1-тарау. Кинематика


-тарау.Динамика. Ньютон заңдары



бет2/12
Дата22.06.2023
өлшемі241,59 Kb.
#103120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тарау бойынша тест.1 тарау.Кинематика

2.1.-тарау.Динамика. Ньютон заңдары.
1.Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама:
А) жылдамдық; В) күш моменті; С) үдеу; Д) масса; Е) импульс.
2. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомобиль 5 с ішінде 36 км/сағ жылдамдық алды. Автомашинаға қандай тұрақты күш әсер еткен?
А) 1000 Н; В) 1800 Н; С) 2000 Н; Д) 2200 Н; Е) 2500 Н.
3. 2 м/с2 үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қанша?
А) 140 Н; В) 120 Н; С) 150 Н; Д) 130 Н; Е) 160 Н.
4. 5 м/с2 үдеумен жерге түсіп келе жатқан массасы 80 кг парашютистің салмағы қаншаға азайған? А) 380 Н; В) 10,4 Н; С) 420 Н; Д) 440 Н; Е) 400 Н.
5. Шамалары бірдей 6 Н екі күш денеге 60º бұрышпен әсер етеді. Қорытынды күш қаншаға тең?
А) 8 Н; В) 10,4 Н; С) 12 Н; Д) 13 Н; Е) 12,6 Н.
6. Жер бетінен 800 км биіктікте ұшу үшін ғарыш кемесінің жылдамдығы қандай болуы керек?
А) 7,9 км/с; В) 8,2 км/с; С) 8,2 км/с; Д) 8,1км/с ; Е) 8,4 км/с .
7. Массасы 40 кг бала айналу осі 2 м биіктікке бекітілген әткеншек теуіп тұр. Әткеншек ең төменгі нүктеден 4,4 м/с жылдамдықпен өтсе, бала осы нүкдеде орындыққа қандай қысым түсіреді?
А) 750Н; В) 766 Н; С) 787 Н; Д) 816 Н; Е) 806 Н.
8.Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 3 т автомашинаны 2 м/с2 үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңыз.
А) 3 см; В) 4 см; С) 5 см; Д) 6 см; Е)7 см.
9. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0,6 Н-ды көрсетті. Үйкеліс коэффиценті қаншаға тең?
А) 0,26 ; В) 0,03; С) 0,34; Д) 0,08; Е) 0,3.
10. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г, радиусы 2,5 см ағаш цилиндрді ось бойынша домалата сүйрегенде ол 0,4 Н-ды көрсетті. Домалау үйкеліс коэффициенті неге тең?
А) 0,05; В) 0,03; С) 0,5;Д) 0,3;Е)0,04.
11. Ұзындығы 2 м 25 см рычагтың тіреу нүктесін, көтеретін жүк жағындағы ұшынан 25 см жерге орналастырып, 400 кг жүкті көтеру үшін оның екінші ұшына қандай күшпен әсер ету керек?
А) 400 Н; В) 450 Н; С) 500 Н; Д) 550 Н; Е)600 Н.
12. Горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын а бұрыш жасайтын ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен массалары 100 кг болатын ағаш жәшіктерді сырғытып жүк машинасына тиеу қажет. Егер үйкеліс клэффициенті 0,3 болса, үйкеліс күші қандай болады?
А) 300Н; В) 260 Н; С) 280 Н; Д) 320 Н; Е)240 Н.
13. Қыстыгүні горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын көлбеу жотадан шаңғымен сырғанаған бала қандай үдеумен қозғалады? Үйкеліс коэффициенті 0,035 –ке тең.
А) 4,2 м/с2;В) 4,5 м/с2; С) 5 м/с2; Д) 4,7 м/с2; Е) 5,2 м/с2.
14. Массасы 50 кг жүкті блокқа асылған арқан арқылы 750 Н тұрақты күштің көмегімен жоғары көтереді. Осы кездегі дененің үдеуі қаншаға тең болады? (g=10м/с2).
А)1,6м/с2; В)1,8м/с2; С)2 м/с2; Д)2,2м/2; Е) 2,4 м/с2.
15. Жер бетіндегі салмағы 700 Н адамның массасы Ай бетінде қаншаға тең болар еді? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1,623 м/с2.
А) 10 кг; В) 10,5 кг; С) 11,62 кг; Д) 11,83 кг; Е) 12,4 кг.

Жауаптары:





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

А

Е

В

Е

С

Д

Е

А

С

В

Д

С

Д




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет