Түс кӛру сарыны Жҥсіпке байланысты қолданылған
2
. Тҥс кҿру сарыны,
негізі, ежелгі дҽуірлердегі тағдырға мойынҧсынумен (фатализм) байланысты,
Кҿрген тҥстің орындалуынан қорқып, Жҥсіптің абыройы асқақтайтын болды
деген қызғанушылықпен ағалары оған зҧлымдық жасайды. Бҧл жағдайға, бір
жағынан, Жҥсіптің шешесінің бҿлектігі де ҽсер еткен, екіншіден, бір
отбасындағы бауырлардың кенже баланы қуғындау – ертегілік сюжет
бойынша енгізілген.
Ғайыптан туу сарыны Мҽриямға қатысты қолданылған. Мҽтінде:
«Мҽриям елінен айрылып, кҥн шығыс тарапына барып, ғҧсыл қҧйынбақ ҥшін
ҿзіне перде тҧтты. Сонда Алла тағала Мҽриямға Жебірейіл ғ.с.-ді жіберді.
Жебірейіл ғ.с. Мҽриямға жас жігіт бейнесінде кҿрінді. Сол кезде Мҽриям
қҧрсағына бала тҥсті. Сегіз ай толғанда Ғайса туды»
3
, – делінген. Мҽриям
баласын кҿтеріп, ҿз ортасына келгенде, олар кҥнҽмен атасыз баланы дҥниеге
келтірдің деп сҿгеді. Бірақ Қҧдайдың кҿмегімен дҥниеге келген бала бесікте
жатып, «Ақиқатта, мен Алла тағала қҧлы»
4
, – деп жауап береді. Баланың
қҧдіреттілігі осыдан-ақ кҿрінеді, ақырында, Хақ тағала Ғайса ғ.с.-ға ҿліктерді
тірілту қасиетін берді
5
. Бҧл орайда халық арасында ерекше қабілетті
адамдарды Қҧдайдың таңдаулысы деген сеніммен ежелгі дҽуірлердегі
ғайыптан туу сарыны, ғажайып сыйлық сарындары қолданылған. Мҽселен,
бір кездегі тарихи тҧлға – атақты Шыңғыс ханды да ғайыптан туу сарыны
бойынша таныған. Фольклорлық шығармалардан бҧл сарынның бірнеше
тҥрде ҿрбігенін кездестіруге болады.
Ал, шындығында, мҧсылман мифологиясының негізі Қҧран болғанымен,
оның ҿзіне дейін кең қанат жайған Кҿне ҿсиет пен Інжілдің ықпалы,
пайғамбарлардың бҽрі болмаса да, біразы тарихи тҧлға екендігі аян. Ал, Кҿне
ҿсиеттен бастап есімі қолданылған Авраам (Ибраһим), Исаак (Ысқақ), Иаков
(Жақып), Иосиф (Жҥсіп) пен оның ағаларының тарихи адамдар екендігін
дҽлелдеуге ешқандай дерек жоқ
6
. Діннің алғаш пайда болып, қалыптасуында
қызмет еткен пайғамбарлар ҿз елдерінде о баста аңыз жанрына кейіпкер
болса, бізге ҽбден діни сенімнің ыңғайымен ҿзгеріп, сюжеті кҿркемделіп,
хикаят тҥрінде жеткен. Ал, тарихи прототипі жоқ пайғамбарларды мифтік
кейіпкер деп тҥсінуге болғанымен, дерек сақталмаған деген пікірді де
ҧстанған жҿн болар. Мҧса пайғамбар туралы Рабғузи пайдаланған
фольклорлық сюжет Кҿне ҿсиетпен ҥндеседі. Кҿне ҿсиет бойынша
Моисейдің анасы оны сақтау ҥшін сандыққа салып, суға тастайды. Оны
фараон қызы тауып алып, оған ана болса да, сҽбиді емізетін – оның ҿз анасы
болып шығады. Баланың сандыққа салынып, сақталуы – фольклорлық
негізден туған сарын
7
. Рабғузиде бҧл сюжет дамытылған. Яғни перғауынның
1
Қараңыз: Киргизские народные сказки. Фрунзе, 1981; Ногайские народные сказки. М., 1979.
2
Рабғузи. «Қисса-сҥл-ҽнбийя-й». Астана, 2001. 82-б.
3
Рабғузи. «Қисса-сҥл-ҽнбийя-й». Астана, 2001. 171-б.
4
Рабғузи. «Қисса-сҥл-ҽнбийя-й». Астана, 2001. 172-б.
5
Рабғузи. «Қисса-сҥл-ҽнбийя-й». Астана, 2001. 173-б.
6
Рижский М.И. Книга Иова: Из истории библейского текста. Новосибирск. 1991. С. 151.
7
Фрэзер Дж. Фольклор в Ветхом Завете. М., 1989. С. 315.
305
ҽмірімен ҥйіне жаңа туған нҽрестені ҿлтіруге келген уҽзірлерден жасыру
ҥшін анасы Мҧсаны пешке тығып қойған. Ақырында, баланы пештен алып,
оның аман-есендігін кҿреді. Ал, Кҿне ҿсиетте Моисейді шешесі ҥш ай
жасырып ҧстап, ақыры, баланы ҿздігінен сақтай алмайтынын біліп, суға
тастағаны айтылған. Бҧл сюжетті Рабғузи Нҽзһҽтҥлму Жҽлис кітабынан
ҧсынған
1
. Оның айтуы бойынша, Лауһаның ҿтініші бойынша сандықшы
сандық жасап береді. Мҧса сол сандыққа салынған соң сандықшы бала
ҿлтірушілерге келіп, ҿзі білетін қҧпияны айтқысы келеді. Бірақ Алла
тағаланың қҧдіретімен сандықшы сҿйлей алмайтын болып қалады. Ҥйіне
қайтып келгенде, тілі ашылады. Ойлаған мақсатын жҥзеге асыру ҥшін тағы
барады. Бірақ сол кезде тағы да тілі байланып қалады, содан соң екі кҿзі
кҿрмейтін болды. Тек «Алла тағала кҿзімді кҿретін етіп, тілімді сҿйлетер
етсе, бҧл ер балаға жҽрдемші болармын. Ешкімге бҧл сырды айтпас едім», –
деген соң ғана жанары да, тілі де ашылған.
Ежелгі дҽуірлердегі аңыздауларға енген ғажайып сыйлық сарыны бір
Қҧдайға табынуға ҥндеген діни кітаптарда да жалғасын тапқан. Мҧның
дҽлелі – Ғайсаға ҿліктерді тірілту қасиеті болса, Мҧсаның қолының
қасиеттілігі жҽне оның кереметті асатаяғы
2
да осы сарынның жалғасы.
Мҧндағы ҿзгешелік – тотемдер мен аруақтар тарапынан жасалатын ғажайып
сыйлық діни мақсатқа бағындырылған. Мҧсаға байланысты бҧл сарын
Қҧранның 20-таһа сҥресінде де
3
айтылған ҽрі Кҿне ҿсиетте Моисейге
4
де
байланысты қолданылған.
Рабғузи, сондай-ақ, Қҧранда аталмаса да, мҧсылмандық мифологияда
кеңінен танымал Қызырға байланысты сюжеттерді кіріктірген. Атап
айтқанда: Кҥндердің кҥнінде Зҧлқарнайын патша ҿзінің дос періштесіне:
«Алла тағалаға қҧлдық қылмақ ҥшін мен ҧзақ ғҧмыр тілеймін», – деді.
Періште сонда: «Егер ҧзақ ғҧмыр тілесең, жер жҥзінің тҥн жағында,
қараңғылықта бір бҧлақ бар. Содан су ішкен адам ақырзаманға дейін ғҧмыр
кешер», – деді. Бҧл су Зҧлқарнайынға нҽсіп болмай, Қызыр ғ.с.-ға несіп
болып, сол суды ішті. Сҿйтіп, ақырзаманға дейін тірі болатын болды. Қызыр
ғалайһи-уҽссҽлҽм ҥнемі ғибадат ететін. Бір кҥні Ҽзірейіл ғалайһи-уҽссҽлҽм
жанын алуға келді. Қызыр пайғамбар қатты жылады. Сонда Ҽзірейіл ғ.с. «Ей,
Ілияс! Аллаға баруға неге жылайсың?» – деді. Қызыр: «Жоқ, ҿлсем табиғат-
ғибадаттан махрҧм болам ғой, басқалар ғибадат қылар!» – деді. Сол сағатта
Алладан хабар келді: «Қҧлым, Ілияс дҧрыс айтады. Біз оған ҧзақ ғҧмыр
бердік», – дегенде Ҽзірейіл ғ.с. ғайып болды.
Қызыр Ілияс ғ.с. бҥгінге дейін тірі. Қияметке дейін Алланың қҧлдарына
жҽрдем береді. Қызыр Ілияс ғ.с. далада адасқан адамдарды жолға салады.
Суға кеткен адамдарды қҧтқарады
5
. Қызыр туралы мҧндай тҥсінік кейінгі
кезеңде де жалғасын тауып, ел арасына кең тараған.
1
Рабғузи. Аталған еңбек. 121-б.
2
Рабғузи. Аталған еңбек. 127-134-б.
3
Қҧран Кҽрім. Қазақша мағына жҽне тҥсінігі. Медине, 1991. 313-б.
4
Мифы народов мира. М., 1988. Т.2. С.165.
5
Рабғузи. «Қисса-сҥл-ҽнбийя-й». Алматы, 2001. 154-б.
306
Жҥсіп-Зылиха сюжетін Рабғузи да пайдаланған
1
. Ҽрине, «Жҥсіп-
Зылиха» нҧсқаларында ҽр туындыгер ҿзіндік ерекшелік дарытқаны анық. Қҧл
Ҽли Жҥсіптің ҿз-ҿзінің сҧлулығына масайраған сҽттеріне мҽн берсе,
Рабғузиде ол жоқ.
Қҧран Кҽрімде Лҧқман сҥресі бар, бірақ Қҧранның тҽпсірін жазған
зерттеушілер оның пайғамбар емес, аса дана, тҽбип болған кісі, дҽрігер деп
жазады
2
. Қҧранда: «Сол уақытта Лҧқман ҿз ҧлына ҥгіт бере отырып: «Ҽй,
ҧлым! Аллаға серік қоспа! Кҥдіксіз ортақ қосу – зор зҧлымдық»
3
, – деп
айтқаны жазылған. Рабғузи Қҧрандағы бҧл уағызға қҧрылған ҽке ҿсиетін
сюжеттік тҧрғыда дамытқан. «Қисса-сҥл-ҽнбияны» оқи отырып, оны жазу
барысында Рабғузидың қолында кҿптеген еңбектер мен ауызша жиналған
фольклорлық мҽтіндердің болғанына кҿз жеткізуге болады. Соның бір дҽлелі
– Лҧқман есіміне арналған қиссаны ҧсынғанда «кейбіреулер айтады» деп,
дидактикалық мағынадағы фольклорлық сюжеттерді алға тартқан
4
.
Ол: Лҧқман ғ.с. бір аймаққа сапар шекпекші болып, ҧлына ҥш ҿсиет
айтты. 1. Сырыңды ҽйеліңе айтпа; 2. Жаңа байдан қарыз алма; 3. Сырын
алмай, дос болма.
Хакімнің ҧлы да хакім еді. Атасының ҿсиетін тҽжірибе қылмақшы
болып, бір кҥні сахарадан ҿзінің қойларынан бір қойды бауыздап, етін
пісіріп, қапқа салып, ҥйіне алып барды. Қаптың аузын бекітіп байлады. Жаңа
байдан борыш алды. Шаһар хакімінің жақын біреуіне достық кҿрсетті.
Ҥйге келген соң ҽйелі қаптың аузын аша алмай, еріне: «Бҧның ішінде не
бар?» – деп сҧрады. Сонда ол: «Ей, менің сҥйікті сҧлуым! Сахарада бір
адаммен сҿзге келісе алмай, ақыры, ҿлтіріп алдым. Сен ешкімге айтпа, саған
ғана айтқаным!» – деді. Бір-екі кҥн ҿткен соң ол ҽйелімен сҿзге келісіп,
басынан ҧрып жіберді. Ҽйелі дереу қарауыл шақырып: «Менің ерім ҽнеугҥні
біреуді ҿлтірген, бҥгін мені ҿлтіргелі жатыр», – деді. Халық жиналды. Бҧл
хабар шаһар бастығына жетті.
– Кім барып, Лҧқман ҧлын алып келеді, – деді қала бастығы. «Мен!» –
деді Лҧқман ғ.с. ҧлынан достық кҿрген жігіт орнынан атып тҧрып. Ол барып:
«Жҥр, сен кісі ҿлтіргенсің, хакім шақырады!» – дегенде, Лҧқман хакімнің
ҧлы: «Ҽй, досым! Мені жібер, қашайын», – деді. Оған болмады, жолға алып
шықты. Жолда мҧны жаңа бай кҿріп, борышымды беріп кет деп жабысты.
Борышын берді. Хакімге жетті. Ол: «Ҽй, Лҧқман хакімнің ҧлы, ҿлтірген
адамың ҥшін ҿзің де сондай сазайыңды тартасың», – деді.
Лҧқман хакімнің ҧлы: «Мен шариғат не бҧйырса, соған разымын. Ҿлген
кісінің қандай жарақаты болса, мені онан да артық жарақаттап,
жазалаңыздар», – деді. Қарауылдар қапшықты ҽкеліп, кҿптің кҿзінше ашса,
пісірілген бҥтін қойдың еті шығады. Таңқалған елге Лҧқман хакімнің ҧлы
ҽкесінің ҿсиетін сынамақ ҥшін істегенін айтып береді»
5
, – деп баяндалған.
1
Сонда. 81-107-беттер.
2
Қҧран Кҽрім. Қазақша мағына жҽне тҥсінігі. Медине. 1991. 412-б.
3
Қҧран Кҽрім. Қазақша мағына жҽне тҥсінігі. Медине. 1991. 412-б.
4
Рабғузи. Қисса-сҥл-ҽнбийя-й. Астана, 2001. 162-б.
5
Сонда. 163-164-беттер.
307
Мҧндай сюжеттің тууына аңыздауларға арқау болған ҽке сҿзін
тыңдамай, тыйымды бҧзып, кейіпкердің қиын жағдайларға тап болу сарыны
себеп болған. Тек мҧндағы айырмашылық – Лҧқман хакімнің
данышпандығын кҿрсету ҥшін бағытталған. Ҽйелге сенімсіздік таныту, бай
адамға деген кҿзқарас таптық дҽуір мен патриархат салтына сай жасалған
ерекшелік.
Ал, 1370 жылдары қыпшақ ақыны Хҧсам Кҽтиб жазған «Жҧмжҧма
сҧлтан» поэмасында жаһаннамдағы азапталушылар суреттелген. Бҧл
поэманың бас кейіпкері – Жҧмжҧма сҧлтан (Жҧмжҧма – парсы тілінде бас
сҥйек деген сҿз). Поэманың сюжеті – Ғайса пайғамбар кеудесі жоқ, қу басты
кҿріп, оның тірлігінде қандай болғанын, не ҥшін мҧндай кҥйге тҥскенін білу
мақсатымен Қҧдайдан оны сҿйлетуді сҧрайды, кесік бастың ҽңгімесі
бойынша ол бҧрын пҧтқа табынушы болған, бақ-дҽулеті тасыған сҧлтан
ғашықтықпен отырғанында қызметшісі келіп, бір мҥскіннің қайыр сҧрап
тҧрғанын айтады. Жҧмжҧма сҧлтан «осы қайыр беретін уақыт па?» деген соң
қызметшісі шығып кетіп, мҥскінге қатты сҿйлеген. Содан мҥскіннің кҿңілі
жығылып, кетіп қалады. Қатесін кеш тҥсінген Жҧмжҧма оны қанша іздетсе
де, таба алмайды. Бір кҥндері моншада жуынып тҧрғанында Жҧмжҧманың
басы айналып, бойынан ҽл кетеді. Ешқандай емші оны емдей алмайды. Бір
кҥні бір қолында сҥңгі, екінші қолында ыдысы бар Ҽзірейіл келеді.
Жҧмжҧманың кеудесіне сҥңгінің ҧшын қойып, ыдыстағыны ішкізгенде оның
жаны шығады. Осыдан кейін Жҧмжҧманың кҿрген азабын баяндау,
жаһаннамдағы ҽр қауымның ҽрқайсысына жеке-жеке тоқталып, тірлікте
адамгершілікке жат істері ҥшін жеті қабатты тозаққа сипаттама беру –
автордың мҧсылмандықты насихаттау мақсатынан туған. Сол ҥшін
шығарманың сюжеті мҧсылмандық мифологияға сҥйеніп жасалған.
Шындығында, кесік бас сарыны ҽлемдік фольклорда да (орыстың
«Колобок» ертегісі, т.т.), ҽлемдік ҽдебиетте де (Данте «Тҽңірі комедиясы»,
т.б.) бар. Ал, Хҧсам Кҽтибтен бҧрын Жҧмжҧма есімімен байланыстырылған
қу бас сарыны ХІІ ғасырда атақты парсылық ақын Фарид-ад-дин Аттардың
«Жҧмжҧма дастаны» болған. Ф.Аттардың да, Х.Кҽтибтің де шығармалары
бір сюжетке қҧрылған. Екеуінің айырмашылығы – кҿлемде, алғашқыда – 87
бҽйіт те, екіншісінде – 293 бҽйіт. Х.Кҽтиб жаһаннамды суреттеуге кең кҿңіл
бҿлген.. Қазақ фольклорында Хҧсам Кҽтибтің шығармасы негізінде туған
дастандар баршылық
1
. Мҽселен, В.В.Радловтың «Образцы народной
литературы тюркских народов, живущих в южной Сибири и Дзунгарской
степи» жинағында басылған. Жалпы, Х.Кҽтибтің бҧл шығармасының
ҽсерімен туған дастандар да бар.
Татар фольклорындағы кесік бас сарынын пайдаланған дастандарға дию
араласқан. Ол Жҧмжҧманың ҧлын жеп, ҿзінің бҥкіл денесін жеп, басын ғана
қалдырған да, ҽйелін қҧдыққа алып кеткен.
Қу бас болып жатқан Жҧмжҧмаға Ғайса кездесіп, оған Қҧдайдан жан
1
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских народов, живущих в южной Сибири и Дзунгарской
степи. СПб., 1870. ч.ІІІ. С.680-692.; Қисса-и Жҧмжҧма (ел аузынан жинап, 1881 жылы Қазан қаласында
жарыққа шығарған Мҽулекей Жҧмашҧлы) // Бабалар сҿзі. Астана, 2002. 2-т.31-47-б.
308
тілейді жҽне оның ҽйелін босатады. Сҿйтіп, ол дастандарға хикаялық,
ертегілік сарындар қосылған. Ал, Хҧсам Кҽтиб шығармасына диюдің орнына
Ҽзірейілдің енгізілуі оның мҧсылмандық мифологияны берік ҧстанғанын
дҽлелдейді. Бҧл сюжеттегі қу бас сарыны ежелгі дҽуірлердегі бас сҥйегін
фетиш ретінде бағалаған сарыннан бҿлек. Ҿйткені, ежелгі дҽуірлердегі
шығармаларда бас сҥйегінен жасалған ҧнтақты жеп, қыздың жҥкті болу
1
,
кейіпкерге жол кҿрсететін адамның бас сҥйегі
2
сарыны бар. Ал Х.Кҽтибтің
шығармасындағы қу бас кінҽлі жанның қу бас болып қалғанын ҽжуалайтын
сипат байқатады. Ол мҧсылман идеологиясына орайластырылған.
Алтын Орда ханы Жҽнібектің ҽкімдерінің бірі Мҧхаммед Қожабектің
тапсыруымен 1353 жылы Хорезми (лақап ат) «Мҧхаббатнаме» поэмасын
жазған. Оның композициялық қҧрылымы жігіттің қызға жазған 11 хатынан
тҧрады. Ғашықтықты жырлаған бҧл шығармада:
Жҥзіңіздің сҽулесі – жҧмақ бағы
3
;
Алма бетің – жҧмақтың гҥлдеріндей
4
;
Ей, бойың сенің тоба ағашының бҧтағындай
5
;
Оқтай мҥсініңе жҧмақ ағашының бҧтағы да басын иер
6
, –
деген жолдар мҧсылмандық мифологиядағы жҧмақ туралы ойлардан бастау
алған. Мҧсылмандық мифология бойынша, жҧмақтың саялы бағы бар, оның
ағаштары гҥлдеп тҧрады. Ал,
Шашыңның бір талына мың хор қызы жетпес
7
;
Жҥзіңнен жасырынып хор қызы жҧмақта тҧр
8
, –
деген жолдарда тілге тиек болатын мифтік кейіпкерлер хор қыздары –
жҧмаққа жіберілген ең ізгі ниеттілерге бҧйыратын қыздар. Хорезми
шығармасында ғашық жігіттің ҿзінің сҥйікті қызын хор қыздарынан артық
етіп кҿрсетуі кҿркемдік тҽсіл мақсатынан туған.
Кҥн сайын жҥзін бҧрар кҥн қақпаңа
Жамалың салды Жҥсіпті қҧдыққа...
9
Жҥсіптің жамалын сізге берді
10
, –
деген жолдардағы есімі аталатын Жҥсіп – сҧлулықтың символы.
Мҧсылмандық мифологияда Хақ тағала сҧлулықтың жҥз тҥрін жаратыпты.
Хауа анаға сҧлулықтың тоқсан тҥрін берсе, Жҥсіпке тоқсан тоғыз тҥрін
дарытыпты деп айтылады.
1341-1342 жылдары Қҧтып жазған «Хҧсрау-Шырын» поэмасы екі
1
Череп// Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972. С.144-145.
2
Бай мен баласы // Ертегілер. Алматы, 1988. 3-т. 248-б.
3
Оғыз-наме. Мҧхаббат-наме. Алматы, 1986. 97-б.
4
Сонда. 115-б.
5
Сонда. 96-б.
6
Сонда. 100-б.
7
Сонда. 95-б.
8
Сонда. 102-б.
9
Сонда. 106-б.
10
Сонда. 114-б.
309
жастың сҥйіспеншілігі, ғашықтығы, ізгілік пен адамгершілікті ҥлгі етеді.
Мҽтінде біршама мақал-мҽтел енгізілген. Атап айтқанда, «кісіге ор қазба,
ҿзің тҥсерсің», «асығыстың арты – ҿкініш», «ҿз қолын шанша алмас,
жҥрексінер», «сабырмен тілекке жетсе болар, темірді ақырындап исе болар»,
«не істі қылсаң да, ҿз халіңе шақта», т.б.
Фольклорлық туындыларда ҽке мен бала бір-бірін танымай соғысуы, ҿз
шешесіне немесе ҿгей шешесіне ғашық болу сарындары бар. Бірақ Қҧтыптың
«Хҧсрау-Шырын» поэмасындағы Шеруя образы тарихи нақтылықтан
алынған. Ҽкенің хан тағы ҥшін адамшылыққа жат ҽрекеттер Алтын Орданы
билеген Жошы хан ҧрпақтары арасында орын алған. Низамидің «Хҧсрау-
Шырын» поэмасын аударған Қҧтып Қыпшақ даласында орын алған
жағдайларды, т.б. ерекшеліктерді енгізе отырып, ҿзіндік тың туынды
ҧсынған.
Қайқаус 63 жасында ҿзінің ҧлы Гиланшахқа арнап жазған «Қабуснама»
(1082-1083 ж.) атты дидактикалық шығармасында Ескендір Зҧлқарнайын
туралы ғибрат тҧтар аңыз бар. Ол мҽтінде Ескендір Зҧлқарнайынның ҿлер
алдында айтқан ҿсиетін баяндап: «Мені табытқа салып, оның бір жағын
тесіп, қолымды шығарып, алақанымды ашық кҥйінде қойыңдар», – деген
сҿзін тҥсіндірген. – Жалпы жиналған жҧрт кҿрсін. Бҥкіл дҥниені билесем де,
дҥниеден қолым бос кетіп бара жатыр... Иелендік, ҽурелендік, бірақ қолда еш
нҽрсені де ҧстап тҧра алмадық
1
, – деген аңыз ҽлі кҥнге дейін қолданыстан
шыққан жоқ. Ал, «Қабуснаманың» 31-тарауында сатиралық ертегі берілген.
Сол ертегі бойынша жҧрттан асқан ғалым, алдын болжай білетін іскер адамға
біреу келіп, шағым жасайды. Қазы шағым жасаушының қарсыласын
шақырып, куҽ бар-жоғын сҧрап, біледі де:
«Сен ділдҽні берген кезіңде қайсы жерде отырған едің?» – деді. Дау иесі
«Пҽлен дарақтың астында отырған едік», – деді.
Қазы: «Не себепті куҽлерім жоқ дейсің?», – деп, қазы (дау иесінің
қарсыласына қарап): «Сен осы жерде отыр», – деді, дау иесіне «Тез бар да,
дараққа айтқын, қазы сені менің алдыма келіп, куҽлік берсін», – деді.
Қарыздар бҧл сҿзді естіп, білдірмей, миығынан кҥлді. Дау иесі: «Ей, қазы,
дарақ менің айтқан сҿзіме келмесе не істеймін?» – деді. Қазы «менің мҿрімді
алып бар да, дараққа айтқын, «бҧл – қазының мҿрі: қазы маған тапсырды,
келуің қажет, бҧл жайлы кҿрген істеріңді баяндайсың деп айтқын», – дейді.
Дау иесі қазының мҿрін алып, дараққа қарай тартты. Қарыздар қазының
алдында қалды. Қазы басқа адамның дауымен шҧғылданып, қарыздарға
қарамады. Біраздан соң қазы қарыздарға қарап: – Жаңағы дау иесі дарақтың
жанына барып жетті ме екен? – деді. Ол «жеткен жоқ» деп жауап берді. Қазы
басқа даумен шҧғылдану ісін жалғастыра берді.
Дау иесі дарақтың қасына барып, қазының мҿрін кҿрсетіп: «Ей, дарақ,
сені қазы шақырып жатыр», – деді, біраз кҥтіп тҧрды. Дарақтан ешқандай
жауап есітпей, қапаланып қайтты. Қазының алдына келіп: «Ей, қазы, дараққа
мҿріңді кҿрсетіп шақырғаныммен ол келмеді», – деді. Сонда қазы: «Сен
1
Қайқаус. Қабуснама. Алматы, 2003. 89-б.
310
білмедің, дарақ келіп, куҽлік беріп кетті», – деді. Сонан соң қазы дау иесінің
қарсыласына қарап: – Егер алтының болса, алған алтыныңды қайтар, болмаса
кҽнизҽкті сатып, қарызыңнан қҧтыл, – деді. Қарыздар: «Ей, қазы, мен
қасыңда отырмын, ешқандай дарақ келіп, саған куҽлік берген жоқ қой», –
деді. Қазы: «Егер сен бҧл адамнан алтын алмаған болсаң, неліктен мен сенен
дау иесі дараққа жетті ме екен деп сҧрағанымда сен «жеткен жоқ» деп жауап
бердің. Сен неге: «қайсы дарақ, дау иесі қай жаққа кетті? Мен оны
білмеймін» деп жауап бермедің?» – деді. Қазы қарыздарды мойындатып,
алған алтынын дау иесіне ҿндіріп берді. Даулы мҽселені шешу ҥшін дарақты
куҽлікке пайдаланған сатиралық ертегінің сюжеті тҥркі халықтарының
фольклорында да кездеседі.
Орта ғасырларда Дешті Қыпшақ елінің ҥстемдігін айғақтайтын ҽдеби
жҽдігер – «Кодекс Куманикус». Ол Жоңғар Алатауынан бастап Дунай
ҿзеніне дейінгі аралықты билеген қыпшақтардың тілін ҥйреніп, рухани
мҽдениетінен хабардар болғысы келген европалықтар ҥшін арнайы мақсатта
жазылған. Ол, сондай-ақ, латын тілін, сол арқылы европалық тілдерді
ҥйренгісі келетін қыпшақтар мен парсыларға да қажет болады деген ойды
кҿздеген.
Қолжазба 82 парақ – 164 бет, еңбектің авторы мен жазылған жері
белгісіз, ол Венециядағы Марк Ҽулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
Бірінші бетінде 1303 ж. деген жазуы бар. Тҥркітанушылар 1294 ж. жазылып,
бірінші кҿшірмесі 1303 ж. жасалған деп есептейді. Ол Дешті Қыпшақта
немесе Қырымның Солхат қаласында жинастырылып, бір ізге тҥсірілген.
Қолжазба екі бҿлімнен тҧрады. Бірінші бҿлімде ҥш бағана етіп
латынша-парсыша-куманша сҿздік берілген, оны итальяндықтар жазған деп
болжау жасалады. Ал, екінші бҿліміне фольклорлық мҧралар енген, олар –
ертегі, мақал-мҽтелдер, жҧмбақтар, христиан діни уағыздары, Мария Ана,
Христос пен оның апостолдары туралы ҽпсана-хикаяттар, бҧл бҿлімді
немістер миссионерлік мақсатта жазған
1
.
Кодекс Куманикуста 47 жҧмбақ бар, олардың кҿпшілігі қазақ
жҧмбақтары. Мҽселен,
Ішер, жер, ініне кірер (Пышақ).
Буы бар да, ізі жоқ (Кеме).
Ерте тҧрдым,
Алып ҧрдым (Есік).
Белдеуде бес ат,
Бесеуі де қасқа ат (Бес саусақ).
Сонымен қорыта айтқанда, Алтын Орда дҽуірі аталғанымен, тҥркілердің
саясатта да, т.б. маңызды салаларда ықпалды болуына орай Дешті Қыпшақ
атын сақтаған елдің ҽдебиетінде де тҥркілік рух ҥзілген жоқ. Ал, жазба
мҧралардағы фольклордың қолданысы олардың пайда болған мезгілін емес,
1
Каскабасов С. Золотая жила. Астана, 2000. Ч. 2. С.102-103.
311
халық арасында кемелденген тҥрге жеткенін аңғартады. Бҧл кезеңде, сондай-
ақ, мҧсылмандық діннің қазақ жеріне терең бойлауына байланысты
хикаяттар жанры дамып, кҿркемделген сюжеттер қалыптасты. Жҽне
мҧсылмандық дінді ҿзек еткен мифология санаға сіңісті болды, соның ҿзінде
ғажайып сыйлық сарынының қолданысын зерделегенде ежелгі дҽуірлердегі
сарындардың ҿзгеріспен пайдаланылғаны белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |