3-тарау. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. 1.Судың қандай тереңдігінде атмосфералық қысым екі еселенеді
А) 5 м; В) 10 м; С) 15 м; Д)20 м; Е)25 м.
2. Паскаль заңының тұжырымдамасы қалай аталады?
А) Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміндей сұйықты ығыстырып шығарады; В) Сұйыққа батырылған денеге өзінің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді; С) Құбырдың кез келген қимасы арқылы бір мезгілде бірдей көлемде сұйық ағып өтеді; Д) Сұйыққа (немесе газға) түсірілген қысым өзгеріссіз оның барлық нүктелеріне бірдей беріледі; Е) Құбырмен аққан сұйықтың статистикалық және динамикалық қысымдарының қосындысы тұрақты шама болып табылады.
3. 100 м тереңдікте теңіз суының қысымы бір атмосфералық қысымнан қанша есе артық? ( =1030 кг/м3)
А) 100 есе; В) 70 есе; С) 50 есе; Д) 20 есе; Е) 10 есе.
4. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 6 см2 және оған 200 Н күш әсер етеді. Үлкен поршеннің ауданы 180 см2. Бұл поршенге қандай күш әсер етеді?
А) 4кН; В) 5кН; С) 5 кН; Д) 7 кН; Е)10 кН.
5. Тығыздығы = 0,7 кг/м3 ағаш су бетінде қалқып жүр. Оның қандай бөлігі суға батқан?
А) 0,7; В)0,6 ; С) 0,5 ; Д)0,4 ; Е) 0,3 .
6.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы S1= 10 см3, ал үлкен поршеннің ауданы S2=200 см2. Кіші поршеннің қозғалу биіктігі h1=10 см. Үлкен поршенді дәл осындай биіктікке көтеру үшін кіші поршень қанша рет жүріс жасауы керек?
А) 10 рет; В)15 рет; С) 20 рет; Д)25 рет; Е) 30 рет.
7. Су айдағыш мұнараның табанындағы манометр 1,8*105 Н/м2 қысымды көрсетті. Мұнарадағы су деңгейінің биіктігі қандай?
А) 16 м; В) 18 м; С)20 м; Д) 22 м; Е)24м.
8. Массасы 100 кг қарағай су бетінде қалқып жүр. Оны кері итеруші күш қаншаға тең?
А) 1000 Н; В) 900 Н; С) 800 Н; Д) 700 Н; Е) 600 Н.
9. Ауданы 12 м2 өзенде қалқитын сал жүк тиелген соң 25 см-ге дейін суға батты. Тиелген жүктің салмағы қанша?
А) 20 кН; В) 22 кН; С) 24 кН; Д) 26 кН; Е) 30кН.
10. Теңіз деңгейінен 720 м биіктікте атмосфералық қысым қандай болады?
А) 680 мм..сын.бағ. В) 690 мм..сын.бағ; С) 700 мм..сын.бағ; Д) 710 мм..сын.бағ; Е)720. мм..сын.бағ
11. Құбырдың көлденең қимасы ауданы 10 см2 бөлігіндегі судың ағысының жылдамдығы 0,2 м/с. Осы құбырдың көлденең қимасының ауданы 3 см3 бөлігіндегі су ағысының жылдамдығы қандай? А) 1,1 м/с; В) 1м/с; С)0,9 м/с; Д) 0,8 м/с; Е) 0,7 м/с.
12. Сутегі газымен толтырылған, көлемі 100 м3 аэростаттың көтергіш күшін анықтаңыз. Сутегі тығыздығы =0,09 кг/м3, ауаның тығыздығы =1,29 кг/м3.
А) 1120 Н; В) 1140 Н; С) 1160 Н; Д) 1180 Н; Е) 1200 Н.
13. Горизонталь құбырмен аққан судың жылдамдығы 1,2 м/с болса, оның құбыр қабырғаларына түсіретін қысымы қандай?
А) 100600 Па; В) 100800 Па; С) 100660 Па; Д) 100700 Па; Е) 101000 Па.
14. Су айдағыш мұнарадағы су деңгейінің биіктігі 20 м. Оның табанындағы шағын тесіктен су қандай жылдамдықпен шығады?
А) 18м/с; В) 20 м/с; С) 22 м/с; Д) 24 м/с; Е)26 м/с.
15. Массасы 72 кг сүңгігішке әсер ететін кері итеруші күшті табыңыз. Адам денесінің орташа тығыздығы 1,2*103кг/м3.
А) 570 Н; В) 580 Н; С) 590 Н; Д) 600 Н; Е) 610 Н.Жауаптары: