1 тақырып. Пәннің мақсаты, міндеті және зерттеу нысаны Геоэкология және табиғат қорғау пәнінің зерттеу нысаны?



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі128,91 Kb.
#15974
1   2   3   4
Байланысты:
1 тақырып. пәнінің мақсаты, міндеті және зерттеу нысаны

Геоэкология  –  биота  мен  физикалық-географиялық  ортанығ  әр  түрлі 

мөлшердегі  ландшафт  бірліктерінің  өзара  қатынастарын  және  өзара 

әрекеттесуін зерттейтін ғылым. Әртүрлі ландшафт бірліктеріндегі биота мен 

физикалық-географиялық ортаның өзара қатынастары мен өзара әрекеттесуін 

салыстыруға болмайды, бұл ара-қатынас пен әрекеттестіктерде антропогендік 

тірліктің әсері мол екені айқын. 

5.      Геоэкологияның ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдарды 

атаңдар. 

К. Тролл, И.Е. Тимашев, В.Б. Сочава, С.в. Клубов, Л.Л. Прозоров, М.М. Судо, 

В.И. Осипов, В.С.Жекулин, Н.Ф. Реймерс, Г.Н. Голубев,В.Н. Островский, т.б. 

6.      Геоэкологияның табиғат қорғау қызметтері қандай? 

Геоэкологияның қолданбалы саласы ландшафтты қорғау деп аталады. Біртекті 

физикалық-географиялық жүйе ретіндегі ландшафт адамды, қоршаған ортаны 

қорғаудың  маңызды  элементі  екені  белгілі.  Ландшафтты  қорғаудың  негізгі 

мақсаты  –  ландшафттардың  ресурс  түзуші,  орта  қалыптастырушы  және 

өндірістік  функциясын  сақтап  қалу.  Ландшафтты  қорғау  олардың  өзіндік 

реттелуі  мен  құрылымын  сақтап  қалу  жолындағы  шаралар  арқылы  іске 

асырылады. 

7.     Геоэкология қандай әдістемелік ұстанымдарға сүйенеді? 



Қазіргі  кезеңнің  маңызды  ғылыми  мәселесі  –  табиғатты  қорғау  мен  оны 

өзгертудің  ең  тиімді  жолдарын  анықтау  және  табиғи  ортаның  экологиялық 

жағдайының өзгеру тенденцияларын алдын ала, дер кезінде байқау. Сонымен 

қатар  табиғи  ортаның  барлық  компоненттерінің  өзара  әрекеттесуі  арқылы 

болатын  шартты  (динамикалық)  тепе-теңдігін  сақтауға  және  оны  адамзат 

тіршілігінің  салдарынан  бұзылғаннан  кейін  қайта  қалпына  келтіруге  ерекше 

мән беріледі. Қазіргі ғылым табиғатты барлық заттары мен құбылыстары бір-

біріне тәуелді, өзара тығыз байланыстағы, әрі әрекеттестіктегі біртұтас дүние 

ретінде  қарастырады.  Табиғи  ортаның  біртұтастығы,  бөлшектенбейтіндігі 

туралы  тұжырымдама  геоэкологияның  әдістемелік  негізінде  жатыр.  Осыдан, 

геоэкологияда  материалистік  диалектикаға  негізделген  мынадай  әдістемелік 

ұстанымдар қалыптасты. Геоэкологиядағы экологиялық мәселелерді шешудегі 

маңызды  орынды  жан-жақты  байланыстар  және  табиғат  дамуындағы  табиғи 

үрдістер  мен  құбылыстардың  өзара  тәуелділігі  жайындағы  ережелер  алады. 

Осы  ереже  бойынша  барлық  табиғи  үрдістер  мен  құбылыстар  арасында 

көптеген  өзара  байланыстар  болады.  Табиғи  немесе  антропогендік 

факторлардың  әсерінен  табиғаттың  қандай  да  бір  бөлігінің  өзгеруі  табиғи 

ортаның  құрылымының  жан-жақты  бұзылуына  әкеп  соғады.  Осыған 

байланысты табиғи орта компоненттерінің (мысалы, климат, топырақ, биота) 

қайсысының  болсын  өзгеру  бағытын  анықтау  міндетті  түрде  географиялық 

жүйенің  басқа  компоненттерінің  де  өзгеруіне  әкелетініне  көз  жеткізеді.  Өте 

маңызды  заңдардың  бірі  қарама-қайшылықтар  бірлестігі  мен  күресі.  Ол 

бойынша табиғи ортадағы қарама-қайшылық элементтерін анықтау мен зерттеу 

арқылы  аумақтың  келешектегі  табиғи  және  антропогендік  жағдайының  даму 

бағытын  дер  кезінде  анықтау  мен  бағалауға  және,  соның  негізінде,  қажетті 

ұсыныстарды құрастыруға болады. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге 

біріге  ауысуы  заңы  бойынша  кез  келген  геожүйелер  жағдайының  бұзылуын 

есепке  алып  отыру  қажет.  Қоршаған  орта  сипатындағы  сандық  өзгерістерді 

анықтау  болашақта  табиғи-антропогендік  жүйелерде  міндетті  түрде  болатын 

түбегейлі  сапалық  өзгерістерді  күнібұрын  білуге  мүмкіндік  береді.  Теріске 

шығаруды теріске шығару заңы дамудың философиялық тұрғыдағы серпінді, 

алға тарту сипатын ашады. Табиғатта өткен шақта болсын, осы шақта болсын 

мүлде  бірдей  жағдай  ешқашан  қайталанбайды,  себеп  пен  салдар  үнемі 

орындарын ауыстырып отырады. Геоэкологияда жоғарыда аталған әдістемелік 

ұстанымдар  ауқымдық,  аумақтық,  нақтылық,  кешендік  сипаттағы  арнаулы 

географиялық  тәсіл  арқылы  іске  асырылады.  Табиғатты  қорғаудың 

ландшафттық  ұстанымы  мен  адамның  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерлерінің 

зардабын күнібұрын білу ерекше әдістемелік мәнге ие болады. Осы ұстаным 

бойынша  физикалық-географиялық  белдемдерде,  облыстарда,  өңіірлерде, 

аудандарда,  ландшафт  және  оның  төменгі  жіктелу  категорияларында  өзара 

әрекеттестіктегі барлық компоненттерін кешенді қамту көзделеді. Сондықтан 

нақты ландшафт құрылымындағы соған тән табиғи компоненттердің біріне бірі 

сай 

болуына 


антропогендік 

әсер 


нұқсан 

келтірсе,  ландшафттың 

физиономиялық (сыртқы) пішіні мен оның табиғи әлеуеті, сонымен қатар ішкі 

литогендік, гидрогендік және климатогендік негіздері мен биотасы да міндетті 




түрде өзгереді. Осыған байланысты, аумақтық табиғат кешеннің қай бөлігінде 

болсын  болған  бұзылу  жалпы  геожүйе  құрылымындағы  не  оң,  не  теріс 

өзгерістерге әкеледі. Осы өзгерістерді бағалау мен болжау табиғатты қорғауды 

басқару мен оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. 

Адамзаттың табиғи ортаның экологиялық тұрақсыздануға ұшырау құрсауынан 

шығуы  қоғамның  күрделі  әлеуметтік-экономикалық  мәселелеріне  айналды, 

оларды шешуде әр сала ғалымдарының біріккен әрекеттері арқасында ғана оң 

нәтижеге қол жеткізуге болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет