Тексті көшіріңдер. Зат есімдерді тауып , олардың негізділерін түзу сызықпен, туындыларын ирек сызықпен сызыңдар.
Алыстан көрінгенде , көл ғой деп едік, қасына келсек көлшік екен. Аузымен орақ орған өңкей мылжың. Қарт бақташы сиырларын кешкі сауынына қайырып келеді де, сауылып болғанша үйіне қайтпайды. Еңбек түбі- береке, көптің түбі - мереке.
Тексті оқып шығып , көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауын қойып көшіріңдер де , мағыналарын айқындаңдар.
Менің творчествомның басты тақырып... ы – соғыс тақырыбы. Бұл тақырып менің кітабымнан кітабыма көшіп келеді, сабақтасып келеді. Кейбір жолдас... : « Соғыс аяқталғанына біраз жыл... өтсе де, сенің кітап...ыңда тоқтамай жүріп жатады ғой» , - деп әзілдейді. Майдан өмірін жақсы білетін , майдангер... жанын терең түсінетін ақын... үшін жалынды жыл... жайында әрқашан да толғап отыру- үлкен парыз. Солдат...дың жорық жол...ын еске түсіріп , ерлікті жырлау – азаматтық борыш.
№ 4
Зат есімдерге жақшадағы жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жасаңдар. Олардың мағыналарын ажыратыңдар. Күрке . Үй. Бөлме (-шық, шік)