Байланысты: 1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org
40. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық деректер мен зерттеулер туралы жазыңыз Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Жетісудағы халықтың қалың бұқарасы Шыңғыс ханға қарсылық көрсетуге тырысқанмен, жақсы қаруланған, саны да мол монғол әскерлерінің шабуылына төтеп бере алмады. Жетісуді бағындырғаннан кейін Шынғысханның Мауараннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорығына жол ашылды. Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылғы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Бірақ көп ұзамай Сығанақ құлады. Сонан соң Үзгент қаласы да алынды. 1220 жылы 4 сәуірде монғолдар әскері Жент қаласын бағындырды. Әскердің Жошы жіберген басқа ірі шоғыры Янгикентті басып алды. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп енді. Бірақ мұнда да олар халық бұқарасының қасарысқан қарсылығына кезікті. Үргеніш қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмаған моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы топан суға қаптатып барып қана басып алды. Сонымен, 1219-1224 жылдарда болған шапқыншылық нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.