№1 ТАПСЫРМА
1. Сөздің соңғы буынының жуан не жіңішкелігінің ықпалы тимей,
өзінің қалпын сақтап жалғанатын қосымшаларға мысал келтіріңіздер:
-мен, /-бен, -пен/, -паз, -қор, -кер, -кеш, -гөй, -хана, -нікі, /-дікі, -тікі/.
2. Берілген мысалдардың түбірлерін айқындаңдар. Қосымша
жалғанғанда түбірдің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндіріңіздер.
Еңбегі
аздың
өнбегі
аз. Ердің атын еңбек
шығарар.
Жердің сәні –
егін,
ердің сәні – білім. Жоқ
табылмайды
емес, қарауы жетпейді. Арқанды ат
қазығына
оралар. Түзде бұзауы жамырағанның үйде айраны
төгіледі
. Еңбек
түбі –
береке.
3
.
Сөздерді буын жігі мен морфологиялық жігіне қарай ажыратыңыз.
Шырағым, алыстан орағытып сөйлегеніңе қарағанда ақылды жас
боларсың. Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі
қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық. Өйткені ақылға
айтқызсаң, қарызсыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді, ең дұрысы, ештеңе
айтпаған, ештеңе істемейді дейді. Ал не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған
кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем, мына
заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды (Ә.К.).
Үлгі:
басшылықтарын
Морфологиялық жік
:
бас – шы – лық – тар – ы – н
Буын жігі
:
бас – шы – лық – та – рын
Достарыңызбен бөлісу: |