Мәтінді оқып шығып, дыбыстық еліктеуішті тап Далада дауыл тұтанды. Момақан өзен бұрқ-сарқ долданды. Жарқ-жұрқ найзағай ойнап, қорғасын бұлттан тырс- тырс секірген тамшылар шанақ бетіне дүрс-дүрс тиді. Шарт-шұрт найза қағысып , сарт- сұрт сойыл соқтығысты. Зу-зу жебе суылы, кірш-кірш найза серпіні, дүр-дүр өрт шарпуы бар. Қайтадан тұс- тұсқа сар-сар. Дүңк-дүңк дауыс тарады.
№ 3
Мәтіннен бейнелеуіш сөздерді табыңдар.
Кенеттен самолет қисалаң етті, сол жақ мотор бұлығып қалды. Ол біржолата тоқтап қалған жоқ, бірақ қайта- қайта күрмеліп, мүлде тартпай қойды. Маша оны түзу бағыттан айнытпай әзер ұстап келеді. Олар звено командирінің самолетіне оқ тигенін білмейді, мұның ұшысы кілт бәсеңдеп кеткені қалай деп аң- таң боп келе жатуы ықтимал. Бұдан әрі сөйлесуге шама келген жоқ.
Фашист кілт бұрылып төмен түсті де , Галяның самолетінің астына еніп, онымен қатарласып алды.