1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні



бет21/59
Дата13.04.2023
өлшемі253,23 Kb.
#82451
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
Лекция


§ 1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда көбінесе екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.
Мемлекет – бұл саяси жүйенің басты элементі, және оның негізгі ұйымы болып табылады. Ол – қажет болған жағдайда арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс, сонымен бірге олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм ролін атқарады.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:
1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың кұдіретімен түсіндірді.
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
3. Қоғамдық келісім теориясы (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) егеменді әміршіл мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
4. "Зорлық жасау" теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.
5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чиче-рин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
6. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен кұлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
7. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін камтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф. Энгельс мемлекет әрдайым "ең куатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып-жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады" деп жазды. (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығармалар, 21-том, 171-бет).
8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың ұлттық мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде құрайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптармен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет