1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін сипаттап жазыңыз



бет55/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
Байланысты:
1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз-emirsaba.org

69. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін сипаттап жазыңыз.
«Монғолия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты Рахметұлы Шынайдың еңбегінде: «Туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, ауылдас, көрші. Іргесі алшақтау болса- жерлес. Қандас- жеті атадан құралғандар, 13 атадан асса — ру. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе- тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып, жүз болып қауымдасады. Тайпадан ірілесе халық немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен- жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі ортақтасып, дараланса ұлт болады» – деп өте орынды көрсеткен. Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар. Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз — әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.

70. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы сипаттап жазыңыз.
Жәңгір хан 1628-1652 жж. билік құрған. Салқам Жәңгір — туған жылы белгісіз, 1652 жылы қайтыс болған. Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өлген соң 1628 жылы отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны “Салқам Жәңгір” атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарларыарасында үш ірі шайқас болған:
1. 1635 жылы
2. 1643-1644 жылдар
3. 1652 жылы
1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады. Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді. 1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады. 1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан қаза табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет