§ 2. Батырлық ертегі
Батырлық ертегілердің басты тақырыбы – ерлікпен ҥйлену, неше тҥрлі
қҧбыжықтармен, адам жегіш жалмауыздармен соғысу, рудың, елдің намысын
қорғау. Қаһармандық ҥйлену болашақ батырдың ҿзіне қалыңдық іздеп, ҧзақ
жолға сапар шегумен байланысты болып келеді. Бҧның арғы тҥп негізінде ҿз
руластарының ішінен қыз алуға тыйым салатын экзогамия заңы жатыр. Оның
ҥстіне кҿне заманғы эндогамия заңы бойынша болашақ батыр тек тиісті ғана
рудан қыз алуға міндетті. Міне, осы қызды іздеп, ол алысқа аттанады. Ҧзақ
сапарда ҧшырасып оның жеңетін неше тҥрлі мақҧлықтары, сҿз жоқ, ерте
кездегі адамдардың табиғат кҥштері туралы тҥсінік-пайымдарын кҿрсетеді.
Қиял-ғажайып ертегіге қарағанда мҧнда қаһарман тек қҧбыжық
жалмауыздармен ғана қақтығысып қоймайды, ол тарихи жаулармен де
соғысады, соның бҽрінде ол жалғыз ҿзі жҥреді.
Батырлық ертегі – ҿзінің стадиялық тегі жағынан қиял-ғажайып ертегі
мен қаһармандық эпос аралығындағы жанр, ол осы екеуінің де жанрлық
317
белгілерін бойына сіңірген. Тҥптеп келгенде, батырлық ертегінің бір бастауы
кҿне миф пен хикая, ал, екінші кҿзі – қиял-ғажайып ертегі. Соған қарамастан,
ол ҿз бетінше, ҿз жолымен қалыптасып, дамыған. Батырлық ертегіде жеке
адамның рулық ҧжымнан дараланып шыға бастағаны жҽне ол ҿзін жеке адам
ретінде сезіне бастағаны кҿрініс тапқан. Табиғатқа толық тҽуелді «ҽйтеуір,
бір адамнан» басқа, керемет кҥш пен қасиеттердің иесі – алып батыр тҧлғасы
пайда болады. Ол – алып батыр ғана емес, небір сиқыр сырларды білетін
ерекше адам, сол себепті ол ҿзінің іс-ҽрекеттерінде керемет кҿмекшілерге
емес, қара басының қасиетіне, білегінің кҥшіне сенеді. Егер қиял-ғажайып
ертегіде керемет кҿмекшілер дҽріптелсе, мҧнда елден асқан батыр
мадақталады, оның кҥші мен қимылы, ерлігі ҽсірелене баяндалады.
Батырлық ертегілердің тақырыптық диапазоны соншалықты кең емес.
Мҧнда екі сала тҥрлі топ бар. Бірі – болашақ батырдың некелік сынақтан
ҿтуі: қыздың немесе ҽкесінің қиын-қиын тапсырмаларын орындау,
балуандық пен мергендік сыннан сҥрінбей ҿту, жаяу жарыста жеңіп шығу,
т.т. Екіншісі – ҽртҥрлі ғажайып мақҧлықтармен жҽне жау елдің қолымен
соғысу. Осы екі тақырыптық цикл кейін қаһармандық эпосқа кҿшеді, бірақ
онда кейіпкердің бала кездегі ерлігі жеке тақырып болып қалыптасады.
Батырлық ертегілердегі сюжеттің ҿрілуі осы екі тақырыптық циклге
сҽйкес. Яғни бҧл жанрдағы шығармалар екі ҥлкен бҿлімнен тҧрады деуге
болады. Бірінші бҿлім – некелік сынақ (немесе ерлікпен ҥйлену) – қиял-
ғажайып ертегіде бар, демек, сол жанрда қалыптасқан. Олай болса, бірінші
тақырып стадиялық жағынан екінші тақырыптан бҧрын шыққан.
Ал, екінші тақырып туған елдің намысын қорғау актуальді болып
тҧрғанда пайда болған, яғни қаһармандық эпостың аз-ақ алдында немесе
сонымен бірге қалыптасқан. Сол себепті бҧл тақырып екі жанрға бірдей
ортақ. Батырлық жыр барлық жанрдан басым тҥскенде бҧрынғы ертегідегі
аңшы-мерген енді батырға айналады.
Батырлық ертегінің стилі де ҿзіндік белгілерімен сипатталады. Мҧнда
асықпай баяндау басым, біраз эпикалық тыныс бар. Батырдың жаумен
айқасы шабытты тҥрде баяндалады. Осы қасиеттері мен тақырыбы (ерлік пен
ҥйлену, жаумен соғысу, мақҧлықтармен шайқасу) батырлық ертегіні
қаһармандық эпосқа барынша жақындатады. Қаһармандық эпостағы
батырдың образы, оның мінезіндегі ерлік пен қайсарлық, сҿз жоқ, батырлық
ертегінің негізінде дамиды. Халық прозасының бҧл жанры батырлық
жырдың, яғни эпос жанрының аса маңызды қайнар кҿзі, кҿп бҧлағының бірі.
Алайда, қаһармандық эпоспен салыстырғанда батырлық ертегіде
оқиғалардың баяндалуы кең қҧлашты эпикалық тҥрде емес жҽне ерлік
істердің пафосы батырлық жырдағыдай ҧжымдық, бҧқаралық сипатта
болмайды. Мҧнда ел тағдыры, халық ҿмірі қаһармандық эпостағы деңгейде
ҽңгімеленбейді.
Қазақтың батырлық ертегілері шығу тегі мен сюжетінің сипатына қарай
ҥлкен екі топқа бҿлінеді. Бірінші топта – кҿне батырлық ертегілер де, екінші
топта кейінгі дҽуірде, XVІІІ-XIX ғасырларда жырдан туған ертегілер.
Архаикалық батырлық ертегінің сюжеті кейіпкердің бҥкіл ҿмірбаянын
318
қамтиды: а) пролог, яғни кейіпкердің туу тарихы; ҽ) кейіпкердің ҥйлену
тарихы (некелік сынақтан ҿту); б) кейіпкердің ҥйленгеннен кейінгі ҿмірі
(жаумен соғысы, оны жеңуі, қартаюы, т. т.).
Екінші топтағы ертегілердің сюжеті мҧндай кең емес, яғни ғҧмырлық
тҧтастану тҥгел болмайды. Бҧл ертегілердің негізгі тақырыбы – рулар мен
тайпалар, қалмақтар мен қазақтар арасындағы ҧрыс, жанжал, бір ру
батырының екіншіден кек алуы. Кейде ертегі сюжеті кейіпкердің ҧрпағы
туралы эпилогты да қамтиды. Екінші топты қҧрайтын ертегілердің дені –
батырлық жырдың прозалық тҥрі. Бірақ кейбірі батырлық жырдың мазмҧнын
тҥгел қайталамайды, олар басқа, қосымша оқиғалармен қаһармандық
эпостың сюжетін толықтыра тҥседі. Ал, енді біреулері қиял-ғажайыптан
батырлық ертегіге, ҽйтпесе, батырлық ертегіден эпосқа айналып ҥлгермеген
шығармалар. Мҧнда кейіпкер тек қҧбыжықтармен ғана кездеседі, я болмаса
дҧшпан елдің батырымен шайқасады.
Енді мысал ҥшін «Керқҧла атты Кендебай» ертегісін сипаттап
кҿрсетелік. Бҧл – қазақ батырлық ертегілердің ішіндегі ең кҿнелерінің бірі.
Бҧл ертегінің сюжеті – кейіпкердің ҿмірбаяны да, тақырыбы – ерлікпен
ҥйлену жҽне жаудан кек алу. Демек, бҧл нағыз классикалық тҥрдегі кҿне
ертегі. Осы ойымызды ертегінің мына белгілері толық дҽлелдейді.
Біріншіден, кҿне батырлық ертегіге тҽн қаһарманның тууы мен ғажайып
ҿсуі: «Кендебай ай сайын емес, кҥн сайын ҿсіпті; алты кҥнде кҥліпті, алпыс
кҥнде жҥріпті; алты жылда алып жігіт болыпты», – дейді ертегі.
Екіншіден, бала кезінен ҿте кҥшті, асқан мерген болып, керемет ерлік
кҿрсетеді: «алысқанын алып ҧра беріпті, кҥрескенін жыға беріпті, шыңырау
қҧдыққа қҧлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті, кҿкжалды
қҧйрығынан ҧстап алып, бҧлғап-бҧлғап лақтырып кеп жіберіпті».
Ҥшіншіден, батырға лайық керемет аттың туып, ҿте жылдам ҿсуі. Ол
адамша сҿйлей біледі, алдағыны болжап, ҿткенді біліп отырады. Желден де,
қҧстан да жылдам, ақылды да айлалы ат – кейіпкер-батырдың жан серігі.
Тҿртіншіден, батыр ел намысын қорғаушы. Ол тыныш жатқан елді
шауып кеткен ханның еліне барып, оның қиын тапсырмаларын орындап,
тҧтқынға тҥскен халқын, малын алып қайтады.
Бесіншіден, ол кҽдімгі батырға лайық ерлікпен ҥйленеді, яғни ертегіге
тҽн «қаһармандық ҥйлену» салтын орындайды.
Алтыншыдан, батыр жеті басты дҽумен де, алып арыстанмен де, жҽдігҿй
сиқыршы жалмауыз кемпірмен де жалғыз ҿзі шайқасады, оған бҧл жерде
ешкім жҽрдем етіп, араласпайды. Міне, бҧл батырлық ертегі жанрының ең
басты белгілері. Бҧл жанрдың тағы да басқа қасиеттері бар.
Ал, енді «Керқҧла атты Кендебайда» бір ғана сюжет баяндала ма? Жоқ.
Мҧнда сюжеттік желі бірыңғай дамымайды, бір ізбен жҥрмейді, яғни ертегіде
екі сюжет бар жҽне ол екеуі бір-бірінен шықпай, кірігіп тҧр. Бірінші, ҽрі
басты сюжет – Кендебайдың тҧтқын болған елді іздеп, жау ханнан оларды
босатып алуы. Ал, осының ішіне жеке сюжет енген: елді шапқан жау ханның
тапсырмасын орындау. Шынтуайттап келгенде, бҧл ҿте кҿне сюжет, тіпті,
осы ертегіні кҿнелендіріп тҧрған да осы. Бҧл сюжет болмаса Кендебай жау
319
елді тауып алып, шайқасқа тҥсіп, оларды ойсырата жеңіп, тҧтқындағы
халқын босатып алар еді. Ал, мҧндай сюжет желісі кейінгі дҽуір ертегілеріне
тҽн. Оның ҥстіне жаңағы қосымша (екінші) сюжеттегі эпизодтар мен
мотивтер бҧл ертегіге қиял-ғажайыптық та сипат беріп тҧр, себебі олар кҿне
хикая мен қиял-ғажайып ертегілердің компоненттері. Бҧл заңдылықты кҿне
батырлық ертегілерінің бҽрінен кҿруге болады.
Қазақ батырлық ертегілерінің екінші тобында рулар мен тайпалардың,
тарихи адамдардың аттары кездеседі, кейбір тарихи оқиғалардың эпизодтары
баяндалады. Мҧндай ертегілердің кҿпшілігі қаһармандық эпостың ҽсерімен
пайда болған немесе жырдың ҿзінен туған. Мысал ҥшін «Ҽлеуке батыр мен
оның ҧлы Орақ» атты ертегіні алуға болады.
Бҧл ертектің тақырыбы – қазақ пен қалмақтардың жауласуы, ал,
мазмҧны тҥгелімен осы екі халықтың соғысына қҧрылған. Ертектің сюжеттік
желісі ҧзақ, бірнеше ішкі сюжеттен тҧрады, сонымен бірге сюжет бірнеше
стадиялық қатпарды қамтиды. Сюжеттің схемасы мынадай:
I. Пролог:
1. Ҽлеукенің тоғыз баласы қалмақтармен соғыста қаза табады.
2. Баласыз қалған Ҽлеуке ҽулие-ҽнбиелерді аралап, Тҽңірден бала
сҧрайды. Тҥсінде оған Баба Тҥкті Шашты Ҽзіз ҽйелің бір ҧл, бір қыз табады
деп аян береді.
3. Дҥниеге Орақ пен Қарлығаш келеді.
II. Негізгі оқиға.
1. Ҽлеукенің Ҽліби деген досы жаудан кек алуға аттанады.
2. Жеті жасар Орақ бірге шығады.
3. Ол қалмақ қолымен жалғыз соғысады.
4. Орақ алданып, тҧтқынға тҥседі:
а) қалмақтар оны зынданға салып тастайды, содан кейін аралға апарып
тастамақ болады;
ҽ) Орақ қайықтағы қарауылды суға лақтырып, аралға шығады;
б) елсіз аралда ҿлермен болған Ораққа Баба Тҥкті Шашты Ҽзіз Қарақҧс
бейнесінде келіп, оны еліне апарып салады.
5. Орақтың елін Қодар қҧл билеп алған. Орақ Қодарды ҿлтіріп, елін
жауыздан қҧтқарады.
6. Қалың қолмен қалмаққа барып, жалғыз ҿзі бҽрін қырады, тоғыз
ағасын ҿлтірген қалмақ батыры Кҿбіктіні жекпе-жекте жеңеді, онымен
достасады.
ІІІ. Аяқталуы.
Жауды жеңіп келген Ораққа ҽкесі тағын береді.
Міне, бҧл ертектің сюжеттік желісі жалпы батырлық ертегінің сюжеттік
қалыбынан алшақ емес, кҿне батырлық ертегі мотивтері де ҧшырасады
(перзентсіз кҽрі ата-ана, болашақ батырдың кереметпен тууы, оны елсіз
аралдан Қарақҧстың алып шығуы), қаһармандық эпостың да сарыны бар
(қалмақпен соғыс, тҧтқынға тҥсу, Баба Тҥкті Шашты Ҽзіздің кҿмегі,
ағаларының кегін қайтару).
Жалпы, бҧл ертегіде батырлық жырдың ҽсері басым жҽне айқын
320
сезіледі. Ертегінің мазмҧнына қарағанда, бҧл бір кезде жыр болған болу
керек. Демек, «Ҽлеуке батыр мен оның ҧлы Орақ» – жырдың батырлық
ертегіге айналған ҥлгісі. Олай дейтін себебіміз: біріншіден, эпосқа тҽн
шежірелік тҧтастану бар (алдымен кейіпкердің тоғыз ағасы туралы айтылып,
олар орындай алмаған істі Орақ жҥзеге асырады); екіншіден, ертегі бірден
жаугершілікпен басталады, ал, жауы – қазақтың тарихи жауы (қалмақ);
ҥшіншіден, жеті жасар Орақтың жауға аттануға дайындалуы, оған
қарындасының ат таңдауы, жас Орақтың қалың жау қолымен жалғыз
соғысуы; тҿртіншіден, Орақтың жау қолына тҥсуі; бесіншіден, батыр жоқта
қҧлы тақты тартып алып, қарындасын алмақ болуы, Орақтың келіп, оны
жазалауы; алтыншыдан, тҧтқыннан босаған Орақтың қайтадан қалмақты
шабуы. Міне, осының бҽрі – қаһармандық эпостың жанрлық сипатын
кҿрсететін белгілер.
Бҧл ертектің жырдан пайда болғанына тағы бір дҽлел – кейіпкерлердің
есімдері: Кҿбікті – «Қобыландыдағы» қалмақ ханы, ҽрі батыры; Қодар –
«Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлудағы» тоқсан қҧлдың басшысы; Қарлығаш –
Алпамыстың қарындасы. Ал, Баба Тҥкті Шашты Ҽзіз – қаһармандық
эпостағы батырлардың пірі. Ол туралы бірнеше дерек бар. Бір деректерге
қарағанда, оның шын есімі – Баба Тҥклас. Оның ҽкесі – Керемет Ҽзіз. Баба
Тҥкластың ҿзі Меккеде патша болған. Енді бір деректер бойынша, Баба Тҥкті
Шашты Ҽзіз – Ахмет Яссауидың арғы бабасы, ислам діні Орта Азияға
тараған кезде жасаған кісі, Қорқыттың замандасы (VIII-IX ғ). Тағы бір
мҽлімет бойынша, Баба Тҥкластың баласы Еділ-Жайыққа дейін келген, оның
Қҧтлу-Қия деген ҧлынан Едіге туған
1
.
Кейінгі дҽуірлерде туған батырлық ертегілердің бірі – «Таласпай
мерген». Оның қаһармандық эпоспен байланысы жоғарыда талданған
«Ҽлеуке батырдан» да тығыз. Бірақ соған қарамастан мҧнда кҿне батырлық
ертегінің элементтері кҿп.
Ертегі бірнеше сюжеттен қҧралған: 1) Қобыланды мен Қараманның
шайқасы, Қараманның опат болуы; 2) таланған елдің жҧртында кішкентай
Таласпай мен кҽрі шалдың, тайдың аман қалуы, аққулардың шалды сҥйреуі,
оларды Таласпайдың іздеуі; 3) Таласпайдың ҥш аққудың еліне келуі,
малшыны ҿлтіріп, тазша кейпіне енуі, ханның кіші қызына ҥйленуі, қайын
атасының тапсырмаларын орындауы; 4) алып Қарақҧстың жаңа туған
қҧлындарды ҧрлауы; 5) қҧлындарды іздеген жолда ҿрттен жыланды
қҧтқаруы, одан жан-жануарлардың тілін ҥйренуі; 6) Қобыландының елінен
кек алу ҥшін жорыққа шығуы, онымен достасуы; 7) ҽкесінің кегі ҥшін
Қосайдың Қобыландыны ҿлтіруі; 8) Таласпайдың Қосаймен соғысуы,
артынан достасуы; 9) Қарақыпшақ еліне кҿшіп барып, хан болуы.
Сюжеттік схемадан кҿріп отырғанымыз: 3-ші жҽне 4-ші сюжеттердің
1
Хальфин. Жизнь Чингис-хана и Тимура. Казань, 1822; Потанин Г. Н. Отрывки из киргизского сказання о
Идыге (Из записей Ч. Валиханова // Живая Старина. 1891. Вып. IV; Мелиоранский П. М. Сказание об
Едигее и Тохтамыше. Приложение к сочинениям Ч. Ч. Валиханова // Записки русского географического
общества по отделению этнографии. Спб., 1905. Т. 29; Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся
к истории Золотой Орды. М., 1941. Ч. II.
321
кҿне батырлық ертегіден екендігі. Оның ҥстіне мҧнда қиял-ғажайып
ертегілердің де белгілері кездеседі. Мысалы, алып Қарақҧспен кездесу мен
ҿрттен қашқан жыланға жҽрдем етіп, одан керемет қасиет алу сарындары,
сондай-ақ жалмауыз кемпірдің қайырымды болып кҿріну эпизоды – бҧлар
қиял-ғажайып ертегілерін даралайтын жанрлық ерекшеліктер.
Алайда, осының бҽріне қарамастан, «Таласпай мергенде» қаһармандық
эпостың компоненттері айырықша. Мысалы, ертегінің ҽ дегеннен
жаугершілікпен басталуы, батырлардың ҿз руларының атынан соғысуы, бір-
бірінен кек алуы, жеңілген батырдың достықты ҧсынуы, т.т. Ал,
батырлардың жекпе-жегі кҽдімгі эпостағыдай суреттеледі: олар алдымен
атысады, содан соң шабысады. Одан ештеңе шықпаған соң, найзамен
соғысады, бҧл жолы да бірін-бірі жеңе алмайды. Ең ақыры, аттан тҥсіп, жаяу
кҥреседі. Жеті кҥн, жеті тҥн алысқаннан кейін ғана біреуі жеңеді.
Ертегідегі кейіпкерлер тҥгелімен дерлік – қаһармандық эпостың
батырлары: Қобыланды, Қараман, Ер Кҿкше, Ер Қосай. Бҧлардың тарихта
болғандары да мҽлім. Демек, «Таласпай мерген» ертегісінде тарихи
элементтер бар. Мҧнда баяндалатын батырлар қақтығысынан, ҽскери жорық
пен ҧрыстардан XIV-XVI ғасырлардағы феодалдық дҥрбелең мен шет
жауларға қарсы соғыстың тынысы сезіледі. Қаһармандық эпос ширатқан
сюжеттік линияны дамыта отырып, ертегі эпикалық батырлардың тарихын
тҽмамдап шыққан, яғни ғҧмырнамалық жҽне шежірелік тҧтастануды толық
сақтаған: батырдың ҿмірін тҥгел қамтыған жҽне ҽке кегін бала, аға кегін іні
қайтарған.
Рулар қақтығысы мен кек қайтару тақырыбы «Ер Кҿкше мен оның ҧлы
Ер Қосай» ертегісінде барынша толық дамыған. Қақтығысқа мҧнда да
эпикалық қаһармандар қатынасады. «Таласпай мергендегідей» бҧл ертегі де
Ер Қосайдың қарақыпшақ Қобыландыны жеңуімен аяқталады. Ҽйелін
қҧтқару ҥшін Ер Қосайдың жапалаққа айналатын жері болмаса, мҧнда
фантастикалық элемент шамалы ғана, ал, кҿптеген ҧрыстар мен жекпе-
жектер, ру аралық тартыстар бірінші орынға қойылады. Жалпы, эпикалық
қаһармандар бейнеленетін ертегілердің ҿте кҿне батырлық ертегілерден
айырмашылығы сол – мҧнда ру аралық тартыстар тақырыбы ерекше орын
алады. Бҧл кездейсоқ емес. Ҿйткені, мҧндай тартыстар патриархалды-рулық
қатынастардың ыдырау процесі кҥшейіп, феодалдық қоғамға кҿшу
жағдайында жиі болып тҧрған.
Батырлық ертегілер қиял-ғажайып ертегілердің кҿркемдік жҥйесінің
кҿптеген қасиеттерін ҿзіне қабылдаған, бірақ сҿйте тҧра, қаһармандық
эпостың да бейнелеу қҧралдарын бойына сіңірген. Бҧл жанрдың халық
прозасының басқа жанрларынан айырмашылығының бірі – кейіпкердің
белсенділігі мен кҥштілігі. Аса кҥшті, ҽрі тапқыр болғандықтан ол сиқырлы
кҥштердің кҿмегіне сирек сҥйенеді. Батырлық ертегінің қаһарманы –
эпикалық қаһарман, оның ерлік істері қиял-ғажайып ертегілеріндегідей
сиқырлы кҿмекшілерсіз-ақ жасалып жатады.
Батырлық ертегілердегі қаһарманның айнымас серігі мен кҿмекшісі – ат.
Кҿшпелі-бақташылық
тҧрмыс
жағдайындағы
тҥрік
пен
моңғол
322
халықтарының батырлық ертегілерінде адал кҿмекші ретінде атқа айрықша
орын беріледі. Ҧшып бара жатқан қҧстарды тісімен қағып тҥсіретін, «алты
айлық жолды алты аттайтын», желден жҥйрік жануар, тамаша тҧлпар
Керқҧла ержҥрек иесі Кендебайға қапысыз қызмет етеді. Ер Тҿстіктің
Шалқҧйрығы бҧдан асып тҥспесе, кем емес. Мҧндай ғажайып аттар адамша
сҿйлейді де.
Батырлық ертегілердің қаһармандық эпоспен байланысы олардың рухы
мен сюжеттік оқиғаларының бірлігінде ғана емес, баяндау мҽнерінде де.
Тіпті, ҽрбір батырлық ертегіде дерлік жырға жақын ҿлеңмен берілетін
эпизодтар кездеседі. Ҽдетте, олар қаһарманның достарымен, не қастарымен
айтысатын диалогы болып келеді. Мҽселен, қойшы бала жҥрген алқапқа
арнайы ҧшып келген алты қаз Кендебайды былайша іздейді:
- Кендебай сал мҧнда ма?
Керқҧла аты қолда ма?
Бауда нҧры балқи ма?
Балақ жҥні шалқи ма?
Кендебай да жауапты ҿлеңмен қайтарады. Алайда, ертегілердегі ҿлеңдер
қаһармандық жырға қарағанда ҽлдеқайда қарапайым келеді, бірақ солай бола
тҧрса да, ертегіге ҿлеңнің енгізілуі оның қаһармандық эпоспен туыстығын
тағы бір дҽлелдемек.
Достарыңызбен бөлісу: |