1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



бет6/59
Дата14.10.2023
өлшемі253,23 Kb.
#114425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Саясаттану (жалпы)


§ 3. Жаңа замандағы саяси ой.
XVII ғасырда буржуазиялык революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соккы беріп, капиталистік қатынастардыңтез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің корнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс ( 1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнін негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен кауіпсіздікті сактау үшін пайда болды. Қоғамдык келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардын күкы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлык билікті мем-лекетке берді. Ол монархиялык мемлекетті үнатты.
Франциядағы буржуазиялык революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, қоғамнын дамуын географиялык ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандык — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауда-ның дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті каражаттармен камтамасыз етуге міндетті. Бостандыкты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, ат-қарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712—1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халык билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін колдануға болады, Бірак бұл ретте депутат халық кызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
Жаңа заманды сөз еткенде еңалдымен Америка Күрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.
ХVП-ХҮШ ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775-1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бұл соғыс демократиялық идеялардың дамуына Қуатты түрткі болды.
АҚШ-тағы киян-кескі таптық күрсс идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, А. Пейн жақтаса, ірі буржуазияныңсаяси көзкарасыи А Гамильтон қорғады.
Америка халкының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743—1826) атына байланысты. Ол сол кездегі үды революциялық құжат — Америка Құрама Штаттарының "Тәуелсіздік Декларациясын" жазды. Мемлекеттік өкіметті қүрап, оны бакылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халык. қүқын корласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мүнда Джефферсон рақымсыз билеушіге карсы халыктың көтеріліс жасауға күкы барлығын дәлелдеп, халык егемендігін жактады. Бұл дүниежүзілік профестің рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда тендік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары түруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды теңетіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекетгік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол үсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737— 1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, тендікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бакытқа жету, т.б. жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты — қауіпсіздік пен бостандыкты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты — жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Т. Джефферсон мен Г. Пеймнің қажырлы еңбегінің аркасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлық адамдардык жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бакытка және кауіпсіздікке құкы бар; халық— өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімст — халықтың қызметінісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халык өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек және т.б.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануэль Кант (1724— 1804). Оның саяси пікірлері "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары, "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектерінде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны "категориялық императив" деп айтады. Оның мәні — әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара карым-қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сактаудың құралы деп біледі.
XVIII ғ. аяғы — XIX г, бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі — капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі — алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдык құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, зандылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас башты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыкқан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестін үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.
Пролетариат күресінің алғашкы кезеңінде өз үмітін Сен-Си-мон, Фурье, Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сеп-Симон бірінші болып әркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай акы алатын қоғамдық құрылымның болу мүмкіндігі туралы пікір айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жібсрілген карғыс, жаза деп санайтын. Ал Фурье сңбекті адам үімін ракатқа айнала алатыны және айналуга тиіс екені жайында мәселе көтерді.
Ол еңбек ету құқын бірінші орынға қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист-социалистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама-қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар матермалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды. Утопист-социалистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың зандылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет