Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала даярланады.
Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.
Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс.
Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % пен ғана айтылады.
Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.
Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.
Математикалық-статистика –белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)
Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.
Сұрақтар: Психология ғылымы дегеніміз не?
Психология қай тілден аударғанда «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді?