсы  нәрселермен 
қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрылым артық 
жараттық » ( «Ісра» сүресі, (70) ) 
Аллаһ  Тағала  жерді  де,  көкті  де  әлемдегі  барды  толық  адамға  бағынышты 
етіп,  оларды  өзінің  қажетіне  қолдануға  икемдеп  жасады:  «Және  де  Ол  өз 
тарапынан  сендер  үшін  көктердегі  әрі  жердегі  барлық  нәрсені  іске  қосты. 
Шын  мәнінде  осыларды  түсінген  ел  үшін  белгілер  бар.»  (  «Жасия»  сүресі, 
(13)  )  Аллаһ  Тағала  адамды  өзімен-өзін  қалдырған  жоқ  және  де  бостан  бос 
немесе  ермек  үшін  жатақан  жоқ,  керісінше  олардың  арасынан  адамдарды 


дұрыс  жолға  салатын,  осы  өмірде  бақытты  қылытын,  о  дүниеде  Фирдаусуға 
(Жұмақ)  оралтып,  рахатқа  батыратын  Киелі  сөзді  алып  келетін 
«Пайғамбарларды  Аллаһ  Тағала  адамдарды  дұрыс  құлшылыққа  лайықты 
Тәңірімен  таныстырып,  ешқандай  серігі  жоқ  жалғыз  Аллаһқа  құлшылық 
етуге  шақыру  үшін  жібереді.  Оларды  адамзатты  жаннаттан  сүйіншілеп, 
тозақтан сақтандыру үшін жібереді. Оларды адамдарға дұрыс құлшылық пен 
жақсы  мінез-құлықты  өнеге  болу  үшін  жібереді.»  (Пайғамбарлар  қиссасы  8-
бет. Алматы, 2007) 
Аллаһ  Тағала  Адамға  төрт  артықшылық  берді.  Әнәс  ибн  Мәликтен  жеткен 
хадисте  пайғамбарымыз  «Қиямет  күні  мүміндер  жиналып  «Раббымыздың 
алдында  шапағатшы  болатын  біреуді  іздесек»  деп  Адамға  келіп:  «Сен 
адамзаттың  атасысың,  Аллаһ  сені  Өз  қолымен  жаратты,  періштелерді  саған 
сәжде  жасатты  және  өзіңе  барлық  нәрсенің  атауын  үйретті,  бізге 
Раббымыздың алдында шапағат ет», -дейді, - деген (әл-Бухари, Муслим). 
Адам – дене мен рухтан (жаннан) құралған тіршілік иесі. Сондықтан оның өз 
жеке басы алдында міндеттері екіге бөлінеді: 
1) Тән алдындағы міндеттер: тәнді аурулардан қорғау және бұл үшін қажетті 
шараларды орындау, тазалықты сақтау; 
2)  Рух  алдындағы  міндеттер:  рухты  негізсіз  және  жалған  сенімдерден 
тазарту,  дұрыс  және  берік  сенімдерді  орнықтыру,  дұрыс  және  пайдалы 
білімдермен  қаруландыру,  жаман  ойлар  мен  жағымсыз  мінез-құлықтардан 
тазарту, жақсы ойлар мен тамаша мінез-құлықтармен безендіру. (Негізгі діни 
мағұлматтар. Алматы, 2008. 277б.) 
Алғашқы  күнә  –  тәкәппарлық.  Сондықтан  ғұламалар:  «Барлық  күнәлардың 
негізі  -  тәкәппарлық»,  -  деген.  Сол  үшін:  «Жүрегінде  тарының  салмағындай 
менмендік  бол,ан  адам  жаннатқа  кірмейді»,  -  деген  (Әбу  Дәуд)  және  осы 
мағанада  көптеген  хадистер  келтірілген.  Киімімен,  үй-жайымен  немесе 
руымен, ата-тегімен мақтану күнәлардың негізі болып табылады. Сол себепті 
пайғамбар  сахабаларының  бірінің:  «Ей  ансарлар!»,  ал  басқа  бірінің:  «Ей 
муһажирлер»  -  деп  өз  жақтастарын  шақырып  жатқанын  естіген  кезде: 
«Қойыңдар оны, расында ол – жиіркенішті нәрсе», деген (әл- Бухари). 
Ұлтшылдық,  рушылдық  және  адамдар арасындағы  бақталас,  мақтанушылық 
–  тәкәпарлыққа  жатады.Қарапайым  қызметкерге,  жалгер  жұмысшыға 
менменси  қарау  аса  ауыр  күнә.  Өткені,  Аллаһ  Тағала  күпірліктің  басы 
тәкәппарлық деген. 
Кінәні  мойындау  –  Адам  мен  Ібілістің  арасындағы  үлкен  айырмашылық. 
Ібіліс қарсылық танытып, менменсіді және осы әрекеті үшін мәңгілік тозаққа 
лайық  болды.  Ал  адам  Аллаһтың  әміріне  қарсы  келіп  күнә  істегенмен  Одан 
өз  күнәларын  кешіруін  сұрады.  Сондықтан  ғалымдар:  «Кіші  күнә 
мойындаумен, ал үлкен күнә кешірім сұрау арқылы жуылады», - деп айтқан. 
Адам дүние салар алдында пайғамбарлықты Шиске тапсырды. Шис Адамның 
ұлы,  Аллаһ  Тағала  оны  Абылдың  өлімінен  кейін  берген  еді.  Өйткені,  Адам 
ұлы  Абыл  өлтірілген  кезде  қатты  қай,ырған  болатын.  «Шис»  сөзінің 
мағынасы – Аллаһтың сыйы, нығметі дегенді білдіреді. 


Әбу  Зәрр:  «Пайғамбар:  «Аллаһ  жүз  төрт  жазба  түсірді.  Содан  елу  жазбаны 
Шиске түсірген», - деді», - деген (Ибн Хиббан). 
Ол  жазбалар  адамзаттың  өмірін  ретке  келтіретін  қағидалар  мен  шариғи 
заңдарды  қамтыды.  Өйткені,  адамзаттың  бастапқы  кезеңдегі  өмірі  реттеуді 
қажет етті. 
Адам  Шиске  өз  білімінің  басым  бөлігін  үйретті.  Бірақ,  ол  Адамның  білімін 
толығымен  игере  алмады.  Өйткені,  Адам  Аллаһ  Тағала  тарапынан  тәлім 
алған  еді.  Шис  Адамнан  білім  алған,  көп  нәрсені  үйренген  ғұлама  кісі.  Ол 
адамдарға өркениет пен өнеркәсіпті, күн мен түнді өлшеуді үйретті. 
Исламның  мақсаты  –  адамдарды  игі  ахлақ  (әдеп)  иесі  етіп  тәрбиелеп, 
кемелдендіру.  Пайғамбар  былай  дейді:  «Мен  көкем  мінездерді  толықтырып, 
кемелдендіру  үшін  жіберілдім»  («Кәшф  әл-Хафа»,  1  том  211б.).  Бір 
мұсылманға  берілетін  баға  оның  парасаттылығымен  өлшенеді.  Исламда 
ғибадаттар  діннің  әмірі  болса,  ахлақи  міндеттерді  орындау  да  діннің  әмірі. 
Исламдағы  ғибадаттардың  негізгі  мақсаты  –  адамдарды  жаманшылықтан 
алшақтатып, игі ахлақты болуға тәрбиелеу. 
Шынайы  сенім  иесі  болған  адам,  барлық  іс-әрекеттерін  Аллаһ  Тағаланың 
көріп  тұрғанына  және  оларды  періштелердің  жазып  отыратынына  сенеді. 
Дүниеде  істеген  әрбір  іс-әрекетінің  қиямет  күнінде  өзінен  сұралатынын 
біледі.  Жақсылық  жасағандардың  сый  көретініне,  ал  жаманшылық 
жасағандардың жазасын тартатынына сенеді. 
Аллаһ  Тағала  Құранда  былай  дейді:  «Кімде-кім  титтей  жақсылық  жасаса, 
оның сыйын алады, ал кімде-кім титтей де жамандық жасаса, оның жазасын 
тартады»  (Зілзәлә  сүресі  7-8  аяттар).  Бұл  сенім  адамды  жаманшылықтан 
алыстатады,  жақсылық  жасауға  себепші  болады.  Жүрегі  мұндай  сенім  мен 
жауапкершілік  сезімдерінен  жұрдай  адам  адамдардан  жақсылық  күтуге 
болмайды. 
Ал  жүрегі  сенімге  толы  мұсылман  барлық  іс-әрекеттеріне  көңіл  аударып, 
бақылап  отырады.  Ешкімге  жаманшылық  істемейді.  Қолынан  келген 
жақсылықты  жасауға  тырысады.  Ғибадаттар  адам  жүрегіне  иманды 
арттырады,  әрі  парасатты  болуға  шақырады.  Бес  уақыт  намаз  адамға  үнемі 
Аллаһты еске салып отырады, әр түрлі  жаман әрекеттерден бас тартқызады. 
Ораза  болса  шапағат,  мейірім  сезімдерін  дамытып,  адам  қолын  харам 
нәрселерден,  тілін  жалған,  өтіріктен  сақтайды.  Зекет  –  сараңдықтан 
құтқарады,  басқаларға  жақсылық  жасап,  қол  ұшын  беруге,  адам  бойындағы 
көмек көрсету сезімдерін оятып, халыққа пайдалы болуға себепші болады. 
Ең тамаша ахлақ үлгісі – Хазреті Мұхаммед – Аллаһтың тәрбиесінде болған. 
Ол  мінез-құлқын  Құраннан  алып,  жақсылықтардың  бәрін  бойына  жинаған. 
Пайғамбар  ахлақтың  міндеттерінен  тағлым  бере  жүріп,  өзі  үлгі  көрсетіп 
отырған.  Ол  еш  уақытта  туралықтан,  шындықтан  жақсылықтан  бір  сәт 
ажырымаған, тамаша мінезімен, іс-әрекетімен басқаларға үлгі болған. Алааһ 
Құран  Кәрімде:  «Аллаһтың  расулінің  бойында,  сіз  үлгі  алатындай  тамаша 
өнеге  бар»  (Ахзаб  сүресі  21  аят)  дей  отырып,  Пайғамбардан  үлгі  алуға 
шақырған.  Адамдардың  міндеті  –  Пайғамбардың  парасаттылық  пен 
адамгершілікке толы өмірін біліп, үйреніп, оның іс-әрекетін үлгі тұту. 


Исламдағы  адамға  берілген  тағы  бір  әмір  –  еңбек  ету.  Кез-келген  мұсылман 
күн  көру  үшін  және  ешкімге  мұқтаж  болмай  өмір  сүру  үшін  еңбектенуі 
қажет.  Еңбектеніп,  ақша  табуда  аса  мән  беретін  нәрсе  –  ақшаны  адал 
еңбекпен  табу  және  оған  харам  нәрсе  араластырмау.  Пайғамбар:  «Бір 
мұсылманды  алдаған,  оған  зиян  тигізген  немесе  айла  жасаған  адам  –  бізден 
емес» (250 хадис, 159 б.). Мұсылмандардың маңызды қағидасы шыншылдық, 
туралық, адалдық, адамгершілік қасиеттер. 
Адам  парасатты,  адамгершілікті  болуы  үшін  жақсы  тәрбие,  мінез-  құлық 
керек.  Мінез-құлқы  жаман  адамдармен жолдас  болған  адамдар  да  уақыт  өте 
келе өздерінің жақсы мінездерінен айрылып, жаман мінезге түсіп кетеді. Сол 
себепті игі ахлақ иесі өз құлқын сақтау үшін, жақсы ахлақты тәлім – тәрбиесі 
бар адамдармен араласуы керек, ал әдепсіз адамдардан аулақ болуы тиіс. 
Пайғамбар: 
«Жақсы  адамдармен  жолдас  болуды  хош  иісті  сулар  сатылатын  дүкенде 
отырғанға ұқсатады. Дүкеннің қожайыны оған ештеңе қсынбаса да ол жердің 
хош иісінен әсерленеді.» 
«Жаман  адамдармен  жолдас  болуды  темірші  ұстаханасына  ұқсатады.  Ол 
жерде  отыр,анкісіге  оттың  бір  ұшқыны  шашырайды,я  болмаса  иісі  мазасын 
алады». (Жами әс-Сағир) 
Адам  жора-жолдас  таңдағанда  абай  болуы  керек.  Жақсы  және  білімді 
адамдармен  дос  болу,  олардың  сөз  және  іс-әрекеттерінен  жақсы  өнеге  алу, 
жаман  адамдардан  қашық  болу  міндет.  Бірақ  оларды  сол  жаман  іс-
әрекеттерінен құтқару мақсатында олармен жақсы араласып, адамгершілікке 
тарту қажет. 
 
Қолданылатын әдебиеттер: 
1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013. 
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014. 
3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000. 
4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006. 
5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008. 
6.  Бертран  Р.  «История  западной  философии»  –  М.:  Издатель  Litres,  2018.  – 
1195 с. 
7.  Джонстон  Д.  «Философияның  қысқаша  тарихы.  Сократтан  Дерридаға 
дейін».Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б. 
8.  Хесс  Р.  «Философияның  таңдаулы  25  кітабы».  Ғылыми  ред.  Раев  Д.С.  – 
Астана, 2018.–360 с. 
9.  Кенни  Э.  «Батыс  философиясының  жаңа  тарихы.  1-том:  Антика 
философиясы» / ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 
408 с. 
10.  Кенни  Э.  «Батыс  философиясының  жаңа  тарихы.  2-том:  Орта 
ғасырфилософиясы» / ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 с. 
11.  Карен  Армстронг  Иудаизм,  христиандық  пен  исламдағы  4000  жылдық 
ізденіс: Құдайтану баяны/ Научн.редактор Кенжетай Д. – Астана, 2018. – 496 
с. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет