1. Тапсырма Төменде берілген терминдерге анықтама беріңіз: Ақпарат, деректер, хабарлама, мәлімет, білім, ғылыми ақпарат, ақпаратты сақтау. Ақпарат



бет4/4
Дата28.11.2022
өлшемі35,07 Kb.
#53251
1   2   3   4
Байланысты:
8 практикалық жұмыс

Ақпаратты сақтау мен іздестіру (Хранение и поиск информации; information storage and retrieval). Ақпаратты сақтау дегеніміз — келешекте пайдалану үшін ақпаратты қосалқы сақтауыш құрылғыға — магниттік таспаға немесе магниттік дискіге жазып алу. Сақтау — ақпаратпен жүзеге асырылатын негізгі операциялардьщ бірі жене уақыт аралығы өткеннен кейін оның қайта пайдаланылуын қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Ақпаратты іздестіру дегеніміз — сақталған ақпаратты алу және онымен жүзеге асырылатын негізгі операциялардьщ бірі. Кітапханалық істе «ақпаратты іздестіру» атауы біртектес болғанымен, мәні тұрғысынан мәтіндерді іздеу әдісіне (мысалы, кілттік сөз және индекстердің көмегімен) жатады немесе кейбір тақырып бойынша жұмыс жасауға сілтеме болып шығады. Бұл жағдайда ақпарат машинамен оқылатын тасуышта сақталады және компьютер көмегімен оқылады. «Ақпаратты сақтау мен іздестіру» атауы тек ақпаратты сақтау және ақпаратты іздестіру операциясы ғана емес, осы өзара байланысты операцияларды жүзеге асырудың көптеген әдістері де. Ақпаратты сақтау мен іздестіру пайдалану үшін сақтайды, ал іздестіру мүмкіндігі сол сақтау кезінде қаланады. Ақпаратты сақтау мен іздестіру информатика тарауы ретінде сақталатын ақпаратқа келешекте қатынас құруды жасақтау үшін ақпаратты белгілеудің барлық әдісін қамтиды. Бұл әдістер файлдармен және мәліметтер базасымен, мәтіндік файлдармен, графикалық мәліметтер базасымен және т.б. жұмыс істеуге қолданылады.
2 – тапсырма


Мәтіндік ақпарат (текстовая информация; text information) — алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.
Статистика (лат. status– жай-күй) –

  1. білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым;

  2. қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын олардың сапалық мазмұнымен ажырағысыз байланыста сипаттайтын статистик. ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын практик. қызмет саласы;

  3. жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы.

  4. қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстарды меңгеретін және көп жылдық тарихы бар ерекше ғылым немесе білім саласы. Оның шығу төркіні әр түрлі қоғамдық тұтынушыларға, мал санына, жер-су көлеміне, дүние-мүлік және басқалар есебіне байланысты.

  5. әр-алуан белгілі бір статистикалық деректер жиыны ретінде де түсінуге болады (өлім статистикасы, торбетке кіру статистикасы т.б.).

ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТ (Графическая информация; image(pattern) information) — схемалар, эскиздер, диаграммалар, графиктер пішіндегі фигуралар немесе бейнелер (көрнекті символдар) түрінде берілетін ақпарат.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет