Бақсы ойыны. Бақсының ойыны белгілі бір ғҧрыптарды атқару ҥшін
ҿткерілген. Ең негізгі себеп, ҽрине: сырқат адамды емдеу. Бақсы ешқашанда
ҿздігінен жҥріп, не сҧранып, кісі емдемейді, ҥйінде сырқат бар адамның
ҿтінішімен ғана келеді.
Ҽрбір ақын-жыраудың ҿзіндік ерекшелігі болатыны сықылды, ҽр
бақсының да ҿзіне тҽн ойын ҿрнектері, емдеу тҽсілдері болған. Бірақ
сонымен бірге ойын ҿткерудің де, кісі емдеудің де жалпыға ортақ нақты
ғҧрыптарға негізделген тҽртібі бар. Бақсы ойынына басы бҥтін сахналық
шығарма, немесе қойылым ретінде қарайтын болсақ, кез келген басқа ҿнер
дҥниесі секілді оның да белгілі бір заңдылықтарға бағына отырып, ҿрбитін
сюжеттік желісі мен композициясы болатынын кҿрмеу мҥмкін емес.
Бақсының ойыны, ҽдетте, тҧрақты канондардан тҧрады. Ойын кезінде
атқарылатын рҽсімдер мен жоралар белгілі бір ғҧрыптар тҿңірегіне
шоғырланған. Ол ғҧрыптар қалай болса, солай атқарылмайды, бірінен соң
бірі келетін арнайы тҽртібі, ауқымы, мҿлшері бар. Сол тҽртіп, сол ауқым, сол
мҿлшерді негізге ала отырып, ҽр бақсы «дарын мҥмкіндігіне, актерлік
қабілетіне, психикалық ерекшелігіне, қиял байлығына қарай»
2
бҧрыннан
қалыптасқан, дҽстҥрлі канондарға болар-болмас вариациялар жасап отырады.
Қаламының ебі бар бақылаушылар мҧны ерте бастан-ақ байқап: «Бақсылық
ойын процесінің варианттары онша кҿп болмайды»
3
, «Бақсыға емделгісі
келетіндер кҿп жҽне ҽрбір ем сайын аздаған айырмашылықтар болмаса,
бҽзбір рҽсімдер қайталана береді»
4
, – деп жазған. Егер мҧны қарапайым
тілмен айтар болсақ, бақсы атаулының ойынында ортақ желі бар жҽне ҧқсас
іс-ҽрекеттер ҥнемі қайталанып отырады деген сҿз. Ендеше қол жеткен
деректерді тиісінше пайдалана отырып, бақсы ойынының реконструкциясын
біршама толық жасауға ҽбден болады.
Бақсының ойыны міндетті тҥрде ҥй ішінде ҿткерілетін (далада, ашық
аспан астында ойын ҿткізілгені жҿніндегі дерек кездеспейді). Ойынды кҿруге
ҥлкен-кіші, ҧрғашы-еркек деп бҿлінбей, тҥгел қатыса беретін. Бірақ ол ҥшін
балиғатқа толған жастар мен ҥлкендер жағы тазаланып келу шарт
5
.
Бақсы біліп қояд деп,
Дҽретін жҿндеп алады
6
.
«Дҽрет алу» шамандықтың мҧсылмандықпен астасқан бір қыры екендігі
даусыз. Мҧсылмандық жетпеген Сібір шамандығында мҧндай рҽсім
болмаған. Кҿрермендер ҥй ішін шыр айнала отыратын. Сыймағандар
жабықтан сығалап, қызықтайтын. Бақсының ойыны ҿзінің атынан да кҿрініп
1
Георги. Описание всех обитающих в Российском государстве народов. СПб., 1776. С. 140.
2
Новик Е.С. Обряд и фольклор в Сибирском шаманизме (Опыт составления структур). М., 1984. С. 60.
3
Ястребов М. Киргизские шаманы (Отрывок из записной книжки) // Москвитянин. 1851. Кн. I. № 7. С. 309.
4
Новолинеец А. Чары шамана в киргизском ауле // Оренбургские губернские ведомости. 1848. № 25.
5
Диваев А. Из области киргизских верований: Баксы, как лекарь и колдун (этнографический очерк) //
Известия общества археологии, истории и этнографии. Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. С. 315.
6
ОҒК қолжазба қоры. 1081-бума, 7-дҽптер.
174
тҧрғандай, кішігірім театрдың немесе цирктің қызметін атқаратындықтан
оған қатысушылар бақсыға болысып, жын қуу ҥшін ғана келмейді, барды-
жоқты жақсысын киініп, кҿңіл кҿтеру ҥшін де жиналған. Мҧнда ҽртҥрлі
эротикалық қимылдар да кҿрсетілетіндіктен (айталық, кейбір бақсы
жолбарыс болып арқырап, ҽйелдердің ҥстіне асылатын немесе олардың ҧятты
жеріне қол жҥгіртетін), бай-мырзалар ондай жерге бойжеткен қыздарын
жібермеуге тырысатын. Ойын, ҽдетте, кешқҧрым басталатын. Оған дейін
бақсы арнайы даярланған дҽмге отырады.
Бақсы ойынының іңірге қарата ҿткерілуінің себебі мынада. Жындар
ҿмірі адамзат ҿміріне қарама-қайшы бағытта дамиды деп саналған. Адамның
тіршілігі, қарекеті жарық дҥниеге қатысты болса, жындардікі, керісінше,
қараңғылық ҽлеміне байланысты. Жындар кешке қарай қимыл-қозғалысқа
тҥсіп, адамдарға деген қастандық ҽрекетін кҿбінесе тҥнгі уақытта іске
асырады. Яғни шаманизмге тҽн жалпы сенім бойынша, жындар тҥнде
жортып, кҥндіз тынығады. Сондықтан Азияның, Африканың, Австралияның,
Солтҥстік Американың байырғы халықтарындағы бақсы (шаман) атаулы
жындармен негізінен тҥнге қарай алысады.
Бақсы ойыны ҿткеріліп жатқан ҥйде ошақта жанып жатқан оттан ғана
кҿмескі сҽуле шашырайды
1
. Ошаққа қазан кҿтерілсе, астындағы отқа кетпен,
кҥрек немесе басқадай темір заттар тасталып қыздырылатын.
Жын келгенде кҥркіреп,
Қызып тҧрсын дайын деп,
Отқа темір салады, –
деген ҿлең жолдарында да отқа темір салу рҽсімі анық кҿрінеді.
Қыздырылған темір ҽлтаман бақсы ойыны кезінде қажет. Одан басқа
нҽрселер де даярланатын.
Бақсы ойынына жҧрт жиналып болған соң есік жабылып, тҧтқасы
жіппенен байланып тасталатын. Оның себебі бақсыны жындары қысқан
кезде қаскҿй зиянкестер сырқаттың жанын есіктен ала қашуы мҥмкін деп
саналған
Достарыңызбен бөлісу: |