"Жүрек жылуы" (ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
1. «Танысу» жаттығуы
Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс дауыс арқылы, Көк түс мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
3. Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі. Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
4. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
1-топ:
Сәби бақыты, ол –
Ата – ана бақыты, ол –
2-топ:
Әйел бақыты, ол –
Ер – азамат бақты, ол –
3-топ:
Ұстаз бақыты, ол –
Отбасы бақыты, ол-
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет.
5. «Балама қандай жылулық беремін?»
Күннің суреті салынған сурет. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аялаймын», т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.
6. «Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Егер ата - ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Адамның бауыр еті, жүрегі бала дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
5 МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ӨТІЛЕТІН ҮЛГІ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСУ
Пән:Математика Орта мерзімді
жоспар бөлімі:
3А бөлім –
Кестеден тыс
көбейту және бөлу
Күні:
Сынып: 3ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Құрылымы күрделі теңдеулер
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.2.2.2. көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23∙х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.
|
Сабақ мақсаты
|
Санның квадраты мен кубын түсіну, рационалды есептеу үшін көбейту қасиетін пайдалану, қалдықпен бөлуді білу, кестеде тыскөбейту мен бөлуді ауызша орындау, қосындыны бөлу ережесін қолдану және бір таңбалыі санға айналдыруды біледі.
|
Бағалау критерийлері
|
• екі (үш) бірдей көбейткіштер көбейтіндісін санның квадратымен (кубымен алмастыру);
• рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалану;
• бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығару;
• қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдану және, қосындыны санға көбейту ауызша орындаған кезде және 100 шегіндегі санды бөлген кезде қосындыны санға көбейту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Музыка, қазақ тілі
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.
Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады. Әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды.
Жұмыс ережесін келісу
-Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
-Уақытты үнемдейміз!
- Нақты,дәл жауап береміз!
-Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Белсендіру.
№1 тапсырма. Жауаптарын өсу ретімен орналастыр, сол кезде балалардың қайсысы кітапханаға барғанды ұнататынын білесің. Алдыңғы сабаққа ұқсас «Артық сөзді тап» деген тапсырма ұсынылады.
ҚОСУ
|
АЙЫРМА
|
КӨБЕЙТУ
|
АЗАЙТҚЫШ
|
БӨЛУ
|
БӨЛІМІ
|
АЙЫРМА
|
АЗАЙТҚЫШ
|
БӨЛГІШ
|
ҚОСЫЛҒЫШ
|
БӨЛІНГІШ
|
ҚОСЫНДЫ
|
БӨЛГІШ
|
БӨЛІНГІШ
|
ҚОСЫНДЫ
|
КӨБЕЙТКІШ
|
АЛЫМЫ
|
БӨЛІНДІНІҢ МӘНІ
|
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау
|
Оқушыларды топтарға бөлуге
арналған суреттер. Сұраққа жауап
берген оқушыны
мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске
түсіру
тапсырмалары.
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Ширату тапсырмасы.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда).
Жаңаны ашу.
Жаңа материалды меңгеруді оқулық материалынан немесе тақтаға осыған ұқсас жаттығуларды жазу арқылы жүргізуге болады (№2 жаттығу).
Мұғалім «теңдеуді қарапайым түрге келтіру» деген термин енгізеді.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
№2 тапсырмада салыстыруға екі алгоритм берілген.
Өздік жұмыс.
Теңдеулерді шеш. Тексер.
х∙ (250:50)=75 y+160 : 4 = 452
Мен:
-құрылымы күрделі теңдеулерді ықшамдауды;
-теңдеудің түбірін табуды;
-кестеден тыс жағдайда көбейту мен бөлуді ауызша орындауды;
Дескриптор:
Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау.
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
Жаңаны қолдану.
№3 тапсырмада теңдеуді шешуді біртіндеп орындауға болады, үй жұмысына бір бағанды қалдырып қоямыз.
Өткен материалмен жұмыс.
№4-7 тапсырманы орындауды ұсынады.
№4 тапсырма шығармашылық тұрғыда берілген.
Сандықшадан көбейту мен бөлуге 6 мысал ойлап тап. Есептеуді жылдам шығара алатын балалар үшін өз жауаптарының сандықшасын жасауды ұсыныңыз. Бұл балалардың жасаған жаттығуларын тез есептей алмайтын балаларға таратып беріңіз. Тексеруді де сол мысалдарды және жауаптар сандықшасын жасаған балаларға тапсырыңыз.
№5-7 тапсырманы нақты бір оқушыға қажеттілігіне қарай өз қалауыңыз бойынша орындатыңыз.
Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр. (ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс парақшасы.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді
кері
байланыс орнату.
Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға
негізделген, бұл
тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
|
6 ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН ТАРАУЛАР БОЙЫНША ӨТІЛЕТІН ҮЛГІ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСУ. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІМЕН, АКТ, КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ТАНЫСУ, ТАЛДАУ
Пән: Дүниетану
Күні:
Сынып: 3ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.2.2.2 ауа райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру;
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрас
|
Сабақ мақсаты
|
Кейбір оқушылар адамның өміріне катаклизмдердің тигізетін әсерін талдайды.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар катаклизмнің не екенін біледі және олардың түрлерін ажырата алады
|
Пәнаралық байланыстар
|
Музыка, қазақ тілі
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Уәждеме. Стартер.
Мұғалім:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабағымызды жақсы көңіл күймен бастаймыз.
– Өткен сабақта қандай тақырыпта әңгіме қозғадық?
– Климат дегеніміз не?
– Әр климаттағы ауа райының ерекшеліктері қандай екен?
1. (Ұ) Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. Мұғалім-оқушы диалогі
– Қандай сұраққа жауап іздеу керек еді?
– Қандай жауап дайындадыңдар? Ақпаратты қайдан іздедіңдер?
Табиғат процестері мен ауа райы жойқын күш көрсете бастаса, не болады? Бүгінгі сабағымызда осы сұраққа жауап алатын боламыз.
Сабақтың тақырыбын түсінуде «Сөзді жина» ойыны көмекке келеді. Әріптерден сөзді құрастырыңдар.
– Сендерге «катаклизм» сөзі таныс па? Ол қандай мағынаны білдіреді? «Катаклизм» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?
– «Катаклизм» сөзін естігенде сендерде соған қатысты қандай ассоциациялар туындайды?
|
К, А, Т, А, К, Л, И, З, М әріптері
|
Сабақтың ортасы
|
1.(Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі.
– Адам өмірі қандай табиғат құбылыстарына тәуелді?
– Жаңбыр мен қардың жаууы, қатты желдің соғуы адам өмірі мен оның жұмысын қалай өзгертеді?
2. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
– Мәтіннің бірінші бөлімін оқыңдар (кестеге дейін).
(Ж) Сөйлеудің, тыңдаудың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
– «Сұрақтар мен тапсырма», «Талқылау», «Сөздікпен жұмыс» айдарындағы тапсырманы екіден отырып, орындаңдар.
Тапсырма орындалған соң мынадай сұрақтар қойылады:
– Болуы мүмкін катаклизм жайындағы ақпаратты біз қайдан аламыз?
– Қандай табиғат апаттарының түрлерін білесіңдер? Олар қандай қиратушы күшке ие?
3. (Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Кластер Тапсырмаларды орындаңдар.
Өздік жұмыс
Бағалау критерийлері
Венгр сөзжұмбағын шешеді.
|
1. Табиғат апаттарын білдіретін 4 сөзді табады. 2. Табылған сөздерді ерекше түске бояп, бөліп көрсетеді.
3. Катаклизмнің
ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама береді.
|
«Катаклизм» терминіне анықтама береді.
|
1.«Катаклизм» терминінің мағынасын анықтау үшін 1-2 қосымша әдебиеттерді пайдаланады.
2. Анықтаманы жұмыс дәптеріне жазады.
3. Жазуға түсініктеме береді.
|
|
Оқулық
Сөздіктер, электронды қосымша
Дәптер
|
Сабақтың соңы
|
4. Сергіту сәті
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып /Б.Бөрiбаев/ 5 (Ж) Кестемен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Кластер
Екіден жұмыс істей отырып, катаклизмнің түрлері берілген кестені оқып шығыңдар. Біздің елімізде катаклизмнің қандай түрлерін байқауға болатынын айтып беріңдер?
Қорытынды: Катаклизмнің бірнеше түрлері бар. Біз оның екі түрін оқып жатырмыз: геологиялық (жер бетінің жағдайына байланысты) және табиғи-климаттық (ауа райының жағдайына байланысты: жел, температура, жауын-шашын). Біздің елімізде, цунамиден басқа, кестеде аталған құбылыстардың барлығын байқауға болады.
|
Дәптер
|
Рефлексия
|
– Сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?
– Ауа райы адамға қалай әсер етеді?
– Катаклизм дегеніміз не?
–Қорытындыны оқыңдар. Дәлелдер келтіріңдер.
|
|
7 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ҮЛГІ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСУ, БАҚЫЛАУ. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫСУ
Пән: Өзін-өзі тану Сайыс сабақ
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Тапқыр болсаң,талас жоқ
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
Оқушылардың пәнаралық байланыс жасай отырып таным мүмкіндігі кеңейеді;
Оқушылардың ой-өрістері кеңейіп,сөздік қоры,ойлау қабілеттері дамиды;
Суретті тапсырмалармен жұмыс істей алады,ойларын толық жеткізеді.
|
Сабақ мақсаты
|
Сайыстың барысын түсінеді;
Табандылықпен шешім қабылдап оны дәлелдейді
|
Бағалау критерийлері
|
Ой-өрістерін дамытады, шапшаң ойлайды, ойын жинақтап жеткізе біледі.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Музыка, қазақ тілі
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
3 сыныптардан 4 топ шығады,әр топта 4 оқушыдан болады.Сайыс 6 бөліменен тұрады.Бағалау балл түрінде жүреді.Тез және толық жауап берген топ жоғары ұпай алады. Ітоп Қанағат
ІІтоп Сүйіспеншілік
ІІІтоп Адалдық
ІVтоп Ризашылық
Шаттық шеңбері
Алақанды ашамыз
Күннің нұрын саламыз
Таза ауаны саламыз
Жүрек жылуын саламыз
Осы жылы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлаймыз
Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. Назар аударыңдар!
2. Ребустар
3. Жасырынған сөздер
4. Ерекшелігін тап
5. Басқатырғыш
6. Ойлан тап
«Назар аударыңдар!» бөлімінде өзін-өзі тану пәніне байланысты бейнекөрсетілім ортасына дейін көрсетіледі.Оқиғаның соңын әр топ өзінше жалғасын табады.Кейінен оқиғаның тура шешімі көрсетіліп,әділ қазылар бағаларын береді.
«Ребустар» бөлімінде әр топқа екі ребус мақал мәтелдер беріледі.Оқушылар ребустың шешундегі мақалдарды тауып,мағынасын түсындіріп береді.
«Жасырынған сөздер» бөлімінде оқушылар алдарына берілген адасқан әріптерден керекті сөздерді тауып ,оларды әр түрлі түспен бояп шығады.
|
Слайд
Бейнеролик
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
«Ерекшелігін тап» бөлімінде екі бірдей сурет беріледі.Оқушылар сол суреттерден 10 ерекшелік тауып беруі керек.
«Басқатырғыш» бөлімінде ойлау қабілеті мен шапшаңдығын тексереміз.Таяқшалардан құрастырылған балықтың 3 таяқшасын ауыстыру арқылы балықтың жүзу бағытын ауыстыру керек.
«Ойлан тап» бөлімінде оқушыларға Стивен Гарднердің әдісі бойынша жасалған суреттер беріледі.Ол суреттерден балалар көрініп және байқалмай тұрған жанауарлардың бейнесін тауып беруі қажет. «Ал,қанекей шешейік!» бөлімінде топтарға арналған жұмбақтар қойылады.Оқушылар тез әрі дұрыс жауап беруі арқылы ұпайларын толықтырады.
Білімнен мол сый-асы
Балғындардың ұясы (Мектеп)
Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі (Сызғыш)
Сақтауға,сатуға болмайды
Күймейді,тіпті де тоңбайды
Дымы жоқ ,үні жоқ,мұңы жоқ
Көріп пе ең,апыр-ай,мұндайды?! (Көлеңке)
|
Таяқшалар,қатырма
қағаздар
Суреттер
|
Сабақтың соңы
|
Сайыс сабақтың қорытындысын әділ қазылар жиналған ұпайларын санайды,ал сайыс қатысушылары түрлі түсті бояуды алақандарына жағып күннің бейнесін салады. Сайыста белсенді қатысқан топтарды марапаттау.
|
|
8 МУЗЫКА ПӘНІ ТАРАУЛАР БОЙЫНША ӨТІЛЕТІН ҮЛГІ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСУ, БАҚЫЛАУ,МУЗЫКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҚТАРЫН ҚОЛДАНУ, ӘН АЙТУ, МУЗЫКА ТЫҢДАУ, МУЗЫКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Пән: Музыка
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Музыка жəне поэзия
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
музыка мен уақыт арасындағы байланысты ұғынуға тырысады;
музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді;
музыка мен уақыт арасындағы байланысты ұғынады;
|
Сабақ мақсаты
|
музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді жəне сипаттай алады;
музыкалық шығарма мазмұнын талдауда уақытқа байланысты дыбыстық интонацияларды ести біледі, сипаттай алады;
|
Бағалау критерийлері
|
музыка мен уақыт арасындағы байланыстылықты ұғынуға тырысады; музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді;
музыкалық өлшемдер түрлерін ажырата алады;
|
Пәнаралық байланыстар
|
Музыка, қазақ тілі
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1-тапсырма. Ақпарат іздеу.
(МК, Ұ) Бөлім музыка мен уақыт тақырыбын қамтығандықтан, олардың өзара байланысы мен музыкалық шығармалардағы көрінісін ашуға бағыт- талған. Сабақта жалпы уақыт, оның өлшемдері туралы əңгіме қозғалады. Оқушылар оқулықтағы берілген суреттерге қарап, уақыт өлшемдерін атайды.
· Мына торкөздердің ішінен ең қысқа жəне ең ұзақ уақыт өлшемдерін көрсет.
Қысқаша уақыт тақырыбына шолу жасалғаннан кейін негізгі тақырып музыка мен уақыт арасындағы байланысы қарастырылады.
· Қалай ойлайсың, музыка арқылы уақытты көрсетуге бола ма?
|
Музыка оқулығы
|
Сабақтың ортасы
|
2-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау.
(ОТ) Музыка арқылы уақытты көрсетудің мысалы ретінде Г.Свиридовтың «Время, вперед!» («Уақыт, алға!») атты оркестрге арналған сюитасы ұсынылады. Георгий Васильевич Свиридов (1915–1998) – Ресей композиторы, пианист. Түрлі жанрда музыка жазған. Əлемге танымал шығармалары: ақын А.С. Пушкиннің «Метель» атты повесіне жазылған музыкалық суреттемелер мен «Уақыт, алға!» оркестрлік сюитасы. Мұғалімнің көрсетуінсіз оқушы өз тəжірибесіне сүйене отырып, музыкада бейнеленген уақыттыңқаншалықты тоқтаусыз жылжып жатқанын сезінеді. Өз ойларын білдіруде төмендегідей сұрақтар қарастырылған:
·Тыңдаған шығармада музыка уақыт жыл- дамдығын қалай көрсеткен (баяу, тез, өте тез)?
·Музыка қандай көңіл күй тудырды? Алған əсеріңмен бөліс.
·Суретке қарап, уақыт жылдамдығына байланысты əңгіме құрастыр.
(МК, ОТ) Музыкалық шығарма нақты уақыт қозғалысын бейнелі көрсеткендіктен, сабақта бағдарламалы музыка жөнінде əңгіме қозғалады. Оқушылардың өз тəжірибесіне сүйеніп, бағдарлама- лық музыкаға мысал келтіруін сұрап өту керек. Оқулықта бағдарламалық музыка туралы түйін жасалады.
«Композитор Г. Свиридовтың музыкасы – мəңгі тоқтамайтын уақытқа арнайы жазылған шығарма. Қандай да бір тақырыпқа арнайы жазылған музыканы бағдарламалық музыка деп атайды».
3-тапсырма. Орындау. (Ұ) Сабақта үйретілетін «Сырлы сағат» (Т. Тоқжанов, А. Рахметов) əні уақыттың қаншалықты адам өмірін- де маңыздылығын, оны үнемдеп, пайдалы іспен айналысуға шақырады. Əн тез игеріледі, сөздерінің тəрбиелік маңызы басым.
(МК,Ұ) Əнге байланысты музыкалық сауаттылыққа музыкадағы 2/4 өлшемі қарастырылады, салыстыр- малы 3/4 өлшемі де аталып өтіледі. «Уақыт өлшемі сияқты музыканың өз өлшемі болады. Сен орындағын «Сырлы сағат» əнінің өлшемі – 2/4. Бұл өлшем бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың екі төрттік нотаға (1-еу, 2-еу) саналатынын көрсетеді. Егер өлшем 3/4 болса, онда бір тактінің ішіндегі ұзақтықтың 3 төрттік нотаға (1-еу, 2-еу, 3-еу) саналатынын көрсетеді. Мұғаліммен бірге 2/4, өлшемдерін оң қолыңмен сермеп көрсет».
Мұғалім басқа да мысалдар көрсете алады.
5-тапсырма. Суырыпсалма.
(МК, Т) Тапсырма түрі «Сағат тілі» атты ойын түрінде берілген.
Оқушыларға «Сырт-сырт-сырт сыртылдап, сағат тілі соғады» сөздерін пайдалана отырып, 4 тактілі музыкалық сөйлемге 2 дауыста суырыпсалма жасау тапсырылады.
Оқулықта ойын шарты да көрсетілген.
«Сағат сыртылын берілген нотаға қарап, екі дауыста орындаңдар. Орталарыңнан дирижер сайлаңдар.
Дирижер 2/4 өлшеміне сəйкес екпінді баяулатуына да, тездетуіне де болады».
|
«Музыка» оқулығы нота хрестоматиясы, фонохрестоматия Г.Свиридов «Время, вперед» Сим.оркестр https://www.youtube.com/watch?v=jda O0F9OTNI
|
Сабақтың соңы
|
6-тапсырма. Орындау жəне бағалау.
Əр топ сыныптастарымен бірге өз жұмыстарын таныстырып бағалайды.
(МК, Ұ, Т) Сағаттың жүрісін немесе сыртылын көр- сететін интонацияларға басқа да қысқа музыкалық фразаны ойдан құрастыруға болады.
Рефлексия:
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
Ал қай тапсырманы мен жеңілдікпен орындадым?
|
|
9 СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС БОЙЫНША ҮЛГІ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСУ, ТАЛДАУ
«Жедел бағыт» бекеттер ойыны
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, икемділігін, шапшаңдығын, қызығушылығын дамыту.
Жүргізуші: - Құрметті, Ұстаздар мен оқушылар бүгін біз сіздермен қызықты ойын ойнамақшымыз. Ойын «Жедел бағыт» бекеттер ойыны деп аталады. Қазір көрсетілген бағыттар бойынша бекеттерге аялдайтын боламыз. Әр бекетте берілген тапсырмалар орындалады.
Ойынға 3 – 4 сынып оқушылары қатысады.
1 - Бекет. «Көңілді тапқыштар» бекеті
Ребус шешу
1. Хабарлы сөйлем
2. Жарайсың!
3. Қуыршақ
4. Топырақ
5. Раушан
Барлық сөзжұмбақты бұрын шешкен топқа ұпай беріліп отырады.
2- Бекет . «Сиқырлы бояулар» бекеті
Ойын шарты : Әр сыныптан бір оқушы шығады. Оқушыларға аққала суреті көрсетіледі. Содан кейін сол суретті көздері байлаулы, белгілі бір уақыт аралығында салатын болады.
Суретті айнытпай салған оқушыға ұпай беріледі.
3 - Бекет. «Ойлан,ізден, тап» бекеті
Ойын шарты: Әр топқа берілген сөздерден оқушылар мақал-мәтел құрастырады.
1.Отан – отбасынан басталады.
2.Көз қорқақ қол батыр.
3.Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені.
4. Еріншектің ертеңі бітпес. 5. Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі.
6. Қыз елдің көркі ,гүл жердің көркі.
7.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
8.Жері байдың елі бай.
9. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Тапсырманы бұрын орындаған топқа ұпай беріледі.
4 – Бекет. «Құпия шарлар» бекеті
Ойын шарты: Оқушылар шарды жарып, ішіндегі тапсырмаларды орындайды.
1. Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай. Ол не?
2. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. Барлығы неше құс?
3. Алтын жұмыртқаның анасы
4. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?
5. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
6. Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аңның түрі?
(қоян)
7. Жаңылтпашты жатқа айт
Класта ақ бор бар, Көк бор бар, Көп бор бар.
8. Отан , Туған жер туралы тақпақ айт
9. Абай Құнанбаевтың кез келген өлеңін айт
Ойын соңында топтардың ұпай саны есептеліп, марапатталады.
10 ӨЗБЕТІМЕН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ. ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пән: Дене тәрбиесі
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындар
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
2.2. Мақсатқа қол жеткізу үшін командалық жұмыстағы көшбасшылық дағдылар
|
Сабақ мақсаты
|
командалық жұмыстағы көшбасшылық дағдыларды қолдану және дағдыларды дамыту
|
Бағалау критерийлері
|
командалық жұмыстағы көшбасшылық дағдыларды қолданады және дағдыларды дамытуға ықпал етеді, физикалық қасиеттерінің дамуымен қозғалыс дағдыларын көрсетеді
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика, қазақ тілі
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сапқа тұрғызу
1.Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2.Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3.Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен
|
Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
|
Сабақтың ортасы
|
(Ж,Т,Ф) Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топта жүргізуші таңдалады. Ол қалпақты кигізіп, қалған оқушылардан қашады, қалпақты қолмен ұстауға болмайды. Қуып жетушілер жүргізушіден қалпақты шешуге немесе құлатуға тырысады. Осыдан кейін қалпақ жүргізушіге тапсырылады. Егер қалпақ өзі құлайтын болса, ойын қайта басталады. Жеңіске қалпаққа көбірек ие болған жетеді. Ойын уақытқа жүргізіледі.
(Ж, Т) Жүргізуші таңдалады. Оқушылар бірбірінің қолынан ұстап шеңбер құрайды. Жүргізуші теріс қарап тұруы керек. Сол кезде оқушылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп шатастырады. Оқушыларға ұстаған қолдарын үзуге тыйым салынады. Осыдан кейін жүргізуші шеңберді үзбей, бастапқы қалыпқа қайтаруы керек.
Дескриптор:
- Жүргізуші сайланып, қалған оқушылар шеңбер жасап тұрады
- Жүргізуші теріс қарап тұрады да, сол кезде ойыншылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп, шеңберді шатастырады
- Жүргізуші жедел түрде шеңберді өз қалпына келтіреді
Бағалау:
- Бес саусақ әдісі арқылы
Кері байланыс:
- Көшбасшылық іс-әрекетті дамыту қаншалықты қиынға соғады?
- Көшбасшы үшін шеңберді бастапқы қалпына келтіру оңай ма?
Қорытындылау
|
Мұғалімге ысқырық, бор, фишкалар, қағаз(қалпақ).
|
Сабақтың соңы
|
1. Сапқатұру. Ықшамдалған ереже бойынша демалту ойыны: Қолды жоғары көтеріп төмен түсіру. Секіру жаттығулары
2. Демалыс жаттығулары.
3. Үйге тапсырма.
Бағалау.
|
Жұлдызша, смайликтер, шапалак аркылы бағалау
|
11 ӨЗБЕТІМЕН ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ.ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пән: Көркем еңбек
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Көңілді жануарлар
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу
|
Сабақ мақсаты
|
· Әртүрлі жануарлардың ерекшеліктерімен танысу;
· Бір жануар бейнесін әртүрлі материалдарды қолдана отырып салу;
|
Бағалау критерийлері
|
· Әртүрлі жануарлардың өздеріне тәң ерекшеліктерін анықтайды;
· Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра жануарлар суретін салады;
|
Пәнаралық байланыстар
|
Жаратылыстану
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Қазақстан табиғатың және онда мекен ететің жануарлар бейнесін көрсетіңіз (бейне ролик, презентация және т.б.).
· Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.
|
Қазақстанның табиғаты керемет!
https://www.youtube.com/watch?v=zYVYxzKE4gc
|
Сабақтың ортасы
|
Әнгімелесу. Сұрақтар:
· Қазақстан жерінде қандай жануарлар тіршілік етеді?
· Қандай жануарларды сендер жақсы көресіңдер?
1. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың фотосуреттерін көрсетіңіз. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың суреттерін қарап, олардың қандай қимыл жасайтынын және дыбыс шығаратыны туралы ойлануды ұсыныңыз. Оқушылар рөлдік ойындар түрінде ойнап, бір жануардың пантомимасын көрсетеді.
Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз: · Бұл жануарды олар неге осылай бейнеледі?
·Бірден көзге түсетін жануарлардың сыртқы қасиеттері қандай?
· Олардың айырмашылығы неде? Олардын өздеріне тән ерекшкліктерін атаныз.
Тәжірибелік жұмыс.
Әртүрлі қолда бар материалдарды таңдауына қарай пайдалана отырып, өздеріне ұнаған жануардың бейнесін жасауды (салуды) ұсыныңыз.
Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.
Оқушылар өздері қалаған техникада жануарларды бейнелейді.
1. Ермексаздан жануарды мүсіндейді;
2. Графика техникасында сурет салады;
3. Қағаздан аппликация жасайды және т.б. техникада жұмысты орындайды.
Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.
|
Қағаздан аппликация техникасында жануардың мүсінін жасауға арналған қадамдық нұсқаулық https://www.easypeasyandfun.com/paper-cat-craft-template/?utm_medium=social&utm_source=pinterest&utm_campaign=tailwind_tribes&utm_content=tribes
|
Сабақтың соңы
|
Бағалау.
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды.
|
|
12 ӨЗБЕТІМЕН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ. ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пән:Бейнелеу өнері
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Бейнелеу өнерінің жанрлары.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.1.3.1 идеяларды талқылау және осы идеялардың дамуына дереккөздердің әсерін түсіне отырып, бейнелер мен формаларға саналы түрде бақылау жүргізу
|
Сабақ мақсаты
|
- Бейнелеу өнерінің жанырларын білу;
- Суретшілердің шығармаларын жанр бойынша ажырату
|
Бағалау критерийлері
|
- Бейнелеу өнерінің жанырларын біледі;
- Суретшілердің шығармаларын жанр бойынша ажыратады;
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих.
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1.Амандасу.
Сабақтың мақсатын айту:
Бейнелеу өнерінің жанырларын білу; Суретшілердің шығармаларын жанр бойынша ажырату.
Жанрлар бойынша сурет салу
|
Батпырауық
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ.
Бүгін біз сендермен бірге вернисажға барамыз . Вернисажда бейнелеу өнерінің әр алуан түрлерінің туындылары бар, қараңдаршы, олар өте көп. Оқушылар өткен сабақтың материалын қайталап, бейнелеу өнері түрлерін анықтайды. Оқушылардың назарын кескіндеме туындыларының көптігіне, олар алуан түрлі екеніне аударыңыз, жұмыстарда не бейнеленгенін айтсын (портрет, пейзаж, натюрморт). Мұның бәрі бейнелеу өнерінің жанрлары екенін айту керек. Туындының
жанрына қарап не бейнеленгенін білеміз:
егер табиғат бейнеленсе, ол – пейзаж, егер адамдар бейнеленсе, онда портрет, егер жансыз табиғат бейнеленсе, онда натюрморт.
№ 2 қосымшадағы тақпақтарды оқиды. Бейнелеу өнерінің жанрлары туралы әңгімелескенде, балалардың назарын оқулықтағы иллюстрацияларға аударамын. Оларға қарап, бір жанр бейнелеу өнерінің әр түріне жататынын білуге болады.
1) жанр және түр түсініктерін анық білу – түр туындының немен салынғаны арқылы байқалады, оның басты әсерлегіш құралы не (егер туынды бояумен салынып, онда бастысы түс болса, ол – кескіндеме және т.б.), ал жанр картинада не бейнеленгеніне қарай анықталады;
2) бір жанр бейнелеу өнерінің әр түрінде көрінетінін түсіну, яғни кескіндемеде, графикада, мүсін өнерінде және сәндік-қолданбалы өнерде. Кейбір туындыларда бірнеше жанр болуы мүмкін, мысалы, портрет табиғат аясында немесе натюрморттың жанында салынады. Одан әрі «Вернисажда» ойынын ойнайды: картинаны сатып алатын оқушылар оның түрін, жанрын анықтап, ерекшеліктерін атап, әсерін жеткізуі тиіс.
1-тапсырма.
№2 жұмыс дәптерінің 6–7- бетіндегі тапсырмаларды орындайды.
бағалау. Бірін- бірі
Дескрипторлар:
· Бейнелеу өнері жанрын анықтап, бейнелеу өнері түрлерімен салыстыра отырып, оны сипаттайды.
· бір туындыға біріктірілген жанрларды анықтайды, оның негізгі ерекшеліктерін сипаттайды.
2-тапсырма: Жеке жұмыс.
Натюрморт жанрында сурет салу.
Бағалау: смайликтер
Дескриптор:
· Натюрморт туралы біледі;
· Заттарды қағазда дұрыс орналастырады;
· Түстерді дұрыс қолданады.
Ерекше білім қажет ететін балаға жеке тапсырма · Екі алманы бейнелеу
|
Әуе шарынан
жасалған динозарлардың суреттері бар
слайдтар.
Жұмыс дәптері, қалам немесе жай қарындаш
|
Сабақтың соңы
|
4.Рефлексия.
«Бас бармақ» әдісі
5. Жұмыс орындарын жинау.
|
|
13 ӨЗБЕТІМЕН ДҮНИЕТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ. ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пән: дүниетану
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Менің отбасымның рухани құндылықтары
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау.
|
Сабақ мақсаты
|
Өз әулетінің құндылықтарын анықтайды.
|
Бағалау критерийлері
|
Өз әулетінің құндылықтарын біледі.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі, жаратылыстану, музыка
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)
Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең, Туған жерге жету үшін Мұғалім: — Ал басың не үшін керек?
Оқушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.
Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.
|
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсіру
тапсырмалары.
|
Сабақтың ортасы
|
Ширату тапсырмасы.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан (Ана)
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз
Біз бүгін олардың арқасында. (Әке)
Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын (Әже)
Айтары мол ғұлама
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған (Ата)
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Ойлан» айдарындағы мәтінді оқу.
(Т) Тапсырма: отбасы мүшелері қандай сөздерді жазған?
Оқулықтағы «Анықтауды үйрен» айдары сендерге көмекке келеді («Ауысу» стратегиясы).
1) Топтар сұрақтарға жауап береді.
2)Мұғалімнің белгісінен кейін топтар орындарымен ауысады және басқа топтың жауабын толықтырады.
3) Барлық жауаптарды талқылау және сұрақтың нақты жауабын көрсету.
Дескриптор: отбасының құндылықтарына құрметпен қарайды. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары
|
Сабақтың соңы
|
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де,
оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
|
Топтық тапсырмалар.
|
Кері байланыс
|
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.
|
«Тазалық» әдісі кері байланыс парағы
|
14 ӨЗБЕТІМЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ. ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пән: қазақ тілі
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Сын есім
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
|
Сабақ мақсаты
|
3.1.1.1 тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
3.4.2.3 сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады
|
Бағалау критерийлері
|
3.1.1.1 тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрайды;
3.4.2.3 сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) Психологиялық ахуал.
«Ой қозғау»
Оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Ұлы Отан соғысы туралы не білесің?
2. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер туралы не айта аласың?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.
|
Презентация
Слайд 4
Слайд 2
Слайд 3
|
Сабақтың ортасы
|
ІІІ. Негізгі бөлім
Тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.
Тапсырма 1. Мәтіналды жұмыс. Автор туралы білетіндерін әңгімелеу. Интербелсенді тақтадан Б.Момышұлы туралы бейнероликті тамашалау. Бейнероликте айтылған мәліметтер негізінде тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтар құрастырып жауап беру.
Тірек сөздер: Бауыржан Момышұлы, полковник, дивизия басқарған, халық қаһарманы, батыр қазақ, әйгілі қолбасшы, батальон, қоршаудан алып шыққан, соғыс өнері, тегін сақтап қалған, жалғыз қайраткер, тәуелсіздік, Кеңес Одағының Батыры т.б.
Жабық сұрақтар:
1. Бейнеролик кім туралы?
2. Бауыржан Момышұлының әскери шенін ата. 3. Ол қандай адам болған?
4. Оған өмірден өткен соң қандай атақ берілді? Ашық сұрақтар:
1. Неліктен Б.Момышұлын батыр қазақ, Халық қаһарманы дейміз?
2. Ол қан майданда не үшін соғысқан?
3. Б.Момышұлының тағы қандай қырларын білесің?
4. Батыр атамыздың «Момышұлы» деген тегін сақтап қалғаны оның қандай тұлға болғандығын көрсетеді?
49-жаттығу. Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін айту.
Тапсырма 2. Мәтінді оқиды. Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін ажыратады.
Тапсырма 3. Мәтіннің авторын, оның кімдер туралы айтып отырғанын анықтайды. Мәтін авторын жоғарыда көрген бейнеролик негізінде дара және күрделі сын есімдерді қатыстыра отырып сипаттайды.
Үлгі: Бауыржан Момышұлы нар тұлғалы, бойшаң азамат болған. Қою қара шашы, қалың қасы ажарын ашып тұрады. Оттай жанары мен шымыр денесі бабасынан, ал ажарлы, сымбатты жүзі әжесінен мұра болып қалса керек.
Тапсырма 4. Шығармашылық тапсырма.
Бауыржан Момышұлын сипаттап жазған мәтіндеріне сәйкес портретін салады. Суреттер галереясын ұйымдастырады.
|
Бейнеролик youtube.com/watch?v=a8H7pmwD04w
Қосымша №1
Слайд 6
Оқулық 62-бет А4 форматты парақшалар Түрлі-түсті қарындаштар
|
Сабақтың соңы
|
Өзін-өзі бағалау
Мен не үйрендім?
Мен үшін не қиын болды?
Мен енді нені үйренуім керек?
Үй тапсырмасы: 51-жаттығу.
|
Слайд 8
|
15 ӨЗБЕТІМЕН ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ. ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
«Өзін-өзі тану еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара жоспары.
Мұғалімнің аты-жөні, тегі : Балтабаева Диана Бауыржановна
Мерзімі: 04.03.2022
Сынып: 3 «ә»
Іс-шара мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану пәні бойынша білімдерін тексеру, өз-өздерімен жұмыс жасауға ықпал беру және адамгершілік құндылықтарын үйреніп, білім, біліктерін кеңейтуге жағдай жасау.
Іс-шара міндеттері: Өзін-өзі тану пәні бойынша білімдерін арттыру; шапшаң қимылдау арқылы өз өзіне сенімділігін арттыру.
Жоспары:
Мұғалім: Балалар бүгінгі кешімізде «Өзін-өзі тану еліне» саяхаттаймыз. Ол елде орман-тау,өзен-көл,патшалықтар,елді-мекендер мен сарайлар бар. «Өзін-өзі тану елі» - «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат», «Атамұра», «Өнерлі ел», «Достық» деген өлкелерден тұрады. Бұл елдің ең биік шыңы «Адамгершілік» деп аталады. «Адамгершілік» шыңына жету үшін әр өлкенің тұрғындарының өз тапсырмалары бар .Сол тапсырманы орындай отырып шыңға қарай өрмелейік. «Адамгершілік» шыңында әрқашан күніміз жарқырап бізге шуағын шашып тұрады.
«Адамгершілік» шыңына жету үшін біз бүгін 2 кезеңнен өтеміз:
1- кезең: «Quizizz» веб сервисы арқылы «өзін-өзі тану» пәніне байланысты 10 тест сұрақтарына тез әрі дұрыс жауап береміз!
2- кезең: «квест ойыны».
Шарттармен танысып болсақ ойынды бастаймыз.
1- кезең: «Quizizz» веб сервисы арқылы «өзін-өзі тану» пәніне байланысты 10 тест сұрақтарына тез әрі дұрыс жауап беру! Сіздердің жинаған ұпайларыңыз бен орындарыңыз интербелсенді тақтада көрсетіліп отырады. Жинаған ұпайларымызға сай ең жоғарғы ұпайларды жинаған 10 оқушы 2 кезеңге өтеді. Сілтемеге өтіп тест жұмысын бастайсыз! https://quizizz.com/admin/quiz/621fb8798b4be4001e39868e
Ендеше 2-кезеңді бастаймыз. «Квест ойыны». Бұл кезеңде тақтада 10 оқу-білімге және оқушыға қажетті мектептік құралдар жасырынған жұмбақтар беріледі. Ал ол жұмбақтың жауаптары осы кабинеттің кез-келген бұрышында жасырылған. Жұмбақтың 7 жауабынан бөлек, 3 жеңілдік те жасырылған. Жауапты табуға және жұмбақпен сәйкестендіріп қоюға 5 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауабын тауып, шапшаңдық танытқан оқушылар келесі кезеңге жолдама алады!
Ойын басталды, уақыт кетті.
1.Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді? «Жазу»
2. Теңіздей түбі терең ,
Сүңгіген жетер әрең? «Қалам»
3. Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып? «Кітап»
4. Ақ жерде қара тары,
Кім шашса сол орады? «Білім»
5. Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады? «Сөйлем»
6. Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде? «Қаламсап»
7. Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу? «Сөмке»
Осымен бүгінгі біздің «Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты іс-шарамыз өз соңына жетті.
Марапаттау сәтіне кезек берейік!
16 ӨЗБЕТІМЕН МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ. ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пән: математика
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Тиімді есептеу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.1.2.3 көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
Санның квадраты мен кубын түсіну, рационалды есептеу үшін көбейту қасиетін пайдалану, қалдықпен бөлуді білу, кестеден тыс көбейту мен бөлуді ауызша орындау.
|
Бағалау критерийлері
|
санның квадратымен мен кубын алмастыра алады; рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалануды және бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығаруды біледі.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды. Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.
Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады. Әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды.
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
Белсендіру.
№1 тапсырма. Мұнда қасиеттердің әріптермен таңбалануына қарау және өзінің мысалдарыңда көрсету. Балалар ұсынған әрбір қасиетті дәлелдеу үлгісін пайдаланады.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау
|
Оқушыларды топтарға бөлуге
арналған суреттер.
Сұраққа жауап
берген оқушыны
мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері
байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
|
Сабақтың ортасы
|
Ширату тапсырмасы.
Жаңаны ашу.
Жаңаны ашу үшін балалар топтық жұмыс орындайды. Әр топ түрлі түсті қарандашпен жоғарыда көрсетілген қасиеттердің бірін немесе олар бойынша шешкен мысалдың ережесін жазады:
4∙50=
(13+22):7=
(350+49):7=
5∙45∙20=
Топпен жұмыс жасау үшін №1 тапсырмаға ұқсас жаттығу беруге болады. Ережелер сыртына жазылуы мүмкін немесе балалар өздері құрастырады.
Өзін-өзі тексеру мақатында парақ таратамын. 3•50=50•3=1500
(14+21):5=35:5=7
(350+21):7=350:7+21:7=50+3
5•65•20 =5•20 •65 =100 •65 =650
60•(6–1)= 60•6–60•1=360–60=300
60•(6–1)=60•5=300
Дескриптор: Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеттерін қолданып, есептеу. Көбейту мен бөлудің амалдарының қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету. Оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу
тапсырмалары
|
Сабақтың соңы
|
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
Өткенмен жұмыс.
№5 – санның квадратын қайталау.
№ 6 – есепті әртүрлі тәсілмен орындау. Осыған ұқсас есепті өзің құрастыр.
Шебер 12 қамшы және 8 дулыға жасады. Барлық бұйымдарды екі қорапқа бөліп салды. Әр қорапта қанша бұйымнан бар?
Өрнек құрастырылады:
1-тәсіл: (12 + 8) : 2 = 20 : 2 = 10
2-тәсіл:12 : 2+8 : 2 = 6 + 4 = 10
Сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар құрастыр.
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушыларға «Көңілді қоңырау» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
|
17 ӨЗБЕТІМЕН МУЗЫКА ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ДАЯРЛАУ, ӨТКІЗУ. ТОП МҮШЕСІ БЕРГЕН БАЙҚАУ САБАҚҚА ҚАТЫСУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Пән: музыка
Күні:
Сынып: 3 ә
|
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
Айтыс сөз сайысы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
3.1.1.1-тыңдалған әнге және басқа музыкалық шығармаларға байланысты өз идеясын ұсыну және сахналау
|
Сабақ мақсаты
|
Айтыс жанрын ажырату, қарапайым суырыпсалма ұйымдастыру
|
Бағалау критерийлері
|
Тыңдалған музыкалық шығармаларға байланысты өз идеясын ұсынады. Айтыс жанрын ажырата біледі, қарапайым суырыпсалма ұйымдастыруға қатысады
|
Пәнаралық байланыстар
|
қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтын барысы
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Үйге тапсырма
Рефлексия
|
Үш тілде музыкалық сәлемдесу:
Қайырлы күн ұстазым!
Доброе утро Учитель!
Good morning teacher!
Дауыс ашу жаттығуы: Гамма
«Микрафон» әдісі бойынша өткен әнді қайталату
«Миға шабуыл» әдісі
1-тапсырма. Тыңдалым. Бейнеролик Сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты ашамыз.
- Айтыс дегеніміз не?
-Айтыстың қандай түрлері бар?
-Суырып салма дегеніміз не?
(бейнероликке сай қосымша сұрақтар қойылады)
2-тапсырма. «Жалғасын тап» әдісі. Дәптермен жұмыс.
«Мектебім менің» тақырыбында суырып салма өлең құрау. Ұйқасына қарай мына сөздерді орнына қой. Барғанша, жаңаша, тамаша.
Біздің мектеп...................
Асығамыз.........................
Қамқор болған ұл –қызға,
Ұстаздары........................
3-тапсырма:Орындау.
«Бәдік ойыны» әні «Бәдік» әнін үйрен. «Көш көш» сөздерін берілген нотамен орында. (оқулықпен жұмыс)
Әр оқушы өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды.
Айтыс дегеніміз не?
-Бүгінгі сабақтың мақсаттарына оралайықшы.
–Оқушылармен «Иә, жоқ» әдісі арқылы сабақты бекітеді.
-Мұғалім оқушыларға айтыс туралы сабақта болған әрекетке байланысты сөйлемдер оқиды. Оқушылар сөйлем дұрыс па, әлде қате ма екенін анықтайды.
«Бәдік ойыны» әнін жаттау.
Мен не білдім? Қандай тапсырма қиындықтар туғызды? Қандай тапсырма жеңіл болды?
|
Микрафон hhtp/mpp.aytis/youtube.com
Баян аспабы
Домбыра аспабы
Шулы аспаптар
Смайлик Ноталар
Оқулық, нота
хрестоматиясы,
үн-бейне хрестоматия
Кері байланыс
тақтайшасы
|
18 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ӨТКІЗУ
Сабақтың тақырыбы: «Спорт - денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарыс
Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара
Әдіс тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Спорт- денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: 1. Топтарды ортаға шақыру
Ал, қанекей, қонақтар,
Ортаға назар салайық.
2 топтың ойыншылары келеді,
Қол соғып қарсы алайық! – деп, ортаға қатысушы топтарды шақырамыз.
Жүргізуші: Ақ түсті киімде «Тұлпар» тобы, көк түсті киімде «Сұңқар» тобы.
Жүргізуші: Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныстыра кетейік.
Жүргізуші: Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады.
I. «Тұлпар» тобы.
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығулардан ешқашан да қашпаймыз.
II. «Сұңқар» тобы.
Спортпен достасамыз,
Жалқаулықпен қоштасамыз.
Жүргізуші: Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Бүгінгі жарысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1. «Кім озар?» - кольцомен допты алып жүру жарысы.
Шарты: Гимнастикалық кольцомен допты кедергілер арасымен жүргізу.
2. «Кім епті?» - кенгуру жарысы.
Шарты: батут добымен секіріп, кедергілер арасымен өтіп, ілініп тұрғандартсты дәлдеу.
3. «Кім шапшаң?» жарысы – хоккей жарысы.
Шарты: шайбаны кедергілер арасымен алып жүру.
4. «Кім ер жүрек?» - шарикті алып жүгіру жарысы.
Шарты: үлкен ас қасықпеп теннис добын түсіріп алмай, орындықтыайналып, артқа қайтады.
5. «Кім батыр?» - арқан тарту жарысы.
Шарты: Екі топқа бөлініп, әрбір топ арқанды өз жағына тартады. 3рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарғантоп жеңімпаз болып танылады.
6. «Кім күшті?» - паравоз жарысы.
Шарты: топтың барлық мүшелері бір-бірінің артыны тізбектеліпжылдам жүріп, орындықты айналып, артқа қайтады.
Жүргізуші: Ал, енді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.
Қорытынды: Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!. «Спорт - денсаулық кепілі» атты эстафеталық жарыс осымен аяқталды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшінкөп-көп рахмет!
19 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
Тақырыбы: Сынып дарабозы
Мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгін сіздер белсенді оқушылар арасында өтетін «Сынып дарабозы» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайымызды бастамас бұрын білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды ортаға шақырайық.Шын жүйріктер сыналады жарыста Әділқазы бағалайды сіздерді –деп қазылар алқасымен таныстырайық. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
I бөлім. «Жүйріктер»
II бөлім «Кім шапшаң?»
IІІ бөлім «Әріптер сыр шертеді»
ІV бөлім «Жеңімпаз»
Ендеше, сайысымызды бастайық. Сайыскерлерге сәттілік тілейік.
I –кезең «Жүйріктер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде сұрақтар қойылады. Сұраққа қол көтеріп жауап беру керек. Қол көтеріп жауап бермесе жауап қабылданбайды. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайды білдіреді.
1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің авторы кім? (А.Құнанбаев)
3. Зат есім деген не? (Заттың атауын білдіретін есімді айтамыз)
4.Үш биді атап бер. (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
5.Үш бәйтерек? (Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин)
6. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (3-ке қатаң, ұяң, үнді).
II кезең: «Кім шапшаң?» бастаймыз. БАС сөзіне кез келген жаңа сөз жасау (Бастық, баспалдақ, бастырғыш, басқыш, баспақ т.б)2 минут уақыт беріледі. Әр бір сөзге 3 ұпай беріледі.
IІІ кезең: «Әріптер сыр шертеді» бөлімін бастаймыз. Алфавиттен кез келген бір әріпті таңдап, сол әріптен басталатын сөйлем құрау. Әр бір сөз 5 ұпаймен бағаланады.
ІV «Жеңімпаз» бөлімін бастаймыз. "Адасқан әріптер" ойыны (Әрбір тапқан сөзге 2 ұпайдан беріледі) Қатты соққан боранның әсерінен, әріптер орындарын ауыстырып алыпты. Сол себептенде бұл әріптер көмек сұрайды. Әріптерді дұрыс орнымен қойсақ, ұлы ақын-жазушылардың есімдері шығады.
1. ЫАРЫБЙ (Ыбырай)
2. МКӘШРӘІ (Шәкәрім)
Сайыс жеңімпазын анықтау. Қазыларға сөз беру. Осымен бүгінгі сайыс өз мәресіне жетті. Қатысып көңіл бөлгендеріңіз үшін көп-көп рахмет. «Сынып дарабозы» сайысында «Бас жүлде» алған және белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
20 МАТЕМАТИКА САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
Тақырыбы: «Дарындылар додасы»
Мақсаты: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.
Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы арқылы өткізу.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі «Дарындылар додасы»атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі «Дарындылар додасы» интелектуалды сайысына қатысушы 3 сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған “Жүйріктер” және ”Қырандар” топтарына қошемет көрсетіп қояйық.
Мұғалім:Бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне әділ баға беретін әділ қазылар алқасынымен таныстыра кетейін. Сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Бәйге» кезеңін бастайық.
1-кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап.Бұл кезеңде 5 сұрақ беріледі, 1 минут ішінде сол сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 5 ұпай .
«Жүйріктер» тобына:
1.Ең кіші үш таңбалы сан.(Жүз)
2.Қабырғаларының ұзындықтары бір-біріне тең тік төртбұрыш. (Шаршы)
3.4 ондықтан құралған сан.( Қырық )
4.Сұйықтықтың өлшем бірлігі. ( литр)
5.Кеміту амалы.( Азайту )
«Қырандар» тобына:
1.Ең үлкен екі таңбалы сан ( 99)
2.8 ондықтан құралған сан. (80 )
3.Ұзындық тың өлшем бірліктерін ата (мм, см ,дм, м )
4.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.(Шеңбер)
5. Бір нүктеден шыққан түзулер? (сәуле)
2-кезең. “Ойлан, тап!” – Математикалық жұмбақ есептерді шешу. 1 мин
Әр топқа бір есептен беріледі. Бір минут ішінде жауабын беру қажет. Жауап дайын болмаған жағдайда келесі топ жауап береді.
«Жүйріктер» тобына:
1)Аулада 60 үйрек ,қорада 20 үйрек, 10 үйрек тығылды,10 үйрек жығылды.Қалғаны неше үйрек?(60)
«Қырандар» тобына:
11 түйе, бес жылқы, 2 сиыр, бір ешкі, 2 қоян, үш түлкі. Болды сонда нешеуі? (24)
3-кезең «Полиглот» 2 мин
1.Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай,
Тіліңді алмайды тетігін бұрамай. (сағат- часы- clock (клок))
2. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян- заяц- hare (хея))
3. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға (піл- слон- elephant(элифант))
4. Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық (қар- снег- snow(сноу))
5. Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады (балық- рыба- fish(фиш))
4-кезең- «Кім тапқыр?» Топ басшылар сайысы 5 мин
Сурет бойынша есеп құрастыру, қорғау(шарты, шешуі, жауабы).
Мұғалім:Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста- деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз. Енді сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Ұпай сандарын анықтап, марапаттау.
21 ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат
Мақсаты: Балаларға ғарышкерлер мейрамы туралы түсінік беру. Балалардыңой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: слайдттар, суреттер, ғарыш әлемі.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған «Ғарышқа саяхат» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
-Балалар мен бүгінгі сабақта аспан әлеміне саяхатқа шыққым келеді. Аспан әлемін телескоппен бақылап көрейікші, балалар не көріп тұрсыңдар?
Ендеше аспан әлемін тамашалау үшін сендер менімен бірге саяхатқа барасыңдар ма?
Олай болса саяхатқа аттанайық, кеттік!
- Балалар тоқтаңдар біз саяхатқа немен шығамыз?
Кемемен барсақ ол бізді аспанға апарама?
Поезбен барсақ қайтеді
Дұрыс айтасыңдар! Ұшақпен барамыз, жо-жоқ ұшақ бізді жұлдыздарға апармайды ол қайтадан жерге қонады, енді не істесек екен???
Таптым менде сиқырлы кілемше бар сол кілемшемен аспанда еркін қалықтап ұшпаймызба? Жүріңдер балалар сиқырлы кілемшеге мініп ап ғаламшарларға жол тартайық.
Балалар аспан әлемінде 8 ғаламшар бар сол ғаламшарлардың біріне біз тұратын жерде жатады. Әр ғаламшардың артында тапсырмалар жасырынған, біз соны орындап өзіміздің білімді оқушы екенімізді көрсетейік сонымен дайынбыз ба?
1-Меркурий ғаламшарының тапсырмасы; сендерге ғарыш туралы ғарышкерлер туралы мағлұмат береді екен. (4 – 9 слайдтар)
12 сәуір Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 52 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатыг. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл
салып, қазақтың атын шығарып ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те көкке самғады. Осылайша Қазақстан ғарыш кіндігіне айналды.
2-Шолпан ғаламшарының тапсырмасы; Табиғат нешеге бөлінеді?
(2-ге. Тірі және өлі) (10 слайд)
3-Жер ғаламшарының тапсырмасы; жыл мезгілдерін атап бер.
(11 слайд)
4-Марс ғаламшарының тамсырмасы; апта күндерін атап бер. (12 слайд)
5-Юпитер ғаламшарының тапсырмасы; Сергіту сәті (13 слайд)
6-Уран ғаламшарының тапсырмасы; ай аттарын атап бер (14 слайд)
7-Нептун ғаламшарынң тапсырмасы: аспан бейнелерінің суреттерін салып көрсет.
8-Сатурн ғаламшарының тапсырмасы: ғарыш жайлы не білесіңдер? Тақпақтар
Міне балалар, біз 8 ғарыш аттарын білдік. Енді өз сыныбымызға қайта оралайық.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта не үрендік? Не көрдік? Қайда ұштық
22 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
Тақырыбы: Менің достарым
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдерме, оқушылар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Алдымен бір – бірімізбен амандасып алайық.
1. Амандасу
Көтеріліп көкке күн,
Күлімдеді маған да,
Күлімдеді саған да,
Нұрын шашып баршаға.
2. «Менің достарым» Балалар өз достары жайында әңгімелейді. Оқушылар айтқан ойлары мұғаліммен бірге талқыланады.
3. «Достық» туралы видео көрсетіліп, талданады.
Есте қалған қызықты оқиғаны айтып, талдау жасалады.
4. «Жеміс-жидек» жаттығуы
Мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.
Жеміс- жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс- жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс- жидек таңдап болғаннан кейін, бұл жемісті неліктен таңдап алғанын айтып түсіндіреді.
5. Ұқсастық шегі Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып айтады .Ұқсастығын айтып ой бөліседі.
Оқушылар досының өзіне ұқсаған қасиеттерін айтып шығады.
6. «Айна» жаттығуы
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.
7. Қорытындылау
Рефлекция
Балалар өзінің сезімдерімен бөлісіп, жағымды лебіздерін білдіреді.
23 МУЗЫКА САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
"Ән жұмбақ" музыкалық сайысы
Сабақтың тақырыбы: Ән жұмбақ (музыкалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі: Сайыс.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар! Сәлем достар! Бүгінгі «Ән жұмбақ» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер! «Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Бүгінгі сайысымызға қатысушы сынып оқушыларын ортаға шақырайық! Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!
Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз. Бүгінгі сайыскерлеріміз алдымен өз топтарын таныстырады
1. Айналым: «Он сұрақ» сұраққа жауап беру.
2 - Айналым! «Ән жұмбақ» деп аталады тыңдалған әуеннің атын табу.
3- Айналым «Аспаптар жырлайды» Әннің сөзі беріледі, әннің атын табуымыз керек.
4- Айналым «Әріптер сыр шертеді»
5- Айналым. - Ақтық мәреге аяқ басайық! Пародия жасау.
Қорытынды: Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді. Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, сау болыңыздар!
24 ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
«Шеберлер қалашығына саяхат» сайыс сабақ
Сайыстың мақсаты: Өз бетімен еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамыған азамат болуға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Ермексаз, түрлі-түсті құмдар, қол сүрткіш, т.б.
Әдістер: Жылулық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау, түрлі-түсті құммен сурет салу.
1.Жүргізуші. Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі сайыс сабаққа қатысушы оқушылар!«Шеберлер қалашығына саяхат» сайыс сабағымызды бастаймыз. Сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.
І кезең «Таныстыру»
Оқушылар топтарға бөлініп топ аттарын айтып таныстырады.
1 топ. «Болашақ» тобы
2 топ. «Сұңқар» тобы
ІІ кезең «Шеберлер қиялы» сайысы (ермексазбен жұмыс)
Сайыс шарты бойынша әр топ, ермексаздарды алып тобы мен бірге құстың бейнесін , үй жануарларын мүсіндейді. Ермексазбен бұйым жасауға 5 минут беріледі .
ІІІ бөлім «Кім жылдам» сұрақ-жауап
Бұл бөлімде пәндерден сұрақтар қойылады. Оқушылардың жылдамдығын шапшаңдығы ескерледі.
1.Жаратылыстану пәні бойынша сұрақ
Жердің кішірейтілген моделі (Глобус)
3. Музыка пәні бойынша сұрақ
Құрманғазының би күйі (Балбырауын)
4.Көркем-еңбек пәні бойынша сұрақ
Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді (Геометриялық, Ғарышттық,Жануар тектес, Өсімдік тектес.)
5.Логикапәні бойынша сұрақ
Жолда 2 әкесі, 2 баласы кетіп бара жатыр
Жолда барлығы неше адам кетіп бара жатыр (3 адам(атасы, әкесі, баласы)
6.Қазақ тілі және әдебиетіпәндері бойынша сұрақ
Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
7. Математикадан сұрақ
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана мотоцикл
IV«Полиглот» (жұмбақтын шешімін 3-тілде айту)
1.“Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса, аттама” (Кітап, книга, book )
2. “Ауланы күзетеді босағадан,” (Ит, собака, Doog)
3. “Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады.” (Қоян, заяц, rabbit)
4. “Бірде табақ, Бірде орақ” (Ай, Луна, Moon)
Vкезең «Суретсалуөнері» (шеберліксайысы) құмыраныңсуретінсалу. Сурет салуға 5 минут уақыт беріледі. Бұл соңғы кезеңде оқушылар құммен суреттер салады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Мінеки, біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтауға әділқазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз топ анықталып, білімдерін, өнерлерін, шеберліктерімен көзге түскен топтарды марапаттап, сыйлықтар табыс етіледі.
25 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
«Ғажайып суретшілер әлемінде» сайысы
Мақсаты: Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!Бүгінгі «Ғажайып суретшілер әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
Ортамызда екі топ сайысқа түспекші. Екі топпен танысайық.
І топ «Бояулар»
ІІ топ «Қарындаш»
І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру. Әр топқа алты сұрақтан қойылады.
І топқа:
1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)
2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)
3. Суға тез еритін бояу. (Акварель)
4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)
5. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)
6. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)
ІІ топқа:
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)
2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)
3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)
4. Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр)
5. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)
6. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)
2 кезең.
«Кім шапшаң, кім жылдам?»
Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.
3 кезең.
Сөздерден түс аттарын шығару.
І топқа:ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР).
ІІ топқа:ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫШҚЫЗ (ҚЫЗҒЫШ)
4. Қорытынды.
Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.
26 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚ ӨТКІЗУ
Сабақтың тақырыбы: «Брейн ринг» атты спорттық интеллектуалды сайысы.
Сабақтың мақсаты: Өздерінің денсаулығына, біліміне көп көңіл бөлуге, өз елінің әлемге танымал спортшыларын үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: ысқырық, баскетбол, волейбол, футбол доптары.
Сабақтың өту барысы: Армысыздар құрметті ұстаздар, әділ - қазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Брейн ринг»атты спорттық интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1 - топ
2 - топ
3 - топ
Әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1сайысымыз «Бәйге» сайысын бастаймыз. Әр топтың алдында ысқырық бар. Бір сұраққа ойлануға бір минут беріледі. Қай топ жауап беруге дайын болса ысқырық шалады. Жауап береді.
1 - сұрақ Баскетбол ойнында алаңда қанша адам ойнайды?
2 - сұрақ “Пенальти” қандай спорт түрінің айып добы?
3 - сұрақ Бокстың бір раунды қанша минуттан тұрады?
4 - сұрақ Баскетбол ойнының себеті жерден қанша метр биіктікте орналасқан?
5 - сұрақ Олимпиадада Ольга Рыпакова жеңіл атлетиканың қандай түрінен алтын медаль ұтып алды?
6 - сұрақ Қандай спорт түрінде алаңда 22 адам ойнайды?
2 сайысымыз «Білімділер» сайысы. Бұл сайыста берілген төрт тақырып бар. Әр тақырыпта үш ұяшық. Ұяшықта ұпай сандары. Сіздердің мақсаттарыңыз сұраққа жауап беріп, ұяшықтағы ұпайды алу.
1.Баскетбол ойынын кім ойлап тапты? (Джеймс Нейсмит)
2.Футбол ойынының отаны? (Англия)
3. Футбол ойнында екі сары қағаздан кейін қандай шара қолданылады? (қызыл қағаз)
4. Хоккей ойнында айып добы қалай аталады? (Булит)
5.Хоккей ойынының отаны? (Канада)
3сайысымыз «Дода» сайысы. Үш тақырып бар. Әр тақырыпта үш ұяшық. Таңдаған ұяшықтан шыққан тапсырманы бірінші және дұрыс орындаған топ ұпай саның алады.
1. Баскетбол Допты алып жүру
2. Футбол Аяқпен допты алып жүру
3 Әр - түрлі В/л добын жоғарыда алып жүру
4. Акробатикалық фигура көрсету
4 сайысымыз «Шешендер» Әр топтан бір ойыншы қатысады. 1 минут уақыт ішінде таңдаған ұяшықтан шыққан тақырыпқа байланысты өз ойын жеткізеді.1« Спорт - денсаулық кепілі»
2 «Бақытты отбасы»
3 «Болашақ бүгіннен басталады»
4 «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен»
Топтарды марапаттауға әділ - қазылар алқасын шақырамыз Құрметті ұстаздар, қатысушы топтар міне біздің бүгінгі «XXI ғасыр көш басшысы» атты спорттық интеллектуалды сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті.
27 ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗУ
Тақырыбы: Жат қылықтардан аулақ бол!
Мақсаты: Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру. Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері: Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет, сурет салу. Салауатты өмір салтына байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен: Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені.
Жүргізуші: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар! Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.
2. Шаттық шеңбері.
Мұғалім: Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
3. Сұрақ қою.
“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер? Салауатты өмір салты не үшін керек?
4. Әр топ көшбасшысы зиянды заттардың атын таңдап, топ мүшелерімен тақырыпты қорғау:
1-топ: Темекі
2-топ: Есірткі
3-топ: Ішімдік
Темекі құрамындағы заттар» Темекі түтінінде 400-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар. Шайыр түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді
Есірткі- ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткінің түрлері: гашиш, м. Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын-буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.орфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады.
Ішімдік – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі.
5. Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »
Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, шапалақтаймыз, зиянды болса,аяғымызды жерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.
- Бала жаттығулар жасаса;
- Бала ауыр заттарды көтерсе;
- Бала басқа баланы итеріп жіберсе;
- Бала сіріңкемен ойнаса;
- Бала қолын жуса;
- Рахмет. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы- зиянды әрекеттерді жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Біз қазір оқушы болғандықтан, ата-ана, ұстаздар қауымы да біздің болашағымызға алаңдайды. Мемлекетіміз оқушылардың тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп, тырмысып жатады. Ал, біздің деніміз сау, дене мүшелеріміз бүтін. Осы денсаулығымызды зиянды әдеттермен улап, өз болашағымызға балта шаппайық. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жанымызға серік етейік.
28 ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗУ
Сабақтың тақырыбы: Отбасы-жылы ұямыз, тірегі- ата- анамыз
Сабақтың мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд
Барысы:
І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Отбасы-жылы ұямыз, тірегі- ата- анамыз атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынадай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз.
1. Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?
2. Әкелеріңнің анасы кім болады?
3. Отбасының тірегі кім?
4. Үйдегі алтын қазық кім?
5. Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?
ІІ. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.
ІII. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:
IV. Өнерлі бала- сүйкімді
V. Отбасы туралы мақал-мәтелдер
1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
2. Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.
3. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
4. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ
5. Балалы үйдің еңсесі биік.
6. Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар
VІ. Жалғыз-дара өзіңсің
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің
Аппақ мөлді сезімсің
Мен барымды аяман
Ботақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.
Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»
-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)
Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»
-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
Үшінші ойын: «Сезім гүлі»
-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.
VІІ. Қорытынды
Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.
29 ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗУ
Тақырыбы: Табиғат – адамзатқа аманат!
Сабақтың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға,қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық,ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
1.Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер (мақалды жалғастыру)
1. Ер - елдің көркі, орман тоғай.../жердің көркі/.
2. Бір тал кессең, .../он тал ек/.
3. Дәрі.../ шөптен шығады/,дана көптен шығады.
4. Қорада малың болсын, көшеде.../талың болсын/
5. Атаңнан мал қалғанша,.../тал қалсын/.
6. Бұлақ көрсең.../көзін аш/.
7. Жылап жүріп арық қазсаң,.../күліп жүріп су ішерсің/.
2.Табиғат - тіршілік иесі (жұмбақтар шешу)
1.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
2. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (ауа)
3.Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (жұлдыз)
4.Тереземіздің әйнегін жуады,
Бірақ сүртпейді. (жаңбыр)
5. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Аспандағы көлеңке,
Жерге суын шашады. (бұлт)
3.Құстар-біздің досымыз (сөзжұмбақ шешу)
1.Жасыл орман желекті
Оның күтіп-баққаны
Тоқылдатса теректі-
Құртын қуып жатқаны (тоқылдақ)
2.Суда жұбын жазбайтын құс (аққу)
3.Ұшады қалықтайды,
Сайраудан бір жалықпайды. (бұлбұл)
4.Қыран құс (ителгі)
5.Құстың атымен аталатын қыз есімі (Қарлығаш)
6.Бантигі бар басында
Бір құс жүр үйдің қасында (тауық)
7.Сөйлей алатын ,қолға үйренген құс (тотықұс)
Ән «Туған жер» орындайтын Қайрат Қарақат
6.Қорытынды. Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық! Сау болыңыздар!
30 ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗУ
Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек түбі – береке!
Күні: 22.11.20ж
Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру;.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,слайд.
І Ұйымдастыру:Бүгінгі «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағатымызда бастаймыз. Топқа бөлу 1 қатар – «Зеректер», 2 қатар – «Тапқырлар», 3 қатар – «Алғырлар».
II. Еңбек туралы жалпы түсінік беру,әңгімелеу.
Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы,өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып,тиісті құрал-саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі.Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері,байлықты жасаушы.Еңбек - адамның жан дүниесін жаңғыртып,жігерін жанып,ой-қиялына қанат бітіретін бірден-бір құдіретті күш.
Әңгімелесу.
“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды еңбекқор дейміз?
Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
III.Жалғасын тап: (слайд)
Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбек жастан, … ( өнерге бастан )
Еңбек ер ...(атандырады)
Бақыт кілті...( еңбекте)
ІҮ. Сергіту сәті « Дұрыс па, бұрыс па?»
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Ү.Шығармашылық тапсырма:
1 топ: Еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.
2-топ:« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.
3-топ: Ой еңбегі мен дене еңбегін ажырату.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Қорытынды
Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленетіндігін түсіндік деп ойлаймын. Қорыта айтқанда адам тек еңбектің арқасында жетіліп дами бермек.
31 ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗУ
Тақырыбы: «Еңбек бәрін де жеңбек»
Мақсаты: Еңбек — адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
— Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;
— Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;
— Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;
— Еңбекті құрметтеуге үйренеді;
— Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.
Көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан» — суреттер, көрме, ойынға қажетті құрал — жабдықтар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім — тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата — анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)
Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал — мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал — мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылар мақал — мәтел жазып жатқанда ата — аналар отбасындағы бала еңбегі туралы айтып береді.
Еңбек туралы мақал — мәтелдер:
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
Ердің атын еңбек шығарады.
Бақыт кілті еңбекте.
Маңдайы терлемегеннің
Қазаны қайнамайды.
Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.
Мынадай сұрақтарға жауап алу:
— Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?
— Балаңызды үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп — жетпейтінін ескересіз бе?
— Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?
— Қандай шаруалар істейді?
— Балаңызды еңбекке қалай жұмсайсыз, қалай араластырасыз?
Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал— мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады.
Енді мектептегі еңбек тәрбиесіне тоқталайық. Мектептегі еңбек сабағы, сенбілік жұмыстары туралы айтылады.
32 АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА: МЖМБС-2012 ЖӘНЕ БББ МЖМБС-2015, 2012 ЖӘНЕ 2015/16 ЖЫЛДАРДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
Математика
Түсінік хат Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары ( «Біз мектепке барамыз», 2010ж.) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 суірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.
ҚР министрі және ғылым белгілі бір тапсырыстар электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына, ұйымдар пайдалану үшін, оның ішінде оқулықтар, әдістемелік кешендермен, қосымша әдебиеттер тізбесін бекіту туралы 2013 жылғы 27 қырқүйекте №400 және 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 2014 жылғы 28 сәуірдегі №127 бұйрыққа өзгерістер еңгізу туралы 2013 жылғы 27 қыркүйекте №400 оқулықтар тізімі негізінде жүргізіледі.
Мақсаты:
– ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау деп белгіленген.
Міндеттері:
- тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, т.б. функционалдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
- оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын ала мақсатты дайындық жүргізу;
- оқуға деген ынтасын, математикаға деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
- стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
Бақылау жұмыстарының мөлшері
Тоқсандар
|
I
|
II
|
III
|
IY
|
Бақылау жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Өздік жұмысы
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Барлығы
|
4
|
4
|
6
|
6
|
Авторлары: Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева
Алматыкітап баспасы 2014
Барлығы 170 сағат аптасына 5 сабақ
33 МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІМЕН БЕКІТІЛІП, ПРАКТИКА БАҒАСЫ ҚОЙЫЛҒАН МАШЫҚКЕРДІҢ ОҚУ- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА МІНЕЗДЕМЕ
Балтабаева Диана Бауыржановна кәсіби іс- тәжірибе өту барысында өзін жақсы жағынан көрсете білді. Диана Бауыржановна оқушылармен тіл табыса білді және өзін білікті, тиянақты, жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жаңашылдыққа үйір, ізденімпаз қасиеттері бар екені байқалды. Диана Бауыржановна тәжірибе барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Келешекте білікті, білгір, маман болатынына сенімдімін. Өткізген іс-тәжірибесін «5» өте жақсы деп бағалаймын.
34 СЫНЫПҚА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Мендегі практика жүргізілген сыныпта 21 оқушы бар. Олардың 12-қыз бала - 9ұл балалар. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Сыныпта топ басшысы- Қожахмет Шахназ. Тазалық секторы- Кайдарова Аяжан, Жоламан Нұрсұлтан спорт секторы. Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезінде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.
Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 9 оқушы холерик, 6оқушы сангвиник, 6 оқушы флегматик темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орныдайды. Сабақ үлгерімдері жақсы, әсіресе математика, ана тілі пәндеріне қызығушылығы жоғары. Жалпы сынып ұжымы бір –бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Алдағы оқу-жылын ойдағыдай аяқтап тәртіпті, саналы, жан-жақты жеке тұлға болады деген сенім бар.
35 БІР ОҚУШЫҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
Сырым Ақжол Айбекұлы- 3 «ә» сынып оқушысы, 08.01.2014 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Отбасында жайлы тұрақты қарым-қатынас қалыптасқан. Ақжол толық және көп балалы отбасында тәрбиеленуде. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Ата-анасы баланың үйлесімді дамуына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады.
Ақжол- сабырлы, мейірімді, сыныптастарының арасында беделі зор. Оны бәрі жақсы көріп, сыйлайды. Сыныпта староста қызметін атқарады. Ол өз қызметін толықтай атқарып және оған өзінің көңілі толады. Жолдастарымен қарым қатынасы өте керемет. Олармен тез тіл табысады. Сыныптың көзқарасымен санасады.
Үлгерімі өте жақсы. Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенінше асығады. Тапсырманы ең алғаш болып орындауға тырысады. Мұғалімнің айтқанын екі етпей орындайды. Барлық сабақтағы жаңа материалды түсініп, логикалық тұрғыда ойланып оқиды. Оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Математика пәнін қатты сүйіп оқиды. Есте сақтау қабілеті де жақсы дамыған. Мұғалімнің ескертпелерін дұрыс қабылдайды.
Ақжолға назар аудармау мүмкін емес. Ол әр оқушының немесе мұғалімнің назарын өзіне аударып біледі. Есте сақтау типі: ерікті. Заттардың немесе құбылыстардың маңызды және болмашы белгілерін ажырата алады.
Достарыңызбен бөлісу: |