Конспект сұрақтар Ұлытау, Орал тауларының бөктерлері пайдаланылды:
Ерзен хан тұсында Ақ Ордада дамыды:
Ақ Орданың біраз жерін жаулап, өз хандығын құрды:
Сырдария бойындағы қалалар үшін Ұлықбекпен соғысты:
1380 жылы Тоқтамыс хан басып алды:
Тоқтамыс Сығанақты біржолата алды:
Әмір Темірдің Тоқтамысқа көмектескендегі мақсаты:
Ұрұс ханның Сарайды, Қажы-Тарханды басып алған уақыты:
14 ғасырдың 60-жылдары Сарай қаласында бір жылда билікке келді:
Мүбәрак хан өз атынан теңге соқтырды:
Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған кезі:
Ақ Орда мемлекетінің сипаты:
Ақ Орданың аумағы:
Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет:
Жошы ұлысының сол қанатын басқарды:
Ақ Орда билеушісі, Жәнібектің әкесі:
Монголстан /14ғ ортасы -16 басы/
Конспект 14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы.
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.