Электрондық кесте – ұяшықтарында деректер (мәтін, санда, формула) жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі. Электрондық кестенің файлы Кітап деп аталады және *.xlsx форматында сақталады.
Кестенің негізгі параметрлері: Ұяшық – деректер сақталатын орын. Қатар мен бағандар қиылысып, ұяшықты құрайды. Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі. Баған – көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі Ұяшықтар диапазоны – белгіленген ұяшықтар тобы. Мұндай блоктардың адресi бiрiншi ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресiн қос нүктемен бөлiп жазу арқылы көрсетiледi.Мыс А1:D9 Қатарлар: араб цифрларымен нөмірленеді және олардың саны 65536 санға тең Бағаналар: A-Z одан кейін реті бойынша AA-AZ, BA-BZ .... Латын әріптерімен белгіленеді және олардың саны 256-ға тең Ұяшық: бағана әріпі мен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адрес. Мысалы, A1 – бiрiншi ұяшықтың, ал В105 – В бағанының 105 қатарындағы ұяшықтың адресi.
5-тапсырма. Мектептегі мәліметтер қорын басқару жүйелері. Тиімді және тиімсіз жақтарын айқындау. Мектептегі МҚБЖ-ны қолдану мүмкіндіктерін көрсету.
Мәліметтер қоры дегеніміз мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы. Ол ақпаратты сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорына мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысының кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындыларын және т.б. атауға болады. Электронды мәліметтер қорының басты қасиеті – ақпаратты жылдам іздестіру, сұрыптау және түрлендіру.
Мәліметтер қорының түрлері: реляциялық, иерархиялық, желілік. Мәліметтердің реляциялық қоры кестелерді қолдануға негізделген. Ол екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастырылған. Егер әрбір жазба нақты бір объектіге ғана қатысты ақпараттарды қамтитын болса, онда мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорында әрбір тізім кестелерде сақталады. Мысалы: оқу орны туралы мәліметтер бір кестеде, студенттер туралы мәліметтер екінші кестеде сақталуы керек. Иерархиялық және желілік мәліметтер қоры қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық мәліметтер қорында мұндай байланыстар бұтақ тәріздес құрылым түрінде бейнеленеді. Мұнда біржақты байланыстардың болуы мүмкін және сұраныс құрылымда бейнеленсе ғана қанағаттандырылады. Желідегі мәліметтер қоры желілік мәліметтер қоры деп аталады.
Мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып жіктеледі. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және желілік қатынас құру болып бөлінеді. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады. Олар: жобалаушылар және қолданушылар. Жобалаушылар кесте құрылымдарын мәліметтерсіз, тапсырыс берушімен бірге келісіп жасайды. Қолданушылар мәліметтре қорын ақпараттармен толықтырады, өңдейді және нәтижелік кестелер мен есеп берулерді алады.
Егер мәліметтерді берудің режимі қосқабатты (дуплексный) режим болса, онда мәліметтер екі бағытта бір мезгілде беріледі.