1 тақырып. Саясаттану ғылым ретінде



бет2/3
Дата14.07.2023
өлшемі40,19 Kb.
#104379
1   2   3
Байланысты:
1 ТАҚЫРЫП.Саясаттану (1)

1.2. Саяси ғылымның құрылымы

Саясаттану саясат туралы ең бiлiмдi ғылым болып есептеледi. Басқа əлеуметтiк бiлiм түрлерiне қарағанда саясаттанудың өзiндiк арнаулы ерекшелігі болады, яғни саясат қоғамындағы табиғат, шарт жəне билiк технологиясы. Саясаттану саяси əрекеттердi зерттей отырып, бiрнеше пəнге бөлiнедi:





  • Саяси философия – ол саясат аспектiнiң дүниежүзiлiк құндылықтарын,саяси идеяларды, нормаларды зерттейдi.




  • Саяси тарих – ол əлеуметтiк емес, саяси институттар мен ұжымдардың даму тарихын, əр кезеңдегi революциялық өзгерiстерi мен себептерiн зерттейдi.




  • Саяси теория – ол билiк ұжымындағы анализ түрлерi мен формаларын, саяси субъектiлердi, мемлекет жəне құқық теориясын, т.б зерттейдi.




  • Саяси зерттеу теориясы – ол саяси идеялардың пайда болуы мен дамуын зерттейдi.




  • Саяси психология – ол саяси тəртіптiң субъективтi тетігін зерттейдi жəне өзара қатынасын ашады.




  • Қолданбалы саясаттану – ол өткен ғасырдағы 60-жылдары саяси ғылым iшiнде негiзделдi. Ол психология, əлеуметтану, кибернетика нəтижелерi барысында нақты саяси мəселелерді шешедi.




  • Саяси əлеуметтану – ол əлеуметтану мен саясаттанудың аралық өнiмi болады. Ол саясатқа қатысушылардың қызығушылығы мен олардың пiкiрлерiнiң мазмұнын зерттейдi. Саясаттану мен саяси əлеуметтану арасындағы айырмашылықты американдық социологтар С. Липсет жəне Р. Бендикс айтулары бойынша «саяси ғылым мемлекет бастап оның қоғамға деген əрекетiн зерттейдi, ал саяси əлеуметтану қоғамнан бастап, оның мемлекетке тигiзетiн əсерiн зерттейдi».

Саясаттану саясатты зерттей отырып үш деңгейдегi бiлiммен шектеледi.



  • Философиялық, мұнда билiк пен мемлекеттiң мəнiсiн, табиғатын жəнемiндеттерiн анықтайды.




  • Теориялық, мұнда əр саяси институт пен субъектiнiң орнымен, оның рөлiжəне де билiк қатынастағы функциялары анықталады.




  • Социал, яғни əлеуметтiк, мұнда саяси əсерлердiң себебi мен салдарынжəне тұлға мен топтың тəртiбiн анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет