1-ТАРАУ. ТҤРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОР
§ 1. Тҥркі қағанаты кезіндегі фольклор
Тҥркі қағанаты дҽуіріндегі жазбалардың фольклорлық сипаты сҿз
болғанда, ең алдымен, олардың жанрлық ерекшелігіне ой бҿлінуі қажет. Рас,
бҧл тҿңіректе айтылған ғылыми ой-пікірлер де аз емес. Бірақ оларды белгілі
бір жҥйеге тҥсе қойды деп айту ертелеу. Мысалы, кҿне тҥркі ескерткіштерін
зерттеген И.Стеблева Орхон жазбаларын «ақындық шабытпен жазылған
туынды» ретінде бағалап, тарихи-ерлік дастан деген пікір айтса
1
, А.Щербак
Орхон жазбаларын ҽдеби шығарма емес, қысқаша тарихи деректер деп
білген
2
. В.Жирмунский пікірі де осыған саяды.
Белгілі қазақ ғалымы Ғ.Мҧсабаев Тҥркі қағанаты дҽуірінде эпикалық
дастанның ҥлгісі болғанын айтып, оның негізгі сипаттарын саралаған. Соның
бірі ретінде мҽтіннің ҽнге қҧрылуын атап: «Мейлі ол сарын ҽлде қара ҿлең
болсын, белгілі бір ҽуенге қҧрылған. Ерте кездегі ҽн-ҿлең сҿзі, музыкасы
бҿлінбейтін дҽстҥр тҥркі халықтарында біздің заманға дейін келгені анық»
3
, –
деп жазған еді.
Тҥркі жазбаларының ҽдебиетке қатысын М.Ҽуезов, С.Сейфуллин,
Ҽ.Марғҧлан, Қ.Жҧмалиев, С.Аманжолов, Е.Ысмайылов, Ғ.Мҧсабаев,
Ҽ.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Ғ.Айдаров, Х.Сҥйіншҽлиев, М.Жолдасбеков,
Қ.Ҿмірҽлиев секілді қазақ ғалымдары да атап кҿрсеткен. Мысалы, М.Ҽуезов
Орхон жазбаларында эпосқа тҽн баяндау стилі басым десе
4
, Х.Сҥйіншҽлиев
тасқа басылған кітап ретінде бағалаған
5
. Ғ.Айдаров ҿзгеше пікір ҧсынып:
«Орхон-Енисей ескерткіштерін поэзия тҥрінде жазылды дегенді мақҧлдай
беруге болмайды. Ол дҽуірдегі фольклордың, ҽдебиеттің, ауызша поэзияның
сипаты қандай болды деген сҧрауға жауап бере алмайды. Бҧл деректер - ҿлең
ҿлшемінде туған таза поэзиялық туындылар емес, олар кҿркем сҿз негізінде
жасалған шығармалар»
6
,- десе, Қ.Ҿмірҽлиев Тҥркі қағанаты дҽуіріндегі
жазбаларды шартты тҥрде ғана сҿз ҿнерінің басы ретінде қабылдаған
7
.
Бҧл пікірлердің бірі дҧрыс, екіншісі бҧрыс деген ой айту артық. Себебі
олардың тҧжырымдары зерттеп отырған ғылыми проблема аясында
сабақталған. Атап айтар болсақ, жоғарыда аталған ғалымдардың басым
кҿпшілігі тҥркі жазбаларын ҽдебиет тарихы тҧрғысынан сҿз еткен.
Сондықтан
олардың
ғылыми
ізденістерінен
бҧл
ескерткіштердің
фольклорлық сипатына қатысты пікірлерді іздеу шарт емес.
1
Стеблева И. Поэзия тюрков VI-VIII вв. н.э. М., 1965. С.61.
2
Щербак А. Соотношение аллитерации и рифмы в тюркском стихосложении // Народы Азии и Африки.
1961, №2. С.145.
3
Мҧсабаев Ғ. Кҥлтегін // Жҧлдыз (журнал). 1963. №3. 144-б.
4
Ҽуезов М. Уақыт жҽне ҽдебиет. Алматы, 1962. 243-б.
5
Сҥйіншҽлиев Х. Қазақ ҽдебиетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы, 1967. 24-б.
6
Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. Алматы, 1990. 29-б.
7
Ҿмірҽлиев Қ. VIII-ХII ғасырлардағы кҿне тҥркі ҽдеби ескерткіштері. Алматы, 1984. 20-б.
273
Зерттеушілерді
«Кҥлтегін»
жазбасының
сюжеттік
желісі
де
қызықтырған. Л.Гумилев ҥлкен жазбаның екі тҥрлі оқиғаны баяндайтынын
анықтап, бірі – 550-718 жылдар арасындағы тҥркі тайпаларының тарихы,
екіншісі – Кҥлтегін эпитафиясы деп кҿрсеткен
1
болса, И.Кормушин ҥлкен
жазуды алты сюжеттік желіге жіктеп, оларды "хикаялау циклы" деп атаған
2
.
Орхон жазбаларына қатысты зерттеулердің қамтыған ғылыми
мҽселелері де ҽрқилы: бірі - жазбаның текстологиялық ерекшеліктеріне,
екіншісі - тастағы жазудың орналасу тҽртібі мен мазмҧнына, ҥшіншісі
жанрлық табиғатына қатысты болып отырады. Осы реттен келгенде, «Орхон
ескерткіштері VI-VIII ғасырлардағы тҥркі тайпаларының тарихынан,
мҽдениетінен, ҽдебиетінен, ҽдет-ғҧрпы мен кҥн кҿру тҧрмысынан, дҽстҥр,
салт-санасынан толып жатқан қҧнды деректер беретін тарихи ҽңгімелер
болып есептеледі»
3
, – деген пікірдің ҽлі де анықтай тҥсетін тҧстары жоқ емес.
емес. Бҧл жазбаларды поэзия кҿрінісі емес деген Ғ.Айдаров та олардың
ҽдебиетке қатысын жоққа шығармайды.
Орхон жазбалары – тҥркі тайпаларының этникалық ҥрдісіне негізделген
эпикалық туындылар. Олардың сюжеттік желісі мен қҧрылымы ҿзара жақын.
Мысалы, «Кҥлтегін» жазбасының баяндайтын оқиғалары мынаған саяды:
1. Бумын, Істемі қағандар кезіндегі Білге, Алып қағандардың елдік, ерлік
істері. Мҧндағы Бумын (551-552) – Тҥрік қағанатын қҧрушы да, ал Істемі
(553-576) Батыс Тҥрік қағанатының тҧңғыш билеушісі болатын. Жазбада осы
тарихи-этникалық ҥрдістің елесі жатыр. Бҧл қағандар ҿмірден ҿткен соң,
олардың ҧрпақтары жалтақ болып, ымырасыздыққа салынып, елдігін жойып,
табғаштарға тҽуелді болған.
2. Қырылуға, жойылуға қараған тҥріктердің елдігін қалпына келтіру
жолындағы Елтеріс қағанның жорықтары. Ол жиырма рет соғысып, тізеліні
бҥктіріп, бастыны еңкейтіп, ақыры, ҿзі де дҥниеден ҿткен.
3. Білге қағанның (Могилянның) тағы да ыдырай бастаған тҥркі
тайпаларының тҧтастығын қалпына келтіруі. Ол Шығыс Тҥрік қағанатын
680-734 жылдары билеген. Інісі Кҥлтегін екеуі қытай, татабы, табғаш,
оғыздарға қарсы он екі жорық жасап, жалаңашты- тонды, кедейді - бай, азды
кҿп еткен.
4. Кҥлтегіннің қайтыс болуы, оның ерліктерін баяндауға арналған мҽтін.
Он жасында Кҥлтегін батыр атанса, он алтыда алты чуб, соғда, табғаш, оң
тҧтық тайпаларын талқандап, елін, жерін молайтады. Жиырма алты жасында
- қырғыз, тҥргеш, аз тҧтық, отызында – қарлҧқ, отыз бірінде – аз, ізгіл, тоғыз
оғыз, едіз, оғыз тайпаларымен соғысып, жеңіске жеткен. Жазбада
Кҥлтегіннің ҿлген мерзімі де кҿрсетілген. Ол - 731 жылдың жиырма жетінші
ақпаны.
«Білге қаған» (Могилян) ескерткішінің қҧрылымы да осыған жуық. Бҧл
1
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967. С.335.
2
Кормушин И.В. Текстологические исследования по древнетюркским руническим памятникам //
Тюркологический сборник – 1977. М., 1981. С.139-149.
3
Айдаров Ғ. Аталған еңбек. 29-б.
274
жазбалардан бір-бірін қайталайтын, мағыналас жолдар жиі кездесіп отырады.
Мҧны ең алғаш байқаған П.М.Мелиоранский болатын.
Жазбада он тоғыз жыл шад, осыншама уақыт қаған болған Могилянның
жорықтары баяндалады. Ол он жеті жасында таңғҧт, алты чуб, соғда,
жиырмасында - басмыл, идықҧт, жиырма екісінде – табғаш, жиырма
алтысында – чік, жиырма жетісінде – қырық азбен соғысып, тҥргеш халқын
ҧйқыда басқан. Отызында – Бесбалық, отыз бірінде – қарлҧқ, отыз екісінде –
басмыл, қарлҧқ, т.б. тайпалармен соғысқан. Отыз ҥш жасында хан болып,
мемлекет қҧрған, заң қабылдаған. Отыз тҿртінде – оғыз, табғаш, отыз
сегізінде – қытан, отыз тоғызында татабы тайпаларына қарсы соғысқан.
Тҥрік елінің тҽуелсіздігін нығайтқан Білге қаған ит жылы (734) оныншы
айдың жиырма алтысына ҿліп (ҧшып), доңыз жылы (735) бесінші айдың
жиырма жетісіне жерленген.
«Тоныкҿк» жазбасы болса, Елтеріс (Қҧтлығ), Қапаған (Мочжо), Білге
(Могилян) қағандарға кеңесші болған ел ақылшысы, қолбасшы Тоныкҿкке
арналған. Ол тҥріктер тҽуелді болған кезде табғаш елінде ҿскен. Жазбада
тҥрік халқының жойыла жаздап, ағаш-тас арасында жиналып, жеті жҥзге
жеткені баяндалады. «Ҧлығы шад еді, ілескен мен – Білге Тоныкҿк», - дейді
жазба. Оның сюжеті ҿзге Орхон жазбаларымен ҧқсас, мазмҧндас.
Бҧл ескерткіштерде сол дҽуірге қатысты кҿптеген ономастикалық
атаулар сақталған болса, олар бірде тҥркі тайпаларының қонысы мен
географиясы, бірде этникалық қҧрамы, бірде кісі аттары мен ҽлеуметтік
титулдарға қатысты болып отырады. Мысалы, «Кҥлтегін», «Білге қаған»,
«Тоныкҿк», «Қҧтлығ қаған» жазбаларынан мынадай ҽлеуметтік атауларды
кездестіруге болады: шад, апабек, тархан, бҧйрық бек, қаған, бек, жабыға,
тегін, кҥң, қҧл.
Тҥркі қағанаты дҽуіріндегі этнонимдік атаулар саны да атап
айтарлықтай. Тоғыз-оғыз, табғаш, тҥрік, тат, он оқ, авар, ҥрім, қырғыз, тибет,
қҧрықан, татар, қытай, тҿліс, аз, оғыз, соғда, алты чуб, тҥргеш, кеңгерес,
қарлҧқ, ізгіл, едіз, тоңра, татабы – бҽрі де Тҥркі қағанатына енген тайпа
атаулары. Орхон жазбаларындағы оқиғалар осы тайпалар арасындағы
этникалық тарихты, қағанат қҧру жолындағы тартыстарды баяндайды. Оның
негізінде қағанаттың қҧрылуымен бірге батыс жҽне шығыс қанатқа жіктелу
процесі де жатқаны анық.
Жазбалардағы ең кҿп ҽрі жиі кездесетін атаулар – топонимдер. Олардың
Орхон ескерткіштеріндегі ҧзын саны мынау: Ҿтҥкен, Шаңтҧң, Тоғыз Ерсен,
Тибет, Інжу, Байырқу, Шҧғай, Тҥн жазығы, Темір қақпа, Кері Темір, Бҿклі,
Жасыл ҿзен, Кҿгмен, Кері Кену, Терістік, Тҥстік, Шығыс, Тҥргі Иарғын,
Сҧңа, Болшы, Қадырхан, Табар, Тамағ, Қара кҿл, Тоғу, Қҧшлағақ, Чуш,
Егзент, Қадаз, Мағы, Бҧхар, Бершекер, Тоғла, Кҿк Ҿңҥг, Ану суы, Алтын
қойнауы, Жарыс, Ертіс ҿзені, Мҽңгікҿк тауы.
Жалпы, бҧл жазбалардағы этникалық ҥрдістен хабар беретін
ономастикалық атаулар арнайы зерттеуді қажет етеді. Олардың бір ғана
«Кҥлтегін» жазбасындағы кҿрінісі мынадай: ҽлеуметтік титулдар – он,
этнонимдер – жиырма тҿрт, топонимдік атаулар – отыз тоғыз.
275
Ҽрине, мҧны тҥркі жазба ескерткіштеріндегі ономастикалық атаулардың
толық, тҥпкілікті, тҧрақты сандық кҿрсеткіші деп тҥсінуге болмайтыны
белгілі. Ондағы жер-су атаулары бір жҥйеге тҥсе қоймаған. Қайсыбірі нақты
елді мекен атауларын қамтыса, енді бір парасы тҥстік, шығыс, терістік, кҥн
ортасы, кҥн батыс, тҥн ортасы деген ҧғымдар тҥрінде кездесіп отырады.
Мысалы:
Ілгері - кҥн шығыста
Оң жақта – кҥн ортада
Кейін – кҥн батыста,
Сол жақта – тҥн ортасында.
Ілгерҥ – кҥн тоғсыққа
Біргерҥ – кҥн ортусыңару
Қурығару – кҥн батсықыңа
Иырғару – тҥн ортусыңару
1
,-
деген жолдардан тҥркі тайпаларының географиялық таным-тҥсініктерін
аңғаруға болады.
Оңымда – шад, апа бектер,
Солымда – тархан, бҧйрық бектер.
Берійе – шад-апыт беглер,
Иырайа – тарқат буйрук беглер, -
деген жолдар тҥркілердің ел басқару, билік жҥргізу, ҽскери жорықтар
кезіндегі жасақты орналастыру тҽртібіне қатысты.
Бҥгінде Орхон жазбаларының тарихи жылнамадан гҿрі эпостық
туындыға жақындығын шетел ғалымдары да басымдау сҿз етіп келеді.
Мысалы, А.Бомбачи қағанаттың шығыс қанатында миф, аңыз, тасқа
таңбаланған қаралы сҿздермен қатар «Кҥлтегін», «Тоныкҿк» секілді эпосқа
жуық жазбалардың болғанын тілге тиек етіп, оларда тарихи хикая, саяси
риторика, эпизм стильдерінің аралас жҥргенін айтады
2
. Байқап отырсақ, бҧл
бҧл жазбаларда:
Елдігін ҽлсіреттік,
Қағандығын қансыраттық.
Тізеліні бҥктірдік,
Бастыны еңкейттік.
Еллігіг елсіретдіміз,
Қағанлығығ қансыратдымыз.
Тізлігіп секҥртіміз,
Башлығығ йҥкҥнтҥртіміз.
Болмаса:
Бек ҧлдарың қҧл болды,
Пҽк қыздарың кҥң болды.
Бегіліг уры оғлың қул болты,
Сілік қыз оғлың кҥң бопты,-
деген жолдар жиі қайталанып отырады. Ҿзара салыстыруға қҧрылған мҧндай
синонимдік ҧғымдарды А.Бомбачи поэзиялық-ырғақтық жҥйе іздеудің
кҿрінісі ретінде бағаласа, оны эпикалық дҽстҥрге тҽн поэтикалық формула
ҥлгісі деп қарауға да толық негіз бар. Себебі Орхон жазбаларында ҧйқасқа
1
Қазақ ҽдебиетінің ежелгі дҽуірі. Алматы, 1992.
2
Бомбачи А. Тюркские литературы // Зарубежная тюркология. М., 1986. С.193.
276
қҧрылған, қайталанып отыратын ҿзге де жолдар аз емес:
Аштықта тоқтықты тҥсінбейсің,
Бір тойсаң, аштықты тҥсінбейсің.
Ачсық, тосық ҿмез сен,
Бір тодсар, ачсық ҿмез сен.
Достарыңызбен бөлісу: |