3.4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар Мазмұны:
1. Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының жалпы сипаттамасы
2.Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Мақсаты: тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасымен танысу.
Бұл категориядағы балалардың басым көршілігі (ДЦП) ауырған балалар. ДЦП-аурулардың толықтай пісіп- жетілмеген, яғни әртүрлі әсер етуші зиянды факторлардың ішкі даму жағдайында және дүниеге келу әрі 1 жасқа дейінгі кезенде пайда болады.Бұл туғаннан және жүре бара пайда болған ауру және тірек қимыл аппаратқа зақым келу балаларда 5-7% кездеседі.Сонда тірек –кимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты туғаннан және жүре бара пайда болады.Тірек-кимыл аппараты бұзылыстарының түрлері:
жүйке жүйесінің ауруы: ДЦП (детский церебральный паралич) полиомелит.
жүре– бара пайда болған және тірек-кимыл аппаратының зақымдануы: жүлын, мойын, бас, бойы, қол-аяқ, травмалық соққы полиартрит,қаңқа ауруы (туберкулез сүйек ісігі, остеомиелит) қаңқа ауруының жүйелілігі (хондродистрофия, рахит).
ДЦП–ның болу себебі негізінен қолайсыз факторлар әсерінен болады:
1. Преднаталдық (ішкі даму жағдайында);
2.Наталдық (дүниеге келу сәтінде);
3.Постнаталдық (дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезенде).
Көп жағдайда ДЦП пайда болуы ішкі даму жағдайда мидың зақым алуы және дүниеге келу кезеңінде болады- 30 60-ішке даму дүниеге келу сәтінде, ал 10-туғаннан кейін болуы мүмкін. Ішкі даму жағдайында жұқпалы ауру анасының эндокриндық және жүрек ауруы жүкті болу кезеңіндегі токсикоз, денелік травма, жарақат алу, психикалық травма, жағымсыз эмоция, резус – фактор бойынша сәйкессіздік, антибиотикалық дәрі-препараттар.
Туғаннан кейінгі– нейроинфекция (менингит,энцифалит), бастың ауыр жарақат ауруы.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда негізгі кемістік –қозғалыс кемшілігі (дамымау,бұзылу немесе қозғалыс қызмет жоғалуы). Мұндай балаларда қимыл-қозғалыс бұзылушылығы олардың психикалық және сойлеу тілінің бұзылуымен қабат келеді, сондықтан да көпшілігі тек қана емдеу және әлеуметтік көмек қажет етумен бірге, олар психологиялық, педагогикалық және логопедиялық түзетуді қажет етеді.Тірек-кимылы бұзылған кейбір балалардың танымдық қызметтері бұзылыссыз келеді,олар арнайы оқыту-тәрбиелеуді қажет етпейді.Бірақта барлық балалар өмір жағдайын қажет етеді, яғни оқыту және біртіндеп еңбек әрекетін қамту
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының пайда болу себептерін атаңыз.
2. Тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері қандай?