1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет118/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135
 

 

Айман-Шолпан 

 

Бҧл  жыр  біздің  фольклортану  ғылымында  ғашықтық  жырларға 



жатқызылып  келгені  мҽлім.  Дҽстҥр  бойынша  ол  «лиро-эпос»  деп  аталды. 

Ҿткен ғасырда «Қозы Кҿрпеш – Баян Сҧлу» да, «Қыз Жібек» те «лиро-эпос» 

тобында қарастырылатын еді

1

. Қазіргі ғылым соңғы екеуін «ғашықтық жыр» 



жанрына  жатқызады.  Ал,  «Айман-Шолпанды»,  жоғарыда  айтылғандай,  таза 

ғашықтық  жыр  санатына  енгізу  қиын,  ҿйткені,  мҧнда  махаббат  мҽселесі 

мҥлде  сҿз  болмайды.  Осыны  ескерген  Қ.Жҧмалиев  бҧл  жырды  «тарихи 

эпикалық поэма» деп санау керек

2

 дейді. Алайда, жырдағы оқиғаның тарихи 



емес екендігі белгілі, ал, Кҿтібар, Арыстан сияқты тарихи тҧлғалардың болуы 

– жыршылардың бҧл шығарманы шындыққа жақындату ниетінен туған болу 

керек, ҽрі ХІХ ғасырда Кіші жҥз елінде атақты болған Кҿтібар батыр жҿнінде 

бҧрынғы батырлар туралы секілді арнаулы жыр болмағандықтан жыршылар 

оны осы жырға  қосып, бейнелеуге тырысқан тҽрізді. Бҧлай деуіміздің себебі 

–  Кҿтібар  жырда  ескі  батырлардың  атрибуттарын,  яғни  ҿрмінезділігі  мен 

аңғалдығын,  батырдың  қару-жарағын,  тҧлпарын,  т.б.  қасиеттерін  бойында 

сақтап қалған. Оның образын талдауда біздің зерттеушілеріміз біржақтылық 

кҿрсетіп,  Кҿтібарды  жаңа  ҿмірдің  ҥрдісін  ҧқпай,  ескілікті  аңсаған,  тіпті, 

«азғындаған»  батыр  деп  тҥсіндіреді

3

.  Бірақ  Кҿтібар  бейнесі  ондай  емес. 



Жырда  ол  –  ҿзінің  батырлық,  адамдық  тҧлғасына  нҧқсан  келтірмеуге 

тырысатын  жҽне  ҿзіне  лайық  қҧрмет  жасауды  талап  ететін  қаһарман. 

Дҧрысын  айтқанда,  бҥкіл  жырдың  мазмҧны,  Айманның,  Ҽлібектің, 

                                                

1

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. 1-т., 1-кітап. Алматы, 1960. 



2

 Жҧмалиев Қ. Қазақ эпосы мен ҽдебиет тарихының мҽселелері. Алматы, 1958. 205-б. 

3

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. 1-т., 1-кітап, Алматы, 1960. 571-573-б. 




 

550 


Арыстанның образдары мен іс-ҽрекеттері ескі мен жаңаның кҥресі емес, жеке 

адам тағдыры мен отбасы мҽселелері екенін жҽне бҧларды жырға айналдыру 

барысында  жыршылар  байырғы  ертектің,  эпостың  дҽстҥрін  пайдаланғанын 

аңғару қиын емес. 

Жырдың  басталуын  еске  алайық.  Ол  дҽстҥрлі  прологпен  басталады: 

Таманың елден асқан Маман атты байының ҧлы жоқ. «Болыпты ҧлдан кемтар 

Маман  бейбақ»,  –  дейді  жыр.  Перзентсіз  патша,  бай  ендігі  жерде  ҽулие-

ҽнбиелерді  аралап  кетуі  керек  еді.  Бірақ  олай  емес,  Маман  бай  Шҿмекейде 

беріліп  жатқан  ҥлкен  асқа  келеді.  Бҧрынғы  ертек-жырларда  мҧндай 

жиындарда  баласы  жоқ  патшаға,  немесе  байға  тіл  тиеді  де,  ол  жиынды 

тастап,  Жаратқаннан  перзент  сҧрап,  тентіреп  кетеді,  немесе  басқа  бір 

ҽрекетке  барады.  Мысалы,  «Дудар  қыз»,  «Ҽлібек  батыр»  ертегілерінде, 

«Қорқыт  ата»,  «Ер  Сайын»  эпостарында  бҧл  дҽстҥр  қалыпты  фольклорлық 

мотив екенін кҿреміз: 

«Хан  той  қыламын  деп  жҧртқа  хабар  айтты:  «Ҧлы  жоққа  отыратҧғын 

орын  жоқ,  қызы  жоққа  қымыз  жоқ,  бҧ  тойға  келмесін!».  Ел-жҧрт  жиылды, 

бҽрі барды, сонан соң ҧлы жоқ қатын байына айтты: «Тойға барайық!» – деді. 

Бай айтты: «Бізді келме деп хан айтқан, сен болмадың, барайық», – деп. Бай 

айтты:  «Барсақ,  барайық»,  –  деді.  Бір  саба  қымыз  тҥйеге  артты,  қатын 

жетектеді,  тҥйені  бай  кҿтінен  айдады,  келді  тойға.  Бай  келді  деп  адам 

шықпады  алдынан,  қатынымен  екеуі  келіп  тҧрды  ҥйдің  сыртына.  Бай 

ашуланды,  жанындағы  пышағын  суырып  алды,  сабаны  пышақпен  тіліп 

жіберді,  қатынын  ҥйге  жеткенше  сабап  келді»

1

,  –  делінеді  «Дудар  қыз» 



ертегісінде. 

«Ҽлібек  батыр»  ертегісінде  баласы  жоқ  бай  ҽулиелерден  бала  сҧрап 

жҥріп,  бір  тойға  тап  болады.  Тойға  барса,  оған:  «Ҧлдыларға  орын  бар, 

қыздыларға қымыз бар, ҧлы, қызы жоқтардың бҧл жиында несі бар?» – дейді. 

Бай кетіп қалады

2



Ал, «Қорқыт ата» кітабында былай баяндалады: 

«Байындыр  хан  той  жасап,  аттан  айғыр,  тҥйеден  бура,  қойдан  қошқар 

сойғызды.  Бір  жерге  ақ  отау,  бір  жерде  қызыл  отау,  бір  жерде  қара  отау 

қҧрғызады: «Кімнің ҧлы, қызы жоқ, қара отауға қондырғын, астына қара киіз 

тҿсегін, қара қойдың етін тартыңдар, жесе – жесін, жемесе – тҧрып кетсін!» – 

деді. Ҧлы барды ақ отауға, қызы барды қызыл отауға қондырғын. Ҧлы, қызы 

болмағанға  Аллаһ  Тағаланың  қарғысы  тиген,  біз  де  қарғауымыз  керек,  бҽрі 

білсін», – деді»

3

. Тойға артынып-тартынып келген Дерсе хан қайтып кетеді.  



«Айман-Шолпанда»  Маман  бай  да  «тоғыз  нарға  тоғыз  саба  артып»,  он 

алтын масатыдан кілем жауып, ҥлкен асқа келеді. Бірақ оны ешкім ҧлың жоқ 

деп сҿкпейді, керісінше, Маманға лайық деп, алтынды ҥйге кіргізеді. 

Бҧл  асқа  атақты  Кҿтібар  да  «тоғыз  нарға  тоғанақтан  қант  пен  шайын 

артып»,  шалғай  жерден  келеді.  Алайда,  оған  «жадағай  киіз  ҥй»  ҧсынылады. 

Кҿтібар намыстанып, кірмейді, Маман жатқан алтын ҥйді талап етеді. Маман 

                                                

1

 Ел қазынасы – ескі сҿз. В.В.Радлов жинаған қазақ фольклорының ҥлгілері. Алматы, 1994. 64-б. 



2

 Қазақ ертегілері. 2-т. Алматы, 1962. 87-б. 

3

 Dede Korkut kitabi. Prof. Dr. Muharrem Ergin. 23 Baski. Istanbul, 2001. 21-б. 




 

551 


да кҿнбейді. Екеуі егесіп, іс насырға шабады. 

Бір қарағанда, Маман мен Кҿтібардың ерегесі – екі адамның болмашыға 

таласуы,  я  болмаса  екі  рудың  тартысы  болып  кҿрінуі  мҥмкін.  Зерттеушілер 

осылай  тҥсініп  те  келген.  Шындығында,  олай  емес.  Олардың  конфликтісі  – 

халықтың  ертеден  келе  жатқан  салтын  бҧзудың  салдары.  Ежелгі  салт 

бойынша,  ҧлы  жоқ  адам  қҧрметті  қонақ  та  бола  алмайды,  ҥйге  де 

кіргізілмейді. Ал, ҧлы жоқ Маман алтын ҥйге орналасқан. Міне, Кҿтібардың 

намысына тиген – осы. Оның малы да бар, баласы да бар. Ас беріп жатқандар  

«Баласы аса жҧрттың мейман келді, Мамеке-ау, кірген ҥйің бермейсің бе?» – 

деп,  Кҿтібардың  атақты  ҧлы  бар  екенін  айтып,  алтын  ҥйге  сол  кіруі  керек 

деген ой айтады. Бірақ Маман ҿзінің байлығын айтып, Кҿтібарды кедей деп 

қорлайды.  Маманның  бҧл  мінезі  Кҿтібарды  одан  ҽрі  ызаландырады.  Алтын 

ҥй  ҿзіне  тиесілі  екенін  айтып,  Кҿтібар  ата  салтын  бҧзған  ҽрі  ҿзін  қорлаған  

Маманды шауып, екі қызын тҧтқынға алады. 

Сҿйтіп,  «Айман-Шолпан»  жырында  тағы  бір  кҿне  сюжет  жаңаланып 

пайдаланылады.  Ол  –  жігіт  (батыр)  жоқта  оның  елін  жау  шауып,  ҽйелін 

(қалыңдығын)  тҧтқынға  алуы,  оған  зорлықпен  ҥйленуге  ҧмтылуы,  жігіттің 

(батырдың)  қуып  келіп,  ҽйелін  (қалыңдығын)  қҧтқаруы.  Бҧл  сюжет 

классикалық эпоста кең жырланады. (Ал, байырғы батырлық ертегіде қызды 

тҧтқындайтын  айдаһар  болып  келеді).  Осы  ескі  сюжет  «Айман-Шолпанда» 

кейінгі  қазақ  ҿміріне  сҽйкес  баяндалған.  Мҧнда  сыртқы  жау  жоқ.  Оның 

орнын  атағы  елге  жайылған  Кҿтібар  басқан.  Ол  сыртқы  жауларша  ҿзінің 

малын  кҿбейту  немесе  жерін кеңейту  ҥшін  шаппайды.  Маман  ауылын  жҽне 

бҥкіл  елді  дҥрліктірмейді,  жойқын  жаугершілік  жасамайды.  Оның  шауып 

алғаны  –  бір  ғана  байдың  ауылы,  тартып  алғаны  –  сол  байдың  ғана  малы, 

тҧтқындағаны – бҥкіл ел емес, Маманның ғана екі қызы. Бҧл – кҽдімгі қазақ 

елінде  жиі  болып  тҧрған  барымта  сияқты  кҿрінеді,  олай  болу  себебі 

жыршылар  шындық  болмысқа  жақындату  шартын  ҧстанған  тҽрізді.  Бірақ 

тҥптеп қарағанда, Кҿтібардың Маман ауылын шабуы  – ата салтын бҧзғанды 

тезге салып, тҽубасына келтіру жҽне ҿзінің тапталған намысын қорғау, кегін 

алу. 

Кҿтібардың  кек  қайтару  формасы  бҥгінгі  кҿзбен  қарағанда,  ҽрине,  ҿте 



қатал  ҽрі  жабайы.  Ол  Маман  байдың  ҿзіне  тимей,  екі  қызын  тҥйеге  теріс 

қарата  мінгізеді.  Оның  бҧл  қылығы  –  сол  дҽуір  ҧғымында  ең  ҥлкен  қорлау, 

қызды мазақ етудің ең ауыр жолы. Бҧдан асқан масқара жоқ, бірақ қаһарына 

мініп  алған  Кҿтібар  тек  осылай  кегін  қайтарады  жҽне  онымен  шектелмей, 

Айманды тоқал етіп алуды да ойлайды. Классикалық эпостың заңы бойынша, 

осыдан  ҽрі  қарай  тҧтқынға  тҥскен  ҽйелдің    жай-кҥйі,  оған  тҧтқындап  алған 

жаудың  жасаған  қысастығы  баяндалуы  керек.  «Айман-Шолпанда»  тҧтқынға 

тҥскен қыздардың жағдайы ешбір ҽсірелеусіз  кҿрсетіледі, олар пҽлендей бір 

зорлық кҿрмейді. Оның себебі, біріншіден, Айман қыздың ақылдылығы мен 

тапқырлығы  болса,  екіншіден,  Арыстанның  ара-тҧра  қыздарға  жҽрдем  етуі 

жҽне,  ҥшіншіден,  Кҿтібардың  кеңпейілдігі  мен  аңғалдығы.  Шынтуайтын 

айтқанда,  Кҿтібар  қайтсем  де  Айманды  аламын  деп,  бар  кҥшін  салмайды, 

керісінше,  оған  ҽлдеқандай  бір  кеңшілікпен  қарайды.  Мҽселен,  Айманның 



 

552 


айтуымен  келіп,  баласы  Есет  тойды  60  кҥнге  қалдыр  деп  тілек  білдіргенде, 

оны інісі Арыстан қолдағанда, Кҿтібар: «Айман маған жоқ екен, ей, Арыстан, 

кҥдерімді  Айман  қыздан  ҥздім»,  –  дейді.  Ол  інісі  іштартып  Айманға  да, 

Шолпанға  да  ат  бергенде,  ҥндемейді,  Айманға  сеніп,  ҿзінің  атын,  қару-

жарағын да береді. Міне, осының бҽрі  Кҿтібардың қатыгез жауыз еместігін, 

қайта хас батырға лайық ер мінезді екенін кҿрсетеді. 

«Айман-Шолпан»  жырында  негізгі  оқиғаның  ҿрбуі  Кҿтібар  мен 

Айманның  тартысы  болып  кҿрсетіледі.  Айман  бейнесінде  ежелгі  ертек  пен 

эпос  ҽйелдерінің  кейбір  қасиеттері  мен  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  ҽйелдерінде 

кҿрінген жаңа ерекшеліктер жинақталған. Айман – ақылды ҽрі кҿріпкел ҽйел. 

Ол Кенжекей мен Қҧртқа секілді алдағыны болжай біледі, бірақ олар тҽрізді 

ҥйге  ғана  ие  болып  отырған  пассив  ҽйел  емес.  Оның  кҿріпкелдігі  бірнеше 

сҽтте  кҿрінеді.  Ең  ҽуелгісі  –  Кҿтібардың  ауылды  шабатынына  кҥмҽн 

келтірмейді  де  алдын-ала  қажетті  мал-мҥлікті  басқа  жаққа  –  қауіпсіз  жерге 

тықтырады. Екіншісі – Орынборға кеткен кҥйеу жігіті Ҽлібек 60 кҥнде келіп 

жететінін  болжап,  Кҿтібардан  неке  қию  тойын  сонша  уақытқа  ҧзартуды 

сҧрап  алады.  Ҥшіншісі  –  Шойынқҧлақтың  ҽйелі  қҧсап,  кішкентай  Есет 

арқылы Кҿтібардың аты жау келерін сезе білетін жануар екенін біліп алады. 

Тҿртіншісі  –  Ҽлібектің  қалың  қолмен  келе  жатқанын  бҧрынырақ  біледі  де, 

оның алдынан шығады. Айман бейнесіндегі кҿнелік сипат мҧнымен бітпейді. 

Ол  бҧрынғы  эпостардағы  батыр  қыздарша  Кҿтібардың  қару-жарағын 

асынып,  оның  тҧлпарына  мініп,  тҥн  ішінде  Ҽлібектің  қолының  алдынан 

шығады, рас, Қарлыға сияқты шайқасқа тҥспейді. 

Айман  бейнесінде  жаңалық  та  бар.  Тҧтқынға  тҥскен  ол  «Қҧдай  салды, 

мен  кҿндім»  деп,  қарап  отырмайды,  асқан  белсенділік  танытып,  Кҿтібармен 

тайталасқа  тҥседі.  Бҧл  тартыста  ол  ҿзінің  ақылын  негізгі  қару  етіп,  барлық 

жағдайда  ҿзінің  ойын  жҥзеге  асырып  отырады.  Айман  мен  Кҿтібардың 

арасында  шиеленіскен  тартыс  жоқ.  Мҧнда  екі  типтегі  адамның  тайталасы, 

яғни  ақыл  мен  аңғалдың  ҿзара  шарпысуы  кҿрінеді.  Тҧтқынға  тҥскен  қыз 

ежелгі  эпостағыдай  қайғы-мҧңға  тҥспейді,  керісінше,  бҽрін  алдын-ала 

есептеп, бірде ақылмен, бірде айламен қарсыласын жеңіп отырады. Айман ҿз 

заманы  басқа  екенін  жақсы  тҥсінеді,  жігіті  Ҽлібектің  Орынборға  мал  айдап 

кеткенін  сҿкпейді,  тек  Кҿтібар  шапқанда  жоқ  болғанына  ҿкінеді.  Ҽлібек 

Орынборға малды сату ҥшін айдағаны анық, яғни бҧл жыр туған шақта қазақ 

жҧрты  қаламен  сауда-саттық  жасап,  ақшаның  қадірін  біле  бастаған  болу 

керек.  Алтын  ақша,  кҥміс  теңге  ел  арасында  бағалы  болған  тҽрізді.  Айман 

сіңлісі  Шолпанды  еліне  шығарып  салып  тҧрғанда  ҿзінің  тығып  кеткендерін 

санамалап  келіп,  «ақ  сандықтың  қасында  ақ  қобдида  он  бес  алтын,  қырық 

кҥміс  табақ  бар»,  –  дейді.  Бҧрынғы  ертек-жырларда  кейіпкердің  табатыны 

немесе сыйға алатыны – ат басындай алтын болатын, ал, мына жырда жалпы 

мҿлшері емес, он бес алтын, қырық кҥміс деп нақты саны айтылады. Демек, 

Айман Кҿтібар шаппастан бҧрын кҿп малмен бірге ақша да тығып ҥлгерген, 

яғни  ол  ендігі  байлық  –  тек  мал  емес,  сонымен  қатар  ақша  екенін  жақсы 

тҥсінген.  Осы  жерде  бір  қызық  деталь  бар:  алтын  мен  кҥміс  ақ  сандықтың 

қасындағы  ақ  қобдида.  Біздіңше,  бҧл  –  ежелгі  мотивтің  сарқыншақ  тҥрі. 



 

553 


Ертегілерде  ондай  қымбат  нҽрсе  (алтын,  адамның  жаны)  ақ  сандық,  оның 

ішінде  кҿк  сандық,  оның  ішінде  қобдиша,  оның  ішінде  тағы  бірдеңе.  Міне, 

осындай  алуға  қиын  соғатын  бірнеше  кедергі  –  тар  кеңістікте  тығулыр 

болатын. Бҧл мотив жырда жеңілдетілген. 

«Тҧтқынмын,  мені  Ҽлібек  қашан  келіп  қҧтқарады?»  –  деп  мҧңайып 

отырған  Айман  жоқ.  Ол  ҿз  басының  бостандығын  ғана  ойлап  қоймайды. 

Оның кҿксегені – Кҿтібардан қҧтылып, Ҽлібекпен қосылу ғана емес, сондай-

ақ ҽкесі Маманды, сіңлісі Шолпанды, бҥкіл ауылын азат етіп, тыныштандыру 

бейбіт  ҿмір  орнату.  Осы  ойын  ол  бір-бірлеп  орындайды.  Ендеше  Айман 

бейнесі – қазақ қоғамында жаңадан кҿріне бастаған еркін де екпінді ҽйелдің 

образы деуге болады. Қазақ ҽйелі бҧрын да еркін болған, бірақ Айман секілді 

бҥкіл  ауыл-аймақтың  тағдырын  ойлайтын,  ойлап  қана  қоймай,  шешетін 

қуатты емес еді. Ең мықтағанда Кенжекей мен Қҧртқа сияқты кҥ йеуінің, 

отбасының қамын жейтін немесе Ақжҥніс пен Қарлыға тҽрізді жеке басының 

тағдырын ойлайтын еді. Міне, Айман бейнесінің басты ерекшелігі осында. 

Жырда  Айманнан,  Кҿтібардан  басқа  да  кейіпкерлер  бар.  Мысалы, 

Арыстан,  Ҽлібек,  Шолпан,  Маман,  Теңге.  Осылардың  ішінде  Арыстан  – 

тарихи  тҧлға, Кҿтібардың  туысы. Ҿмірде ол Кҿтібармен бірге елеулі тарихи 

оқиғаларға  қатысқаны  белгілі.  Бірақ  жырда  Арыстан  басқаша  бейнеленген. 

Ол Кҿтібардың кҿлеңкесінде қалып қойған. Рас, жыршы оны ағасына қарсы 

қоюға  тырысқан:  анда-санда  Кҿтібарды  қҧптамай,  оның  Маман  ауылын 

шабуына,  Айманды  тоқалдыққа  алуына  қарсы  болады,  қыздарға  жҽрдем 

береді.  Дегенмен  де,  ол  тегеуірінді  тҥрде  ашық  қарсы  келе  алмайды 

Кҿтібарға.  Онысы  тҥсінікті  де,  қай  қазақтың  баласы  ол  заманда  ҥлкенге 

қарсы  шығушы  еді?  Жалпы,  жырда  Арыстан  –  батыр  емес,  батырға  тҽн 

ешқандай  мінез  де  кҿрсетпейді,  ҽрекет  те  жасамайды,  оның  есесіне  ол  – 

сабырлы, ойлы адам, ағасына тоқтау айтып, сабырға шақырып отырады. Осы 

тҧрғыдан  келгенде,  Арыстан  байырғы  эпос  батырларының  қасында  жҥретін 

серігі, жолдасы рҿлінде кҿрінеді. 

Ҽлібек  те  –  бҧрынғы  батыр  емес.  Оның  қандай  екенін  тек  Айманның 

сипаттауынан білеміз. Шолпанға елге барарда ол Ҽлібекті «ер еді іші қатты», 

«асыл  тек»  деп  атайды.  «Айтыңыз  бізден  сҽлем  жездең  сорға»,  –  дейді 

Айман.  Осыған  қарағанда,  Айманның  қалыңмалы  тҿленіп,  ол  Ҽлібектің 

заңды  қалыңдығы  екені  аңғарылады.  Ҽлібек  болса,  тҧтқындалып  кеткен 

қалыңдығын Орынбордан келген бойда ести салып, дереу іздеуге шықпайды 

бҧрынғы  батырларша.  Ол  Шолпан  еліне  келіп,  жағдайды  айтқан  соң  ғана 

аттанады. «Ҽлібек мҧны естіп аттаныпты, Жар салып қатар ҿскен ерлеріне», 

–  делінеді  жырда.  Осыдан  кейін  ғана    Ҽлібек  жеті  жҥз  қол  жинайды,  бірақ 

бірден  шапқыншылыққа  аттанбайды,  Шолпан  айтқан  Айманның  ақылымен 

60  кҥн  тосып,  содан  соң  ғана  жорыққа  шығады.  Ол  Кҿтібардың  ауылын 

шапқан  шайқаста  айта  қалғандай  ерлік  те  кҿрсетпейді.  Жырда  ешбір  ҧрыс 

суреттелмейді. Тек қысқа қайырып, «Бес нарға 20 қыз мінгестіріп, Шектіні ер 

Ҽлібек  шауып  алды,  Таманың  сол  Шектіден  кегін  алды»,  –  деп  баян  етеді 

жыр. Сҿйтіп, Ҽлібек тҧтқынға тҥскен қалыңдығын азат етеді, соның ҿзінде де 

ол  Айманның  кҿмегіне  сҥйенеді.  Міне,  ежелгі  сюжет  жаңа  замандағы  лиро-



 

554 


эпикалық  жырда  жаңаша  баяндалып,  шешім  табады.  Шешімі  –  жігіт  пен 

қалыңдық қосылады, бірақ Кҿтібар бітіспес жау секілді ойран салмайды. Ол 

ҿзінің  кеңпейілді  болмысын  танытады  да,  Ҽлібек  пен  Айманның,  Арыстан 

мен Шолпанның қосылуына келісіп, бҽрі мҧратына жетеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет