5-тақырып. Қазақстандағы тәрбие, мектеп пен педагогикалық ойлар (VI-ХVII ғғ.). ) (2 сағ.)
Қазақ халық тәрбиесінің мазмұндық сипаты. Халық педагогикасы. Этнопедагогика. Түркілер дәуіріндегі тәрбие және оқыту ісінің даму барысы. Мектептер мен медреселердің пайда болуы. Педагогикалық ойдың дамуы ( Әбу Нәсір Әл Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашғари, А.Жүйнеки, А.Иасауи және т.б.). "Кодекс куманикус", "Мулхакат ас- сурах", "Махаббатнаме" шығармаларының тәлім-тәрбиелік маңызы.
ХV -ХVІІ ғғ. педагогикалық ойдың даму бағыттары. Ақын-жыраулардың Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Байбатайұлы және т.б. қазақ қоғамындағы тәлім-тәрбие ісіне қосқан үлесі.
6-тақырып. Қазақстандағы мектеп, білім беру және педагогикалық ойлар (ХVIII-ХХғғ.). ) (2 сағ.)
Қазақстанда ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мектеп пен педагогикалық ойдың дамуы. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі оқу орындары
Қазақстанның Рессейге қосылуы. Патша өкіметінің Поволжье мен Қазақстан халықтарының ағарту ісіне қатысты реакцияшыл саясататы.
Ресейдің орыс емес халықтарға білім беру реформасының жобасы (1768 ж.). Түрлі типтегі оқу орындарының ашылуы. Орынбор татар мектептері (1744 ж.). Омск (1786 ж.), Орынбор (1789 ж.) аудармашылар мектебі (1788), Ішкі Ордада (Бөкей хан) ашылған қазақ мектебі (1841 ж.), Шекаралық комиссия жанындағы Орынбор мектебі (1850 ж.) және олардың әрекеттеріндегі педагогикалық ерекшеліктер.
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында – ХХ ғ. басында мектеп пен педагогикалық ойдың дамуы. Орыс-қазақ мектептер жүйесінің пайда болуы және дамуы. Н.И.Ильминскийдің педагогикалық жүйесі. Қазақстанның әр өңіріндегі орыс-қазақ мектептерінің түрлері және олардың даму тенденциялары (қарқыны).
Ы.Атынсариннің ағартушылық қызметі мен педагогикалық көзқарастары және Қазақстанда мектеп пен педагогиканың дамуына қосқан үлесі. Орыс-қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістерінің мәселелері.
А.К.Алекторов, А.В.Васильев, С.П.Граменицкийлердің қызметі мен педагогикалық ойлары.
Қазақстанда ескі және жаңа әдісті мұсылман мектептері мен медресселер, олардың білім беру жұмыстарының ерекшеліктері.
Ш.Уәлиханов. А.Құнанбаев еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары. Қазақстандағы XX ғ. бас кезіндегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. Баспасөз беттерінде білім беру мәселелерінің көтерілуі. Ш.Құдайбергенов, М.Копеев, С.Торайғыров және т.б. педагогикалық көзқарастары.
Қазақстандағы XX ғ. бас кезіндегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. Жаңа әдісті мектептер мен медреселердің бағдарламалары және жұмыс нәтижелері. Баспасөз беттерінде білім беру мәселелерінің көтерілуі. Педагогикалық ойдың дамуы. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Х.Дулати және К.Қосымұлы еңбектеріндегі тәрбие және білім беру мәселелері.
Шоқанның “Манас” жырынан жазып алған өзекті тұсын атаңыз және оның жеткіншектер тәрбиесіндегі педагогикалық мүмкіндіктерін негіздеңіз.
Алтынсариннің “Шариатыл ислам” еңбегімен танысыңыз, әрбір бөлімінің өзіндік ерекшеліктеріне, бағытына түсінік беріңіз, бүгінгі күннің талабын ескере отырып, оның тәрбиелік мүмкіндігіне тоқталыңыз. Оны оқу процесіне ендіру туралы пікіріңізді негіздеңіз.
Абайдың “Қараңғы түнде тау қалғып” өлеңінің Гете мен Лермонтовтың шығармаларымен үндестігі туралы айтылады. Шығармаларының атын анықтаңыз, салыстырмалы түрде мазмұндаңыз.