6-тапсырма. Төмендегі анықтамалар қай терминге сәйкес келеді? Сәйкестендіріңіз
Сыртқы не ішкі белгілеріңдегі (тұлғасыңдағы, қимылыңдағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы
Жеке қолданыстағы метафора
Тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуы
Сөз мағынасының тарылуы
Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына
Синекдоха
Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы
Полисемия
Бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылатын сөздер
Метонимия
Белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүретін, сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайтын, белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы .