1 тақырып. Пәннің мақсаты, міндеті және
зерттеу нысаны
1.Геоэкология және табиғат қорғау пәнінің зерттеу нысаны?
Геоэкология – жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін)
экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы. Геоэкология және
табиғат қорғау пәнінің зерттеу нысаны- экосфера. Экосфера қоғам мен
геосфера ықпалдасуының дүниежүзілік саласын көрсетеді.
2.Пәннің мақсаты мен міндеті.
Қазіргі кезде Геоэкологияның алдына қойған міндеттері:
1) ландшафтты сауықтыру, яғни табиғи ландшафтта әр түрлі аурулардың
таралуы нәтижесінде болатын адамның науқастану қаупін жоюға бағытталған
шараларды белгілеу; аурулардың табиғи ошақтарын зерттеу; ауру қоздырушы
және таратушы түрлердің (микроорганизмдер, вирустар, т.б.) экологиясын
зерттеу және оны қорғау;
2) бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру, яғни адамның іс-әрекетінің
жағымсыз зардаптарынан, ландшафттың бүлінген бөліктерін халық
шаруашылығына пайдалануға қайтару, т.б.
3. Геоэкологиялық зерттеулердің мәні?
Геоэкология
физикалық-географиялық
ортаның
әртүрлі
ландшафт
құрылымдары мен биотаның тіршілігі мен динамикасын зерттейтін
географиялық және биологиялық ғылым ретінде дәстүрлі биоэкологиялық
бағыттармен – даралар экологиясымен (аутэкологиямен), популяциялық
экологиямен (демэкологиямен), түр экологиясымен (спишесэкологиямен),
қауымдастықтар
экологиясымен
(синэкологиямен)
және
биосфера
экологиясымен жымдасып кетті және иерархиялық жағынан биосфера
экологиясы алдына орналастырылды.
4. Геоэкология түсінігі неге негізделген?