Конспект сұрақтар Көне түрік жазуының бүкіл халық игілігіне айнала бастаған кезеңі:
Мұсылман діні кең тарала бастаған кез:
Отбасына шапағатын тигізуші:
Тіл-көз тимес үшін тұмар ретінде тақты:
Түріктерде мәйітті өртеу ғұрпы білдіреді:
“Оғызнама” дастаны 6 ғасырда аударылды:
“Оғызнаманың” ескі нұсқасын бірінші жазып қалдырған тарихшы:
Қорқыт ата ескерткіші орналасқан жер:
8-9 ғасырларға жататын әдеби шығарма:
Түріктердің жазба әдебиеті пайда болды:
Түрік жазуымен қатар ел ішінде кең тараған жазу:
Көне түрік жазуларының ескерткіштері табылған жер:
Көне түрік жазуы қалыптасқан мерзім:
Көне түрік әліпбиіндегі әріп саны:
2 тарау Дамыған орта ғасырлардағы мемлекет Карахан мемлекеті
Конспект 10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан қалады.
Қарахандықтардың этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін тайпалары кірді. Қарлұқтар мемлекеттің құрылуында басты рөл атқарған тайпа болып саналады.
Жер иеленудің бір түрі – “иқта”, ал иеленуші адам “иқтадар” (парсыша) деп аталды. “Иқтаның” мәні – “иқтадар” қарапайым халықтан салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетті болды. Дінбасылар мен діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп жер қалдырып отырған. Оларды “вакфтық жерлер” деп атаған. Отырықшы аудандарда үлескерлерді араб, парсы деректерінде “музари” немесе “барзигар” деп атаған. Мұның мәні – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алым-салық жинап отыру. Бұдан басқа “коммендация” деп аталатын қанау түрі болған. Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына берген. Кейін әлсіз адам отбасын қорғағаны үшін ірі жер иесіне салық төлеген.
Мұса хан өзінің ықпалын күшейту үшін 960 жылы исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 10 ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік қайшылықтардан Самани әулетінің үстемдігі әлсіреді. Мұны пайдаланған Хасан Боғра хан Испиджабты ешбір қарсылықсыз басып алды. 10 ғасырдың соңында қарахандықтардың Орта Азияға жорығы қайта басталды. Осылайша Қарахан мемлекеті Мәуереннахрды біржолата бағындырды. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс иеліктерден тұрды. Шығыс хандықтың аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан. Батыс хандық Мәуереннахрды биледі. 12 ғасырдың 30 жылдарында Жетісуға шығыстан қарақытайлар басып кірді. 1212 жылы Шығыс хандықты найман ханы Күшлік басып алды. Ал Батыс иеліктің ханы қаза болғаннан кейін, Мұхаммед 1212 жылы Батыс хандықты біржолата құлатты.
Исламның мемлекеттік дін болып жариялануы қала келбетіне, құрылыс жүйелеріне өзгерістер енгізді. Қарахан мемлекетінің аумағында Айша бибі, Бабаджа қатын кесенелері салынды. Қарахан сәулет өнерінің тағы бір ерекшелігі Шығыс моншаларының салынуы болып табылады.