1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


§ 3. Алтын Орда тҧсындағы фольклор



бет49/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

§ 3. Алтын Орда тҧсындағы фольклор 

Алтын Орда дҽуіріндегі ҽдебиетте оның алдындағы ХІ-ХІІ ғасырлардағы 


тҥркі ҽдебиетіндегі кҿркемдік ерекшелік пен мҧсылмандық негіз жалғасын
тапты. Атап айтқанда, Ахмет Иассауи, Жҥсіп Баласағҧн, т.б. бҧл кезеңде де 
ықпалды болған. Соның ҿзінде Алтын Орда дҽуіріндегі жазба ҽдебиетте
мҧсылмандық мифология ерекше кең ҿріс алды. Бҧл кезеңдегі ақындарға 
1
Йҥгінеки Ахмед. Ақиқат сыйы. Алматы, 1985. 51-б. 

2
Сонда. 52-б. 


3
Сонда. 54-б. 

4
Сонда 62-б. 




302


Қҧран негіз болғаны белгілі. Байқап отырсақ, Алтын Орда дҽуіріндегі
шығармаларда адамгершілікті, имандылықты, махаббатты жырлай отырып, 
ол кезеңдегі ақындар мҧсылмандық діннің насихатына да белгілі дҽрежеде
ықпал еткен.
ХІІІ ғасырдың бас кезінде «Жҥсіп-Зылиха» поэмасын тҥркі тілінде
жырлаған Қҧл Ҽли бҧл шығармасында Қҧранды атап ҿткен
1
. Дегенмен ол бҧл 

туындыны жазғанда Қҧран тҽпсірі ғана емес, сондай-ақ, Фирдоусидің


поэмасын жҽне басқа да парсылық шығармалармен таныс болған
2
. Бірақ ол 

тек аудармашы емес, белгілі сюжетке ҿзіндік жаңалық қосқан. Қҧранды ҿзі


атап ҿтсе де, оның 12-сҥресінде баяндалған Жҥсіп оқиғасымен аз-кем ҿзгеріс 
бар. Мҽселен, Қҧранда Жҥсіпті ағалары қҧдыққа тастап, оны су іздеген бір
адам тауып алып, Мысырға кетіп бара жатқан адамға сатады. Ал, Ҽлиде 
Жҥсіпті ағалары қҧл ретінде сатады, жолда кетіп бара жатқанында ол аяғы
бҧғаулы кҥйінде анасының моласына қашып келіп, мҧңын шағады, жылайды. 
Бҧл соңғы сарын да Қҧранда жоқ.
Дҥрбектің «Жҥсіп-Зылиха» поэмасынан
3

тҥркі халықтарындағы 


қаһармандық эпос пен батырлық ертегінің ҽсері байқалса


4
, Қҧл Ҽли ҥшін 

Жҥсіптің кҥш-қайрат кҿрсетуі басты ерекшелік болмаған. Қҧл Ҽли ҥшін


Жҥсіптің Қҧдайға деген сенімінің кҥштілігі маңызды. Ҽке мен бала сарыны 
да Қҧл Ҽли шығармасында маңызды, сондықтан Жҥсіп Зылиханың дегеніне
еріп кетпеуі ҥшін Жебірейіл оның ҽкесінің бейнесіне еніп, тоқтатқан. 
Жҥсіпті ҿлді деп келген ағалары куҽлікке қанды кҿйлекті кҿрсетеді, бҧл
«Қорқыт Ата кітабындағы» Бамсы Бҽрікке арналған жырда Бамсыны ҿлді деп 
келген Ялташық та осындай амал жасайды. Бҧл – фольклорлық
шығармаларға тҽн жалған ҿлім сарыны.
Бамсы Бҽріктің ҽкесі соқыр болып қалғанда ҧлының қаны жҧққан
орамалымен кҿзін сҥрткен кезде жанары ашылған. Бҧл шығармада да солай. 
Сҥйікті баласының ҿліміне қайғырған Жақыптың кҿзі кҿрмей қалғанда да
Жҥсіптің жейдесі ем болған. Нақтырақ айтқанда, қан-фетиш ретінде 
қолданылған, бҧл да ежелгі дҽуірдегі фольклордың бір қызметі – наныммен
байланысын танытады. 
Қҧл Ҽли Жақыптың ҿлімін айтқанда оның жаны қҧсқа айналып, ҧшып
кетуімен байланысты жеткізуі де ежелгі тҥркі халықтарына ортақ наным 
бойынша орын алған. Яғни адам тҽні ҿлсе де, жаны ҿлмейді деген тҥсініктің
орта ғасырларда да кҥшінде болғанын айғақтайды. 
Жҥсіптің қҧл болып сатылуы – оны ҽлеуметтік тҿмен таптың ҿкілі
ретінде танытады – осыдан бастап оның тҥрлі қиындық кҿруі, ақырында,
ҽділ патша дҽрежесіне дейін кҿтерілуі, оған қол тигізген, залымдық жасаған
1
Қараңыз: Хисамов Н.Ш. Поэма «Кысса-и Йусуф» Кул' Али. М., 1979. С. 31. 

2
Қараңыз: Хисамов Н.Ш. Поэма «Кысса-и Йусуф» Кул' Али. М., 1979. С. 32. 


3
Дҥрбек ақынды Е.Э.Бертельс ҿзбек ақыны деп жазған (Бертельс Е.Э. Узбекский поэт Дурбек и его поэма о 

Иосифе Прекрасном. Ташкент, 1944). Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды жазған қазақ


ғалымдары бір шешімге ҽлі келмеген. Н.Келімбетов «Жҥсіп-Зылиха» поэмасын Дҥрбекті, ал, 
А.Қыраубайқызы Ҽлиді айтып, таныстырған (Қараңыз: Келімбетов Н. Ежелгі ҽдебиет дҽуірі. Алматы, 1986,
163-б.; Қыраубайқызы А. Ежелгі ҽдебиет. Астана, 2001. 141-б.). 
4
Бертельс Е.Э. Узбекский поэт Дурбек и его поэма о Иосифе Прекрасном. Ташкент, 1944. С. 170. 


303


адамдардың Жҥсіптің алдына жҥгінуі фольклор эстетикасымен ҥндес. Бҧл,
тіпті, Жҥсіпке байланысты шығармалардың бҽрінде бар, ал бҧл оның
сюжеттік ҽрі композициялық желісінің ертегілік сипатта екенін аңғартады.
Ҽрине, мҧның бҽрінде, мҧсылмандық сенімділік басты лейтмотив екені 
даусыз.
Тҥрік ғҧламасы, шыққан тегі оғыз тайпасынан болатын Бҧрһанеддин 
Насреддин Рабғузи 1310 жылы жазған «Қисса-сҥл-ҽнбияда» пайғамбарлар
туралы айта отырып, Қҧран мен Тҽураттағы мифологияға арқа сҥйеген. 
Дегенмен жекелеген жағдайлардан ҿзгешелік табуға болады. Мҽселен, топан
суға байланысты Жебірейілдің кҿмегі арқылы Нҧһ пайғамбар жасаған кеме 
ҥш қабатты деп айтылады. Інжілде де мҧндай ерекшелік айтылған, Рабғузиде
ол кеменің сипаты: «Ҥшінші қабатына қанатты қҧстар кірді. Ортаңғы 
қабатына Нҧһ ғ.с. қауымы кіріп, астыңғы қабатқа тҿрт аяқты жануарлар
енді»

1
, – деп баяндалған. Кеменің ҥш қабатты болуы, ондағы ерекшелік, 


ҽрине, ежелгі дҽуірдегі мифтік тҥсінікке тҽн. Топан су сарыны ҽлемдік
фольклорда бар
2
. Яғни мифтің ҽр халықта ҿзінше тҥсіндірілуі орын алған, 

оны фольклортану ғылымында эсхаталогиялық мифке (ақырзаман туралы)


қосады.
Топан су сарынын пайдаланғанда Рабғузи қарлығаштың қҧйрығы неге
айыр болғанын баяндайтын этиологиялық ертегі кіріктірген. Бҧл белгілі 
ертегіде жыланның ең дҽмді ет тілейтіні туралы шарт қоюының себебі бар,
яғни Нҧһ жасаған кемені тышқандар тесіп, одан су кіреді де, пайғамбар: –
Қайсы жануар бҧл тесікті тауып, бітесе, тілеген тілегін берермін, – деген.
Жылан тесікті тауып, қҧйрығын тесікке тығып, иіріліп жатады. Сол сҽт 
судың кіруі де тоқтайды. Нҧһ ғ.с. жыланның тілегін орындау ҥшін шыбынға:
– Бар, мақҧлықтардың етінің дҽмін татып кҿр. Қайсы хайуанның еті 
дҽмді болса, сол жыланға рыздық болсын, дҧға етемін, – деді. Шыбын жер
жҥзін кезіп, кешіккен, оны тауып келу ҥшін Нҧһ ғ.с. қарлығашты жҧмсайды. 
Қарлығаш шыбынды тауып, қай мақҧлықтың еті дҽмді екенін сҧрайды.
Шыбын: – Адам етінен тҽтті ет жоқ, – дейді. Алланың азанымен қарлығаш 
есіне адамның тҥрлі қасиеті тҥсіп, айла қылып: – Ол еттің дҽмі тіліңде ҽлі
сақталған болар. Мен де татып кҿрейін, – деп, шыбынның тілін жҧлып алды. 
Сҿйтіп, шыбынмен қуысып, қарлығаш Нҧһ пайғамбарға келді. Нҧһ
шыбынның неге сҿйлей алмай қалғанын сҧрағанда қарлығаш:
– Бҧл кешігіп қалғандығы себепті ҧялып, сҿйлей алмай тҧр ғой. Ҽйтпесе,
бағана бақа етінен тҽтті, лҽззатты ет жоқ деп айтқан, – дейді. Нҧһ ғ.с. мҧнан 
соң бақа етін жыланға рыздық етіп тағайындады деп қорытынды жасалған.
Бҧл тақырыптағы фольклорлық мҽтіндерге сай мҧнда да жылан қарлығаштың 
жасаған айласын біліп, оған тҧра ҧмтылады. Сол кезде қарлығаштың
қҧйрығы ортасынан ҥзіліп тҥсіп, содан қарлығаш айыр қҧйрықты болған
3
.

«Қарлығаштың қҧйрығы неге айыр?» ертегісі фольклорлық айналымға


1
Рабғузи. «Қисса-сҥл-ҽнбийя». Астана, 2001. 34-б. 

2
Бҧл туралы «Абай дҽстҥрі жҽне қазіргі қазақ ҽдебиеті» жинағында жарияланған Р.Ҽлмҧханованың «Тҽңір 


мен Зевс жҽне топан су сарыны» атты баяндамасынан (Алматы, 2007. 133-137-б.) кеңірек танысуға болады.
3
Рабғузи. «Қисса-сҥл-ҽнбийя-й». Алматы, 2001. 37-б. 


304


тҥскен себепті басқа тҥркі халықтарында, мҽселен, қырғыз бен ноғайда бар
1
.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет