1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттарын тұжырымдаңыз



бет69/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org

85. Түркі әлемі интеграциясының бүгінгі бағыттарын тұжырымдаңыз
Әдетте, түркі интеграциясы ту­ралы сөз еткенде «неге одақ құр­маймыз? Неге НАТО тәрізді ортақ әскери альянс жасақтамасқа? Ортақ әліпбиіміз неге жоқ? Сауда-эко­­номикалық бірлестік құруға болмай ма?» деген тәрізді сансыз сауал қоя­тын азаматтар кездеседі. Сырт көзге заңды сауал тәрізді болып кө­рін­генімен, іс жүзінде 1 000 жылға жуық уақыт бұрын бір-бірінен ажырай бастаған, түркі тілдері тобының өзінде қыпшақ, қарлұқ, оғыз тілдері тармағына бөлініп, жеке-жеке этносқа айналған, мә­дениеті мен салтында, дүние­­та­нымында түрлі айырмашылығы бар халықтарды бірден біріктіру оңай іс емес. Әрі түркі халықтарының ежелгі бәсекелестері Қытай, Иран тәрізді мемлекеттер орналасқан аймақта, Ресейдің де ықпалы жо­ғары өңірде бірден саяси-эконо­­микалық, әскери одақ құру мүмкін емес. Тіпті, тәуелсіз 6 түркі мем­лекетінің негізін қалаған ха­лық­тардың өзі рухани тұрғыда мұндай одаққа даяр емес болатын. Оған жағ­рафиялық және геосаяси жағ­дайды қосыңыз. Демек, бауыр­лас халықтар интеграциясында алды­мен бір-бірімен қайта танысу, та­бысу процесі алдыңғы қатарға шығуы тиіс еді. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаев түркі интег­рациясына қатысты түрлі ұйым­­­­дар­дың құрылуына ықпал етті. Сөйтіп, Бакудегі Түркі мәдениеті және мұрасы қорынан басқа барлық ин­тег­­рациялық ұйымдардың құры­луына түрткі болды. Назарбаевтың бастамасымен 1993 жылы TÜRKSOY, 2008 жылы Түркітілдес мем­лекеттердің парламенттік ассам­блеясы (ТүркПА), 2009 жылы Нахчы­ванда Түркі кеңесі, 2010 жылы елордада Халықаралық Түркі академиясы құрылды. Түркістан қаласында 1991 жылы ашылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы ха­лықаралық қазақ-түрік универ­си­теті де Елбасының осынау ин­тег­рацияны алдымен мәдени-гу­ма­­нитарлық, білім-ғылым арқылы бас­­­тауды көздегенінің айғағы. Яғни, бауырлас халықтардың интег­ра­циясында Қазақстан байсалды сая­­сат ұстанып келеді. Интеграцияға байланысты асығыс шешімдердің қабылдануына ешқашан жол берген емес. Сөйтіп, 30 жыл ішінде түркі­­тілдес елдердің байланысын жаңа деңгейге шығара білді. Осы тұста атап өтетін бір жайт, Қазақстан тамырлас халықтардың ынтымақтастығына мәдени-рухани серпін беретін қадамдарды ешқа­­шан назардан тыс қалдырған жоқ. Тіпті, көне дәуірлердің жәдігерлерін де тұрақты түрде жаңғыртып келеді. Мәселен, 2001 жылғы 18 мамырда Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғима­­ратына Күлтегін ескерткішінің кө­шірмесі әкелінсе, 2012 жылғы 22 ақ­панда Халықаралық Түркі ака­демиясы Анкараның Алтындағ ау­данындағы «Түркі әлемі: Тоныкөк саябағы» аумағына Білге Тоныкөк жазба ескерткішінің көшірмесін орнатты. Ал 2018 жылы Қазақстанда Түркістан облысы құрылды. Сол жылғы желтоқсанда Зырян қала­­сының атауы өзгертіліп, шаһар Ал­тай деп атала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет